Р. С. Касымова Әлеуметтік педагогтың ЖҰмыс технологиясы оқу құралы Алматы, 2020



бет98/102
Дата03.11.2022
өлшемі3,67 Mb.
#47231
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   102
Байланысты:
annotation177627

Сылтаулардан бас тарту кредосы
Мен сылтауларды мойындамаймын. Менімен болып жатқан нәрселер үшін өзім жауаптымын, өзімнің әр сөзіме және ісіме жауаптымын. Мен өмір сүру деген не екенін білемін және қайда баратынымды да анық білемін. Мен өз өмірімнің мақсатын анық білемін және өз міндеттерімді саналы түрде атқарамын. Мен өзімнің әрекеттерімді шынайы атқарамын, шешімдерді тәуелсіз түрде қабылдаймын, күшімнен келгеннің барлығын жасаймын.
Мен рухани қиыншылықтарға алып келетін реніштер мен өкініштердің барлығын өзіме де өзге де кешіре аламын. Мен қиындықтарды жеңіп, өткенді ұмытып, арманымды іске асыруда келемін. Мен өзімді сыйлаймын, өз-өзіме деген құрметті жоғалтпауға тырысамын, басқаларды сынға алмаймын. Мен әр адамды өз күйінде, өз табиғатымен қабылдаймын. Менің басқалардан еш жерім артық та, кем де емес. Мен өзімнің қабілеттерім мен талаптарыма сенемін. Мен өзімнің денсауылығыма жақсы көңіл бөлемін, қуатым тасып тұрған қалпымды, өмірге деген құлшыныс нәтижесі болып табылатын жақсы көңіл-күйімді ылғи сақтаймын. Мен ойлау, сөйлеу, әрекет ету барысында өз-өзімді бақылаймын, құбылыстарды төзімді түрде зерттеп, талдаймын. Мен өзімнің де, басқалардыңда алдында ылғи адалмын, өз алдыма орындалатын мақсаттар қоямын. Мен өзімнің таңдап алған өмірім үшін қиындықтармен де қорқыныштармен де күресемін. Менің арманым биік. Мен әрқашан оқимын, үйренемін, даму үстіндемін, санамды кеңейтіп, жаңа дағды мен машықтарды иеленемін. Мен жүйеге еніп, командалық көшбасшыға жүктелетін тапсырманың барлығын атқарамын. Мен көшбасшыларға арналған өз-өзін жетілдіру бағдарламасына күн сайын қатысамын, ең болмаса 15 минут шамасында күнделікті жағымды кітап оқимын. Мен адамдардың қамын ойлаймын, оларды жақсы көремін, оларға өздерін барынша жан-жақты танытуға мүмкіндік беремін. Мен күн сайын жаңа адамдармен кездесемін де, оларды аптасына 5-6 рет жұмыс жоспарымен таныстырамын. Мен басқа адамдарды түсінемін және олармен жақсы қарым-қатынастамын. Менің отбасым, балаларым, достарым әрқашан менің есімде, олар мен үшін өте қымбат. Мен адамдарды құрметтеймін, олардың талаптары мен қабілет, дарындарын құптаймын. Мен басқаларға көмектескім келеді, олардың өмірлерін жақсы жаққа өзгерткім келеді. Менің өмірім – өз шешімдерімнің нәтижесі, мен өзімнің қалай өмір сүріп жатқаным үшін жауапты екенімді мойындаймын. Мен сылтауларды ескермеймін. Неге? Өйткені менің өмір сүру философиям сондай!
Баяғы заманда бір елде жас келіншек өзінің рухани тәлімгеріне былай депті:
– Мен шексіз байлыққа қол жеткізгім келеді, өйткені оның көмегімен әлемге көмектесіп, оны емдегім келеді. Маған осындай байлыққа жету жолын айтшы.
– Әр адамның ішінде екі құдай-ана өмір сүреді. Адамдардың барлығы осы екеуін жақсы көреді. Алайда, сенің білуің қажет бір құпия бар. Соны саған айтайын. Сен осы құдай-ананың екеуін де жақсы көргеніңмен, оның біріне ерекше ықыласпен қарауың тиіс. Бұл білім құдай-анасы Сарасвати. Оның артынан ер, оны сүй, оған көп назараудар. Екіншісі, Лакшми – байлық құдайы. СенСарасватиге көп назар аударған сайын, Лакшми сені қызғанып, өзі саған назар аудара бастайды. Сен білім құдайына қаншалықты табынып, оны құрметтесең, байлық құдайы саған соншалық көп назар аударуға тырысады. Ол сенің артыңнан бір елі қалмай еретін болады. Ал сенің армандайтын байлығың сонда өзіңді тауып келеді. Білім, тілек және батылдық зор күшке ие, сол күш – байлықты иелену кілті».



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   102




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет