Р. Әлмұханова, Е. Раушанов, Е. Омарханов Қазақ Әдебиеті



Pdf көрінісі
бет54/76
Дата15.11.2023
өлшемі7,03 Mb.
#122809
түріОқулық
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   76
Поэмалары
Ақын Қадыр Мырза Әли қазақ поэмасының жанрлық тұр-
ғыда дамуына үлкен еңбек сіңірген. «Қызыл кітап» (1986) атты поэмасы – 
бүкіл адамзатты ойландыратын философиялық туынды. Осы поэмасы ар-
қылы ақын адамдарды табиғатты аялауға, жер шарын экологиялық апат-
тардан сақтауға, ойлануға, теріс әрекеттерден сақ болуға үндейді. 
«Заман-ай» (1997) поэмасында қазақ халқының кеңес өкіметі жылда-
ры бастан кешкен тарихы ақындық әрі азаматтық рухта жырланған. Поэ-
ма 1917 жылдан бастап еліміз тәуелсіздік алғанға дейінгі аралықты тұтас 
қамтиды. «Бес жыл өткен соң» атты поэмасы 1997 жылы жазылған, еліміз 
тәуелсіздік алған алғашқы жылдары экономиканы нарықтық жүйеге түсі-
ру оңай болған жоқ, түрлі қиындықтар болғаны рас. Ақын осындай сын 
кезде кейбіреулердің қулық, арамдықтарын әшкере етіп, халықтың әбден 
күйзелгенін жырлаған. 
«Ақырзаман», «Көкейкесті», «Ғадауат ғасыры» арқылы халықтың өт-
кен тарихына көркемдік шолу жасаған. «Ақырзаман» поэмасында қазақ 
халқының орыс мемлекетіне бодан болудан шеккен қиын тағдырын батыл 
суреттеулермен жеткізген. «Ғадауат ғасыры» атты поэмасында «залым ға-
сыр», «қиянатшыл ғасыр», «қатал ғасыр», «керең ғасыр», «күнәлі ғасыр» 
деген эпитеттер қолданса да, ақын бұл поэмасын оптимизммен «Той болып 
кел, келешек, ұлан-асыр» деп түйін жасаған. 
Драматургиясы.
Қадыр Мырза Әлидің «Әмір Темір», «Жаралы жолба-
рыс» атты драмасы, «Мың бір мұң» атты трагедиясы, «Cақал саудасы», 
«Түрт, сайтаным, түрт!» атты комедиялары, «Отырар ойраны» (Ә.Хасе-
новпен бірге жазылған), «Төле би» (Әкім Таразимен бірлесіп жазылған) 
атты либреттолары – қазақ драматургиясына қосылған сүбелі көркем 
туындылар. 
«Жаралы жолбарыс» драмасының бас кейіпкері – батыр, ақын, XIX 
ғасырдағы Ресей патшалығының отаршылдығына және Жәңгір ханға қар-
сы қазақ халқының көтеріліс басшыларының бірі – Махамбет Өтемісұлы. 
Драманың соңғы, алтыншы көрінісінде басы шабылған Махамбет тіріліп, 
қайтадан Баймағамбет сұлтанмен беттеседі. Осындай көркемдік шешім 
жасай білген ақын Махамбетке: 
Қателеспе, нарқоспақтың баласы!
Бітпек емес хан мен халық таласы.
Мен өлгем жоқ!
Басым шауып алғанмен,
Қайта туар мені қазақ даласы!


194
Бүгін сенің,
Ажыратып мені елден,
Күнің шығар қуанышқа кенелген.
Басым менің бөлінгенмен кеудемнен,
Мен емеспін!
Мен емеспін!
Сен өлген! – 
дегенді айтқызады. Ақынның көркемдік шешімді осылайша батыл беруі 
оқырманның ойына да тың серпін дарытты. 
«Әмір-Темір» поэмасында Әмір Темірдің Алтын Ордаға, Иранға, Кавказ 
елдеріне, Түркияға, Үндістанға, Кіші Азияға жасаған жорықтары туралы 
айтылады. 
СӨЗДІК


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет