«ҚР Қылмыстық құқығы» (ерекше бөлім) Тақырып 15 мемлекеттiк қызмет пен мемлекеттiк басқару


Мемлекеттiк қызмет пен мемлекеттiк басқару



бет2/4
Дата26.04.2022
өлшемі29,45 Kb.
#32313
түріСабақ
1   2   3   4
2. Мемлекеттқызмет пен мемлекеттiк басқару
мүдделерiне қарсы сыбайлас жемқорлық құрамдары


Пара алу (366-бап)


Қылмыстың объектісі мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделері
Объективтік жағы әрекетпен істеледі. Әрекет – жеке өзі немесе делдал арқылы пара алу.
Құрамы: формальды
Субъективтік жағынан тікелей немесе жанама қасақаналықпен істеледі.

Субъектісі 16 жасқа толған есі дұрыс жеке тұлға, тек қана арнайы субъект – Мемлекеттiк
функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адам не оған теңестірілген адам/жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адам/лауазымды адам/шет мемлекеттің немесе халықаралық ұйымның лауазымды адамы.

Пара беру (367-бап)
Объектісі: Мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделері
Объективтік жағы әрекетпен істеледі. Әрекет – жеке өзі немесе делдал арқылы пара беру.
Құрамы:формальды
Субъективтік жағынан кәнінің нысаны - тікелей қасақаналық.

Қылмыстың субъектісі 16 жасқа толған есі дұрыс жеке тұлға.

Парақорлыққа делдал болу (368-бап)
Қылмыстың объектісі мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделері
Объективтік жағы. Әрекет – пара алушы мен берушінің өзара келісімге келуіне жәрдемдесу; пара алушы мен берушінің өзара келісімді іске асыруына жәрдемдесу
Құрамы: формальды

Субъективті жағынан қасақаналықпен істеледі.
Субъектісі 16 жасқа толған есі дұрыс жеке тұлға.

Қызметтiк жалғандық жасау (369-бап)
Объектісі Мемлекеттік органдар мен жергілікті өзінөзі басқару органдарының қалыпты
қызметі. Қылмыстың заты: ресми құжаттар.
Объективтік жағының құрылымы боынша формальды құрам. Объективтік жағынан мынада әрекет арқылы жасалады:

1) ресми құжаттарға жалған мәліметтер енгізу;

2)ресми құжаттардың шынайы мазмұнын өзгерту;

3) жалған құжаттарды беру
Субъективтік жағынан тікелей қасақаналықпен істеледі.
Субъектісі 16 жасқа толған есі дұрыс жеке тұлға, тек қана арнайы субъект мемлекеттiк
функцияларды орындауға уәкiлеттiк берілген адам не оған теңестiрiлген адам.

Қызметтегi әрекетсiздiк (370-бап)
Объектісі: Мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қалыпты қызметі. Қосымша объект: адамның меншігі,экономикалық мүдделері, денсаулығы мен
өмірі.

Объективтік жағынан формальды құрам. Әрекетсіздік – өз қызметтік міндеттерін
орындамау.
Субъективтік жағынан касақана әстеледі. Мақсаты: пайда табу, өзге тұлғалар мен ұйымдарға зяин келтіру.
Субъектісі 16 жасқа толған есі дұрыс жеке тұлға, тек қана арнайы субъект мемлекеттiк
функцияларды орындауға уәкiлеттiк берілген адам не оған теңестiрiлген адам.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет