Әлеуметтік фобия жастарға тән індет Соңғы уақытта жүргізіліп отырылған эпидемиологиялық зерттеулердің әлеуметтік фобияның жастар популяциясына тән індет екенін анықтады.
Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының зерттеулерінің нәтижесі бойынша 11-20 жас аралығындағы жастардың 1/8 –і әлеуметтік фобиямен ауырады екен.
Алғаш болып, бұл тұжырымды келтірген Ф. Зимбардо болатын. Ол 1979 жылы әлеуметтік үрейдің студенттерге тән құбылыс екенін дәлелдеген болатын (оның сауалнамасының нәтижесі бойынша: 80% - студент әлеуметтік фобияға тән қорқыныш сезімімен, ал 40% әлеуметтік фобия белгілерімен таныс екені анықталды).
Қазіргі уақытта, әлеуметтік үрей мен қорқыныш ерте жас, 5-11 жас аралығындағы пайда болады. Бұл балалардың білім ордасына келуімен және бастауыш сыныптардан жоғары сыныптарға өту кезеңімен байланысты. 10 жасқа дейінгі балалардың 40 %-ы, 20 жасқа дейінгілердің 95 % - ында әлеуметтік үрейдің белгілері анықталды.
Бірінші сынып оқушылары үшін «жат ортаға» бейімделу қиын, ал әлеуметтік қорқынышы бар білім алушылар үшін бұл процесс өте ауыр: «зерттеулердің нәтижесіне сүйенсек мектепке барудан бас тартатын 40 % - ға жуық біріншы сыныпбілім алушыларвның 30 % -ында әлеуметтік фобия байқалған. Дұрыс қалыптаспаған әлеуметтік қарым-қатынас механизмдері ересек өмірде маңызды салдарларға алып келеді.
15-24 жас аралығында (өтпелі кезең) бала уақыттағы әлеуметтік үрей ұлғайып әлеуметтік фобияға аыналады. Дәл осы уақытта қыздар мен жігіттерде қазіргі және болашақта болатын өзгерістерге өзгерістерге бейімделу процесі жүріп жатады: мамандық таңдау, жоғары оқу орнына түсу, жаңа адамдармен танысу, жаңа әлеуметтік рөл – студент рөлін орындау және т.б.
Студенттердің әлеуметтік қорқыныштары:
- аудитория алдында қорқыныш;
- экзамен тапсырудан қорқыныш;
- төмен бағалану;
- мұғалімнің пікірі;
- құрдастарының алдында мазаққа қалу және т.б.
Әлеуметтік фобия жалқы және жалпы болып бөлінеді:
жалпы әлеуметтік фобия дегеніміз топ, ұжым, ортадан қорқу.
Әлеуметтік фобиясы бар тұлға нақты адам немесе топ мүшелерінен қорықпайды, ол өзіне маңызды әлеуметтік жағдайлардан қорқады.
Мұндай тұлға қоршаған ортаның дұрыс бағаламау, орынсыз сын-пікір, теріс ойлары нан қорқады. Бұл тұлғаның бейімделу процесіне терісықпалын тигізеді.
Біріншіден,әлеуметтік фобиясы бар тұлға жақсы білім алып, жұмыс жасау мүмкіндіктерін төмендетеді, ал бұл жағдайдың салдарынан туындаған өкініш тұлғаның ішкі үрейі мен қорқынышын еселейді.
Екіншіден, қауіптен қашу стратегиясын ұстанған субъект ішімдік және психо белсенді заттарды «шынайы өмірден қашу құралы» ретінде пайдаланады. Бұл құралдардың әсері уақытша және әлсіз болғанымен, салдары ішімдікке және есіртіге тәуелділікке алып келеді.
Әлеуметтік қорқыныш көпшілік ортасында жүрген мамандарға тән құбылыс. Мысалы, әншілер, танымал адамдар. А. Бек, А. Раш, Б. Шо, Г. Эмеридің еңбектері мұнын айқын дәлелі, олар 1600 кәсіби музыканттарға зерттеу жұмысын жүргізді. Зерттеу нәтижесі бойынша әр он оркестр мүшелерінің екеуі жүйкеге арналған дәрі қолданады, 22 %-ында ұзақ уақыт бойы қорқыныш сезімі болса, оның 28 %-ы депрессияға шалдыққан, 40 %-ы ұйқысыздыққа шалдыққан болса, бүкіл оркестрдің 3/4-нің үрейі олардың ойынына ықпал етеді, 6 % қобалжуды басу үшін ішімдік қабылдайтынын айтты.
Мектептегі, немесе студенттік өмір де көпшілік ортасында жүруді талап ететін көп жылдық мамандық. Студент немесе оқушы күнде әртүрлі аудитория, орта, мұғалім, жағдаяттармен кездеседі және әр жағдай ол шешім қабылдап немесе бағалану қажет.
Білім алушылардың оқу-тәрбие процестеріндежиі туындайтын әлеуметтік қорқыныш түрі – аудитроия алдында сөйлеу. Ол бағалаудан қорқынышпен байланысты. Оның себебі өзін жоғары бағалау және қоршаған ортаның тұлғаға қатысты жоғары ойына сенім («Мен әрқашан сенімді және әдемі сөйлеуім керек», «Мен ешқашан ішкі сенімсіздігімді көрсетпеуім керек», «Егер менің қорқынышымды байқаса, онда мені әлсіз деп санайды»).
Көпшілік алдында сөйлеуден қорқатын оқушыға ұсыныс:
өз сезімдеріңіз жайлы айтыңыз. Мысалы: «Құрметті оқушылар/достар, мен бүгін сәл қобалжып тұрмын». Аудиториямен өз қобалжуларыңызбен бөлісу және олардың ойы мен бағасы сіз үшін маңызды екенін айту аудиториямен сенім қарым-қатынасын құруға көмектеседі.
Аудиторияда сізді мұқият тыңдап отырған 2-3 тыңдарманға назар аударыңыз. Олардың көзқарасы сіздің эмоционалды жағдайыңызды тұрақтыландыруға көмектеседі.
Рөл сомдау. Өзіңізді бір актер, жазушы немесе саясаткер орнына қойыңыз. Өзгенің рөлін ойнау бойдағы ұяңдықты бұзып, белсенді қызмет атқаруға көмектеседі. Айта кететін жағдай, тұлға атақты және сенімді тұлғаның рөлін ойнағанда оның дауыс ырғағы мен өзін ұстау мәнері өзгереді.
Үреймен бөлісу. Жауапкершілікті бөлісу арқылы сіз сәттілік тек сізден ғана емес тындармандарға да байланысты екенін түсінесіз.
Денені басқару. Өзін еркін ұстау үшін – дұрыс дем алу қажет. Ол үшін өз денеңнің әрбір бөлшегін тыңдау маңызды.
Мұғалімдерге нұсқаулық: Студенттердің әлеуметтік белсенділігі мен батылдығын мадақтау, оқу-тәрбие процесіндегі жағдаяттарға белсене қатысуын қадағалау. Сыртқы әлеуметтік мадақтар жеңістің моделін (якроь) бекітеді (мысалы, студенттің жеңісін газет, журнал, әлеуметтік желі, оқу орнының хабарлама парақшаларынан көрсету).
Студенттерге нақты нұсқаулық беру қажет. үрей білім алушының ақпаратты қалай қолдану қажеттілігін білмеген жағдайда және кездейсоқ оқиғаларды басқара алмаған жағдайда туындайды. Сондықтан, білім алушының уақыты мен ақпаратын құрылымын алдын-ала анықтап, басқару маңызды.
Студенттерді қолдау үшін вербалды емес құралдарды пайдаланған дүрыс (жест, мимика арқылы). Егер білім алушының пікірі қате болса, онда оның дұрыс айтылған сөздерін қайталап, өз пікірімен бөлісуде танытқан батыл ірекеті үшін мадақтаңыз. Бұл қате пікірдің де жағымды тәжірибе екенін үйренуге итермелейді.
Білім алушыларды бағалауде кез-келген сын-пікіроның тұлғалық болмысы емес, жеке іс-әрекеттеріне ғана қатысты болу қажет.Әрқашан кері байланыс болу керек, білім алушыларды сынауда оның жағымды жақтары мен мадақтауға тұрарлық тұстарын анықтап жеткізу маңызды.
Қорытынды жасауға дағдыландыру, қателік пен жеңілістің позитивті тұстарын табуға бағыттау;
Әркімнің қателік жасауға құқығы бар және оның салдары болашақ оқиғаларға ықпал етпейтінін түсіну;
Ой, жағдай, сезімдерді ажырата білу, үрей туғызатын оқиғаларды бағалау (пайызбен), жағымсыз салдарды ойлаудан алшақ болу. Дж. Биик әлеуметтік қорқынышы бар тұлғаларға жеке күнделік арнауды ұсынады. Бұл күнделікті болып жатқан оқиғалар мен іс-әрекеттерді талдап, қорытындылауға көмектеседі.