Р. С. Касымова Әлеуметтік педагогтың ЖҰмыс технологиясы оқу құралы Алматы, 2020


СӘТСІЗ ОТБАСЫЛАРҒА ӘЛЕУМЕТТІК-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ



бет62/102
Дата27.11.2023
өлшемі3,67 Mb.
#128796
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   102
Байланысты:
treatise177628

СӘТСІЗ ОТБАСЫЛАРҒА ӘЛЕУМЕТТІК-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ
КӨМЕК КӨРСЕТУДІҢ ӘДІСТЕРІ

Білім беру жүйесіндегі әлеуметтік педагогтің көптеген қызметінің бір саласы - отбасымен жұмыс болып табылады. Отбасымен жүргізілетін әлеуметтік педагогтің іс-әрекеті отбасындағы немесе төлім-тәрбие мекемелеріндегі көмекке мұқтаж адамдармен жұмыс істеуге бағытталған. Әлеуметтік педагог отбасымен жұмыс істеу барысында «жеке тұлға - отбасы - қоғам» жүйесіндегі өзара қарым- қатынастарды реттеп отырады. Осы қағидалар отбасы мен балаларға көмек көрсетуді қамтамасыз етеді. Әр баланың әлеуметтік тұрмыстық жағдайын терең зерттеу олардың келешегін қорғап, қамқорлыққа алуға септігін тигізеді. Мектептерде көпбалалы отбасылар, аз қамтылған отбасылар және толық емес отбасылар экономикалық жағынан сәтсіз келеді. Ең қиыны: жанұядағы ата-ананың біреуі жұмыссыз, еңбекке жарамсыз, төмен айлық табыс, ата-ананың біреуі не болмаса мүшесінің бірі созылмалы ауруға шалдыққан. Емдеуге көп қаржы қажет. Көп жағдайда бұл отбасылардың материалдықтұрмыстықжағдайы өте төмен болып келеді. Бұдан келіп отбасында әлеуметтік- психологиялық сәтсіздіктер етек алады. Оның белгілері:


- ата-ананың біреуінің ішімдікке салынуы
-тазалық мәдениеттілігінің төмендігі
-отбасыдағы еңсені басатын ауыр ахуал
-отбасы мүшелерінің арасындағы түсінбеушілік, даужанжал, т.б.
Бұндай отбасылар өздерінің ең басты ата-аналық міндеттерін атқара алмайды. Сондықтан олармен түзету жұмыстарын ұйымдастыру өз алдына үлкен нәтиже күтетін іс-әрекет.
Қазіргі уақытта көптеген отбасылар бала тәрбиесінде қоғам талап ететін міндеттерді толық орындау үшін көмек пен қолдауды қажет етеді. Мұндай көмекті әсіресе толық емес, көпбалалы, аз қамтылған отбасылар қажет етеді. Сәтсіз отбасыларға әлеуметтік-педагогикалық қолдау, әлеуметтік көмек түрлері анықтүрде нәтижелі болуы шарт.
Әлеуметтік педагог қызметінің маңыздылығы - бала мен отбасындағы әлеуметтік проблемалардың шешімін тауып, үйлестірү. Проблемалық қауіпті өмір жағдайындағы балаларды дер кезінде анықтауы, баланың әлеуметтік тұрақтануы үшін кедергі, қиындақтарды жеңу және оған қолайлы жағдай жасауы өз жұмысын дұрыс ұйымдастыруда нәтиже береді.
Әлеуметтік педагогтің сәтсіз жанұямен істейтін жұмысының алгоритмі отбасымен жұмыс атқарудың бағыт-бағдарын құруға мүмкіндік береді.
1-кезең: Жанұяны зерттеу және жанұядағы проблемаларды ұғыну.
2-кезең: Сәтсіз жанұяның тұрмыстық жағдайларын қарап, танысу.
3-кезең:Жанұя мүшелерімен және оның айналасындағы адамдарымен танысу, балалармен әңгімелесу, олардың өмірінің жағдайын бағалау.
4-кезең: Жанұяға көмек көрсетудің бағыт-бағдарынанықтау.
5-кезең: Сәтсіз жануялардың себебін, оның ерекшеліктерін, құндылық бағыттарын зерттеу.
6-кезең: Жанұя мүшелерінің жеке ерекшеліктерін зерттеу.
7-кезең: Жанұя картасын құру.
8-кезең: Барлық қызығушылықтанытқан ұйымдармен координациялық әрекет ету (білім беру мекемелер, мектепке дейінгі білім беру мекемелері, әлеуметтік түзету орталығы, отбасыларды қорғау орталығы, жетімдер үйі, ішкі істер бөлімі және т.б.)
Осы жағдайларды ескеріп, отбасыларға мына бағытта көмек түрлерін үйымдастыруға болады:
-ата-аналарға дөңгелек үстел
-ата-аналар жиналыстары
-ата-аналар сайыстары
-психологпен жеке кеңес
-дәрістер, пікірталас, рөлдік ойындар, тренингтер
-ашық есік күні
-ашық сабақтар және іс-шаралар
-отбасындағы қарым-қатынасқа байланысты психологиялық-педагогикалық көмек және ата-аналармен педагогикалық ағарту жұмысы
-оқушылардыңдемалысын тиімді ұйымдастыруда жазғы лагерьмен қамтылуын ұйымдастыру
Бұл бағытгағы жұмыстар нәтижелі болуы үшін әлеуметтік педагогқа көмек көрсететін ұйымдар:
1)жергілікті әкімшілік
2)отбасыларға көмек көрсететін аймақтық қызмет орталықтар
3)медициналық сала
4)құқық қорғау ұйымдары
5)білім жөне тәрбие орталығы
6)жеке кәсіпкерлер, демеушілер
7)кәсіподақ ұйымы
Біріншіден, әлеуметтік қолдауға мұқтаж отбасыларды анықтау.
Екіншіден, көмек көрсету, жеңілдіктер, балаларға төленетін жәрдемақы. Яғни, тегін ыстық тамақпен қамту, жалпыға бірдей білім беру қорынан киім, оқу құралдарымен қамту, балаларға төленетін жәрдемақының уақытылы төлену, аз қамтылған отбасындағы балаларға жеңілдіктер жасау, қалалық, мектепішілік шараларға тегін қатыстыру, мектеп ұжымының өтінішімен қалалық әкім жағынан бір рет берілетінін жәрдемақыға іліктіру.
Үшіншіден, аз қамтылған отбасы балаларына ерекше мән беріліп, тіркеуге алынған оқушыларға мектеп медбикесі мен дәрігерінен көмек, созылмалы ауруға ұшыраған балаларды бақылауға алып, диспансерлік көмекті ұйымдастыру.
Төртіншіден, отбасындағы бала тәрбиесінде қиын жағдайда отырған отбасыларға көмек көрсететін демеушілер табу.
Бесіншіден, педагогтардың отбасыларға баруы отбасымен педагогикалық ұжымның арасындағы қарым-қатынасты қалыптастыру.
Алтыншы, қайырымдылық көмек ұйымдастыру аз қамтылған отбасы балаларының мектепке, педагогикалық ұжымға деген ынтасын көтеру.
Жетінші, отбaсыныңдемалысын, оқушыныңбос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында мектепішілік шаралар, жазғы лагерьмен қамту, топтық саяхаттар, өлкетану саяхаттарын ұйымдастыру жатады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   102




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет