Р. Н. Куракова-Атырау, 2019. 80 б. «Өрлеу»


Зертханалық жұмыс алдында орындалатын талқылаулар мен тапсырмалар



Pdf көрінісі
бет31/69
Дата26.04.2023
өлшемі1,81 Mb.
#87128
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   69
Байланысты:
Р.Куракова (1)

Зертханалық жұмыс алдында орындалатын талқылаулар мен тапсырмалар 
ЭКГ датчигін қосу және нәтижелерді анықтау туралы айтып бергеннен 
соң, оқушылармен бірнеше тәжірибелі тапсырма орындаңыз. 
ЭКГ үлгісін тақтаға жазыңыз да 5 толқынды (P, Q, R, S және T) белгілеңіз.
PR аралығын белгілеңіз: PR аралығы жүректің қарыншаларының 
үйексізденуінен (Р толқынының басы) жүрекшелердің үйексізденуіне 
дейінгі (QRS кешенінің басы) кезең болып табылады. 
QRS кешенін белгілеңіз: QRS кешені жүрек қарыншаларының үйексізденуі 
кезеңін көрсетіп, Q толқынының басынан S толқынының аяғына дейін 
созылады. 
QT аралығын белгілеңіз: QT аралығы Q толқынының пайда болуынан 
(немесе Q толқыны болмаса, R толқынының пайда болуынан) T 
толқынының аяқталуына дейін өлшенеді. Бұл – жүрек қарыншалары 
үйексізденуінің басталуынан жүрек қарыншаларының қайта үйектенуінің 
аяқталуына дейін созылатын кезең. 
1. Бір адамның жаттығудан кейінгі ЭКГ PR, QRS және QT аралықтары 
мен тыным күйіндегі ЭКГ үшін сол аралықтары немен ерекшеленеді?
Денеге түсетін жүктемелерді орындағанда жүрек соғуының жиілігі көбейеді 
және жаттығуды орындағаннан кейін де сол деңгейде қалады. Оқушылар 


34 
жаттығу орындалғаннан кейін 3 аралық жаттығу орындау алдында болғанынан 
қысқалау болатынын болжамдай алады.. 
2. Әйелдер мен еркектердің жатығу орындау алдында және орындағаннан 
кейін ЭКГ аралықтары немен ерекшеленеді?  
Жауаптар оқушылардың тәжірибесіне қарай ерекшеленуі мүмкін. Бірақ 
оқушылардың
көбі әйелдердің жаттығудан кейін жүрек соғуының жиілігі 
еркектердікінен көбірек және
әйелдер үшін үш аралық жаттығу алдында да және 
одан кейін де қысқалау болатынын болжай алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет