114.. Жылына бір өсімдік биті бір метр жер бетін жабуға қабілетті саны бар ұрпақ бере алады. Неліктен бұның жүзеге аспайтынын түсіндіріңіз.
115. Неліктен кесілген құрғақ сүйгіш өсімдіктер ылғал сүйгіш өсімдіктер сияқты тез солмайды?
116.. Телевизиялық бағдарламаларды көруді абиотикалық фактор ретінде қарастыруға болады ма?
Жалған өлім күйі- анабиоз ортаның қолайсыз жағдайларына организмдердің бейімделу түрі. Анабиоз күйіне ауысу ең қатаң жағдайларда организмдердің тірі қалу мүмкіндігін шексіз кеңейтеді. Анабиоз күйіне ауысуына мысал келтіріңіздер.
Кактустардың сыртқы пішінінің қандай белгілері оның тіршілік жағдайларының белгілерін анықтауға мүмкіндік береді?
сурет. Әртүрлі кактустар.
Жасырын тіршілік-өте маңызды экологиялық бейімделушілік. Бұл тәсіл тіршілік ортасының қолайсыз жағдайларының өзгерістерінен
«құтылу»түрі. Жасырын тіршілік жағдайында организмдердің өте баяу зат алмасу күйінде болуы олардың тұрақтылығын күрт жоғарылатады және энергияны өте үнемдетеді. Жасырын тіршілік жағдайындағы организмдердің күйі анабиозға жақын. Жасырын тіршіліктің анабиоздан айырмашылығы неде және мысал келтіріңіз?
121. «Ұйықта, менің қуанышым, ұйықта».Украина оңтүстігінің далаларында бірде жас археолог қатты шаршап, шешінбей ұйқы қабында ұйықтауға жатты. Таңертең, көзін ашып, тұрғысы келген кезде, ол кеудесінде
бір нәрсе жатқанын сезді. Ол дала у жыланы екен. Жәймен жыланды ашуландырып алмас үшін археолог оны кеудесінен түсірді, жылан өз жайымен кетті. Неліктен жыландар ұйықтап жатқан адамдарға жылжиды?
сурет. Жылан.
ОРГАНИЗМ ЖӘНЕ ОРТА
Төмендегі тізімде келтірілген жануарларды олардың тіршілік орындарына сәйкестендіріңіз.
Жануарлар: жылан, қызғылт шағала, қасқыр, бұғы, құзғын, кесіртке, қарлығаш, сары құмырсқа, оқ жылан, Прижевалск жылқысы, тиін, бақа, тасбақа, түйе, ақбас тырна, аққу, бұғылар, саршұнақтар.
Тіршілік орындары: жалпақ жапырақты орман, батпақ, далалар, қылқан жапырақты ормандар, тундралар, шөл.
Жарығы мен жылуы көп, мұхиттың тропикалық аймағында тіршілік өте кедей. Мұндай аймақтарды мұхиттық шөл деп аталады. Сіз қалай ойлайсыз, өз кезегінде жануарлар тіршілігіне әсер ететін балдырлардың көбеюін бұл жерде қандай фактор шектейді?
Үйді, бөлмелерді қандай мақсатта ауық-ауық желдетіп отыру қажет?
Топырақ –тіршілік ету ортасы болғандықтан, топырақ геобионтты ағзалардың тіршілік етуіне жағдай жасайды. Геобионтты ағзалар өзінің тіршілік орнына байланысты қандай бейімделушіліктер қалыптасқан. Ұзақ уақытқа тіршілікке қабілеттілігі мен қолайсыз жағдайларды көтере алуға мүмкіндік беретін тыныштық күйдегі қоршаған ортаның әртүрлі
организмдердің қандай ортақ белгілері бар?
сурет. Топырақ –тіршілік ету ортасы
Қалай ойлайсыздар, неліктен бір жануарлардың дамуы тура, ал басқаларынікі–дернәсілмен жүзеге асады? Ортаның қандай жағдайларына және организмдердің ерекшеліктеріне дернәсілдердің болуы байланысты?
Ағашты үйде адамның экологиялық тіршілік ортасы – кірпіштен немесе темір бетонды блоктардан жасалынған үйлермен салыстырғанда нашар деген тұжырыммен келісесіз бе?
Біздің планетамызда тірі организмдер төрт: сулы, жер-ауалы, топырақты және организмді тіршілік ортасын меңгергені белгілі. Организмдер алғашқы қай тіршілік ортасын меңгерген ?
Ірі қалалардың көшелерінің қиылысқан жерлерінде газдану дәрежесі анағұрлым жоғары болған. Жағдайды зерттей келе, экологтар, көп деңгейлі жолдың бағытын салуды ұсынды, олар нені басшылыққа алды?
Неліктен экологтар аз қабатты үйлерге қарағанда, көп пәтерлі биік үйлерде тұрудың ерекше ережелерін қабылдауды қатаң талап етеді?
Табиғи тіршілік ортада биологиялық түрлердің ареалдарының шекаралары қалай анықталады? Сыртқы физикалық тосқауылдардың және адамдардың шаруашылық іс-әрекеттерінің ареалдар түзудегі рөлі қандай?
Псаммофиттер мен псаммофилдер шөлде сусымалы құмдарда тіршілік етуге бейімделген организмдер. Псаммофиттер мен псаммофилдер тобына жататын организмдерге мысал келтіріңіздер және орта жағдайларына бейімделушілік белгілерін атаңыздар.
Өсімдіктер мен жануарлар организмдерінің (бактериялар, жасыл және көк-жасыл балдырлар, саңырауқұлақтар мен , бір клеткалы қарапайымдылар) арасындағы аралық звеноны құрайтын су организмдері детритті қоректік тізбектің негізгі звеносы. Бұл организмдер тобы қалай аталады ?
Су-тіршілік ортасының организмдерінің тіршілігін тежейтін негізгі факторды атаңыз.
Кестедегі бос ұяшықтарға әр ортаға тиісті организмдердің тіршілік шарттарын толтырыңыз.Әр тіршілік ортасына кестеде берілген сипаттамалар негізінде қорытынды жасаңыз.
Ауа және су орталарындағы организмдердің тіршілік шарттары
10-кесте.
Тіршілік шарттары
Организмдер үшін тіршілік шарттары маңыздылығы
Ауа ортасы үшін
Сулы орта үшін
Ылғалдылық
Маңыздылығыжоқ
Тығыздық
Маңызды емес
Қысым
Маңызы зор ( кейде 1000 атмосфераға дейін жетеді)
Температура
Айтарлықтай (өте үлкен аралықта ауысады -80 нен
+1ОО°С және одан да жоғары)
Кислород
Өте маңызды
Қалқыма заттар
Маңызды (қорек көзі, әсіресе органикалық заттар)
Қоршаған
ортада еріген заттар
Белгілі бір дәрежеде ғана
Су ортасының тығыздығы су мекендеушілерінің қозғалысын қиындатады, сондықтан балықтар, дельфиндер, кальмарлар сияқты тез жүзетін жануарлар тереңнен қысып тұратын өте жоғары қысымның өсуіне байланысты, құрылық пен салыстырғанда олар мыңдаған есе қысымды көтеруге
бейімделген. Тығыздығы жоғары су ортасының мекендеушілерінде қандай морфологиялық бейімделушіліктер қалыптасқан?
Тіршілік ортасының жағдайларына қатысты көк китті сіз қандай топқа жатқызасыз?