7
мәліметтерді жинау), жобалар мен құрылымдарды білу (құрал-жабдықтарды
жинақтау, қауіпсіздік шараларын сақтау, ерітінділерді араластыру) және
аналитикалық ойлау (графиктер құру, модельдеу, статистика) сияқты дағдыларын
дамытады.
ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРДЫ ЗЕРТТЕУ АРҚЫЛЫ СӘТТІ
ОРЫНДАУ ПРИНЦИПТЕРІ
1.Тәжірибелер арқылы оқытуға жағдай жасау
Оқушылар зертханалық үстелде жұмыс істеудің дағдыларын, электронды
мәліметтерді жинауды қолдануды, жабдықтарды көрсету мен мәліметтерді
түсіндіруді меңгерулері тиіс болғандықтан, төмендегі стратегиялар оқушыларға
зерттеу арқылы оқыту негізін жасауға көмектеседі:
Оқушылармен бірге, олар қолданатын жабдықтар мен бағдарламалық
жабдықтамаларға арналған оқу ақпараттарды қарап шығу.
Бір ғана датчикті қажет ететін және датчиктерді калибрлеуді қажет
етпейтін жеңіл тапсырмалардан бастау.
Жабдықтар мен материалдарды дұрыс қолданудың үлгісін көрсету үшін
алғашқы бірнеше тапсырманың орындалуын көрсету.
Оқушылар өздерінен не күтетініңізді түсінгенше, олармен бірге бірнеше
зертханалық тапсырмаларды орындау.
Бірлесе оқуға ынталандыру. Оқушылар бірлесе жұмыс істегенінде түрлі
дағдылары мен қызығушылықтары пайда болады. Оқушылардың бірлесе
істеген жұмыстарын қолдап отыру.
Достарыңызбен бөлісу: