22
A. 10-нан 20-ға дейінгі секундта
B. 180-нен 240-қа дейінгі секундта
C. 300-ден 600-ге дейінгі секундта
D. 1200-ден 1800-ге дейінгі секундта
Басты терминдерге арналған тапсырма
Бос жерлерді басты терминдер сөздігіндегі ретсіз орналасқан сөздермен
толтырыңыз
.
1. Жасушалардың глюкоза арқылы энергия алу процесі
тыныс алу деп аталады.
Осы процес кезінде жасушалар
қарапайым қоректің молекулаларын
ыдыратады және оларда болатын энергияны босатады.
2. Тірі ағзаларға энергия үнемі жеткізілуін қажет етуіне байланысты олардың
жасушаларында жасушалық тыныс алу үздіксіз болады. Сонымен қатар,
тыныс
алу термині өкпеге және өкпеден шығатын ауа қозғалысын білдіреді.
Жаңылыспау үшін жасуша ішінде тыныс алу
жасушалық тыныс алу деп
аталады. Тыныс алудың екі түрі де өзара байланысты. Тыныс алу сіздің
өкпеңізге оттегі алып келеді, жасушалардың көбісіне жасушалық тыныс алу
процесі үшін оттегі қажет.
3. Жасушалық тыныс алу процесі қарапайым химиялық реакция түрінде
көрсетілуі мүмкін. Негізінен, тыныс алу екі кезеңнен тұратын күрделі процес
болып табылады. Бірінші кезең
глюкоза молекулалары өте ұсақ молекулаларға
ыдырайтын
цитоплазма жасушаларында жүреді. Бұл кезең оттегінің
қатысуынсыз өтеді, сонымен бірге энергияның аз мөлшері бөлінеді. Тыныс
алудың екінші кезеңі
митохондрияларда жүреді. Ұсақ молекулалар одан да
ұсақ молекулаларға ыдырайды. Бұл химиялық реакциялар үшін
оттегі қажет,
сонымен бірге
энергияның үлкен мөлшері шығарылады.
Көмірқышқыл газы
және су да тыныс алудың өнімдері болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: