ДМ-нің төртінші кезеңі. Науқаста анықталған ерекшеліктермен алынған мәліметтерді
интеграциялау. Бұл сатыда - нақты бір науқасты емдеу үшін ғылыми
зерттеулердің нәтижесін қолдану және ДМ-нің негізгі ерекшеліктері берілген.
Біріншіден, ДМ-де осы емдеуді қолданудың тиімділігі нақты бір науқас
дәрігердің іс-әрекетінен пайданы сезіну мүмкіншілігіне (әсердің көлемі) назар
аударылады. Тиімділік өлшемі көрсеткіштерінің ішінде үш негізгі индексті
және
мүмкіншілік
қатынасы
(odds
ratio)
көрсеткішін
ажыратамыз:эксперименттік топтағы мүмкін болатын оң нәтиженің бақылау
тобының мүмкін болатын оң нәтижесіне қатынасы немесе біздің ұтқан
санымыздың ұтылған санымызға қатынасы. Клиникалық зерттеу жағдайында
өлім ұтылысты білдіреді, ал өмір-ұтыс.
Екіншіден, осы тиімділік науқас үшін қаншалықты қажет және зерттеу
барысында алынған нәтиже дәрігер алдын алмақ болған нәтижесіне сәйкес пе?
Осыған байланысты, ДМ-де шынайы және суррогат нәтижелерге барынша
назар аударылады. «Суррогат нәтиже» - деп шынайы нәтиженің даму қаупін
тудыратын факторлар болып табылатын, физиологиялық немесе биохимиялық
көрсеткіштерді айтады.
D.Sackett өзінің әріптестерімен кез келген клиницист қолдана алатын
жобаны ұсынды. Бұл әдіс бірнеше қарапайым қадамдардан тұрады:
1.
Науқастың қалауын анықтау. Бұл сатыда науқас емдеу нәтижесінде
қандай пайда алып, қандай шығынға ұшырайтындығын қай дәрежеде
бағалайтындығы анықталады. Салыстырмалы бағалау үшін 1 – толық дені
сау, ал 0 - өлімді білдіретін визуальды сәйкес шкала қолданылады.
2.
Мүмкін болатын пайданың мүмкін болатын зиянға қатынасы есептеледі,
яғни осы науқаста емнің пайдасы зиянынан жоғарырақ болуы керек.
Ғылыми зерттеу нәтижелерін қолдану: - осы науқастың жағдайына байланысты толық қолдану;
- кейбір кері көрсеткіштердің болуына байланысты бөліктік (бөлшектеп)
қолдану;
- зерттеу тек ғылыми мақсатта ғана қолданылуы мүмкін;
- зерттеу науқасқа зиянды болуына байланысты қолдануға жарамсыз.
34
Бұл кезеңді клиникалық практикада қолдану кейде қиынға соғады, өйткені
дәлелді медицина принциптерін клиникалық тәжірибеде қолдану тек болжам
ретінде.