3-ші сабақ Мақсаты – бала мен ата-ана арасындағы серіктестік және конструктивті қарым - қатынасты дамыту.
Міндеттері:
Бұлшық еттердің тонусын реттеу.
Қол саусақтарындағы бұлшық еттерінің қысымын шығару.
Ұсақ моториканы жетілдіру.
Коммуникациялық дағдыларды дамыту.
Құралдар:құмсалғыш, майда ойыншықтар жиынтығы, майда тастар, қылқалам.
Кіріспе бөлімі «Кішкентай кеме» жаттығуы (ата-ана мен бала орындайды) «Алақаныңызды кішкентай кемеге ұқсатып қосыңыздар. Қазір біздің кемелеріміз құмда жүзеді (қозғалыс сөздермен бірге орындалады: Кеме толқынмен жүзеді, мен онда капитанмын)».
Негізгі бөлім Ересек адам «Мейрімділіктің сиқырлы тастарын»(әртүрлі түстегі тастар) алдын-ала құмға көміп қояды. Балаға қылқаламды береді және ол тастарды қазып шығарады. Тастарды шетінен ашып, оның түсін айтып, оны қолға алып, біраз ұстап, анасына беру керек (осы кезде мейірімді сөздерді айтылғаны жөн) – тастың мейірімділігімен және өзінің мейірімділігімен бөлісу.
«Мейірімділік елі» атты жаттығу Әлеуметтік маманата-анадан баласымен бірге құмсалғышта «Мейірімділік елін» құруын сұрап,содан кейін ол туралы айтып беру қажет.
Қорытынды бөлімі
Бүгінгі сабақта не есте қалды?
Сіздер қазір қандай сезімдерді сезіп отырсыздар?
Қорытынды барысындаәлеуметтік маманқұмдағы суреттемені ретке келтіріп, ойыншықтарды орнына қойып, құмның бетін тегістеп, қолдарын жууды сұрайды.
4-ші сабақ Мақсаты – ата-ана мен бала арасындағы серіктестік пен ынтымақтастықты дамыту.
Міндеттері:
Ұсақ моториканы, жанасу сезімін дамыту.
Психоэмоциялық күйді түзету.
Коммуникациялық дағдыларды дамыту.
Құралдар: құмсалғыш, майда ойыншықтар жиынтығы, қорап, карточкалар мына сөздермен: қоян, орман, көбелек, көпір, дельфин, кеме, тасбақа, өзен, тау, жеті гүлше күлтешесі.