Мақсаты: жұқпалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, санитарлы эпидемияға қарсы тәртіпті сақтау.
Дайындаңыз: арнайы киімді пайдаланған судноны, зәр қабылдағышты, астына салатын клеенканы, ҚР рұқсат етілген зарарсыздандыру затын, зарарсыздандыруға арналған қақпағы бар ыдысты (ыдыс пен қақпаққа таңба салынған), қолды өңдеуге арналған сабынды, тері антисептигін.
Міндетті жағдай: судно және зәр қабылдағыш тура қолданып болған соң зарарсыздандырылады.
Іс-әрекет алгоритмі:
Қорғаныш арнайы киімді киіңіз (халат, суға төзімді алжапқышты, дем пердесін).
Антисептикті қолдану арқылы қолды өңдеңіз. Антисептиктікті қолдану арқылы қолды өңдеу: қолды сабынмен және сумен жуыңыз ( 8-тармаққа сәйкес) және тері антисептигімен дезинфекциялаңыз. Қолғапты киіңіз.
Зарарсыздандыру үшін қақпағы тығыз жанасып жататын және таңба салынған ыдысты дайындаңыз, оның дұрыс таңбаланғанына көзіңізді жеткізіңіз: атын, ерітіндінің қоюлығын, қодану мақсатын оқыңыз.
Қажетті қоюлықтағы зарарсыздандыру ерітіндісін ыдысқа құйыңыз.
Ыдыстың таңба салатын клеенкасына даярлаған ерітіндінің атын, қоюлығын, күнін, даярлау уақытын, даярлаған адамның аты-жөнін көрсетіңіз (Зарарсыздандыру ерітіндісін даярлау бойынша жұмыс сапасын бағалау және бұйрықты регламенттейтін талаптарды орындауын бақылау үшін).
Судноның, зәр қабылдағыштың ішіндегі затты унитазға төгіңіз, ыстық сумен шайқаңыз.
Судноны, зәр қабылдағышты қолданып және тазартып болған соң бірден зарарсыздандыру ерітіндісіне салыңыз, ерітінді заттан 5-10 см жоғары көтерілуі қажет (заттардың бетімен тұп-тура жанасуын қамтамасыз ету үшін).