Өзін-өзі қалыпқа сай бағалауын және жетілдіруін қалыптастыру
Жүйенің дамуы
Қайта тәрбиелеу және түзету мекемесі Отбасына көмек, бала құқын қорғау
Бала, жасөспірімді түзету, алдын алу Бала, жасөспірімнің бос уақыты
Ортаның жағымсыз әсерін бейтараптандыру
5-ші сызба. Балалардың девиантты жүріс-тұрысының алдын алу және оны жеңудің негізгі бағыттары
Б. Білім беру мекемелерінің балалар мен жасөспірімдердің девиантты мінез-құлықтары, іс-қимылдарының алдын алуын және оны жеңу жолдарының тәрбиелік рөлін арттыру.
Мектептерде арнайы дайындалған педагогтар қызмет атқарады. Бұл мамандарға балалар мен жасөспірімдер оқу және тәрбие барысында сенім артады. Оқытушылардың қызметіндегі басты бағыт тәрбиеге беріледі. Педагогтардың педагогикалық қызметтеріндегі жіберген қателіктері мен кемшіліктері, олардың тәрбиеленушілеріне қымбатқа түседі.
Білім беру мекемелеріндегі тәрбиені арттыру жолы ретінде мыналар анықталады:
- оқытушылар дайындығының құрамдық сапасын және олардың жоғары педагогикалық мәдениетін арттырып қалыптастыру;
- білім мекемелерінде педагогикалық қызметке мейілінше жағымды жағдай тудыру;
- оқытушылар құрамының өзбетінше білімдерін жетілдірулеріне түрткі тудыру, педагогикалық шеберліктері мен мәдениетін жетілдіру;
- білім мекемелерінде әлеуметтік қызмет ұйымдастыру, девиантты іс-қимылды балалармен және жасөспірімдермен жеке жұмыс жүргізу, мұғалімдер мен ата-аналарға көмектесу;
- білім беру мекемелеріндегі сабақтан тыс тәрбие жұмысының жүйесін дамыту;
- ата-аналарды тәрбие жұмысына қамту, олардың педагогикалық дайындығын жетілдіру.
В. Отбасы мен мектептің өзара мақсатты әрекеттесуі отбасының, мектеп пен тұрғылықты жердегі әкімшілік органдардың балалар мен жасөспірімдердің девиантты мінез-құлық, іс-қимылдарының алдын алу және оны жеңу жолдарын қарастыру.
Мектеп пен отбасының бірлескен әрекеттері балалар мен жасөспірімдердің тәрбиесінде оң нәтиже береді. Сол мақсатта мынада тәжірибелерді басшылыққа алуға болады:
- мектептерде ата-аналарға арналған әдістемелік семинарлар ұйымдастыру ( ата-аналарға дәрістер мен семинарлар);
- бала бақшадағы, мектептегі ата-аналар комитетінің рөлін арттыру, ата-аналар мен мұғалімдердің байланысын күшейту;
- білім беру мекемелерінде балаларға қамқорлық көрсету ұйымдарын құру және оларға ата-аналарды белсенді араластыру;
- мұғалімдер балалардың үйіне барып, олардың тұрмыс жағдайларымен танысуы тиіс;
- мұғалім, әлеуметтік педагог тарапынан ата-аналардың тәрбие жұмысына көмек көрсетіп, қолдау.
Балалардың қарым-қатынас ортасын анықтап, балалармен өзара әрекеттесуін басқару және оны дамыту, тәрбиелеу. Баланың дамуы мен тәрбиесіне онымен тікелей қарым-қатынастағы адамдардың әрекеттесуінің маңызы зор. Олардың беделі, күші, балаларды ұйытуы, олардың ерік-жігерлерін билеуіне қарай, оларды қандай бағытта дамытуға ықпал жасауға болатынын анықтайды. Осыған орай тәрбиеші тәрбиеленушінің қарым-қатынас ортасын анықтап, олардың айналасындағы адамдармен әрекеттесу үдерістерін педагогикалық тұрғыдан басқарады.
Д. Мектептен тыс тәрбие жүйесіне консультация беру, отбасына және балаларға девиантты мінез-құлықтарын, іс-қимылдарын жеңуге көмектесу.
Қазіргі кезеңде мемлекет тарапынан және мемлекеттен тыс отбасымен жұмыс жасайтын орталықтар құрылған. Онда білікті мамандар қызмет етеді, девиантты балалардың мінез-құлқына, іс-қимылдарына диагностика жасап, олармен отбасында қалай жұмыс жүргізу керектігіне кеңес береді.
Е. Девиантты мінез-құлықтағы балалар мен жасөспірімдерді қайта тәрбиелеу және түзету мекемелерінің қызметін жақсарту.
Арнайы тәрбиелеу (қайта тәрбиелеу) орталықтары мектептерге комиссия жібереді немесе балалардың өздері орталыққа келеді және мектептің ұсынысына байланысты, кәмелетке толмаған балалар бөлімінің қызметкерлері отбасына барып кеңес береді және балаларды зерттеу үшін өз орталықтарына шақырады.
Ж. Балалар, жасөспірімдер мен бозбалалардың әлеуметтік-педагогикалық мәселелерін шешетін орталықтар жүйесін дамыту:
- педагогикалық коррекция және педагогикалық реабилитация;
- медициналық-әлеуметтік-психологиялық орталықтарда балалар мен жасөспірімдердің маскүнемдігі мен нашақорлығын жеңу, сонымен қатар зорлық құрбандарын сауықтыру, әлеуметтік виктимология.
З. Ақпарат құралдарының жағымды мүмкіндіктерін қолдану және балалар мен жасөспірімдерді жағымсыз ықпалдардан сақтандыру.
Балалар мен жасөспірімдердің дүниетанымына ақпарат құралдарының ықпалы зор екені белгілі жәйт. Қазіргі ақпарат құралдары көрермендердің сұраныстарын ескерместен, түрлі тақырыптардағы ақпараттарды таратады. Қазіргі отбасы тұрмысында бейнетехникалардың ауқымды ақпарат мүмкіндіктері кеңінен қолданылады.
Отандық және шетелдік мамандардың зерттеулері бойынша жастарға ақпараттар мен бейнефильмдер күш көрсету культін, еркін секс, жеңіл жолмен ақша табуды көп насихаттайды. Бұндай ақпараттар ешбір бақылаусыз және белсенді түрде барлық арналар және бейнефильмдер арқылы кеңінен таратылады. Олар (теледидар, бейнефильмдер) орнықты адамгершілік негіздері жоқ адамдардың кейіптерін қалыптастырып, қылмыстық әрекеттерді насихаттайтын оқу құралдарына айналып отыр.