Р. С. Рахметова Қазіргі қазақ тілінің синтаксисі



бет18/84
Дата25.11.2023
өлшемі0,57 Mb.
#126490
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   84
Байланысты:
Р. С. Рахметова-emirsaba.org

Тақырып бойынша сұрақтар: 
1.
Сөз тіркесінің байланысу тәсілдері дегеніміз не?
2.
Байланысу тәсілдері неше түрге бөлінеді?
3.
Сөз тіркесінің байланысу тәсілдері туралы ғалымдардың пікірі
қандай?
4.
Сөздердің
байланысу
формалары
қандай
лексика-
грамматикалық белгілерге негізделеді?
5.
Сөздердің байланысу формаларын бір-бірінен қалай ажыратуға
болады?
6.
Қиысу байланысы жөнінде тілші ғалымдардың пікірі қандай?

1-тапсырма. Сөйлемдерді сөз тіркесіне талдаңыз. Сөз тіркестерінің
жасалу тәсілін айтыңыз.
Теңіздің тұзды суында өсетін балдырлар жасыл балдырлардан 
өзгеше келеді. Олар теңіздер мен мұхиттардың түбінде жүздеген 
шақырым жерді қамтып өседі. Оған қоңыр және қызыл балдырлар 
жатады. Қоңыр балдырдың жасуша қабықшасының сырты созылыңқылы 
сілемейлі қабықшамен қапталған. Жасушасы – бір ядролы, вакуольдері 
біреу немесе көп болады (Газеттен).

2-тапсырма. «Теңіз» сөзін қатыстырып, бірнеше сөз тіркесін
құрастырыңыз. Оны байланысу тәсілі мен формасына қарай ажыратыңыз.
3-тапсырма. «Сауалнама-интервью стратегиясы» бойынша төмендегі
сұрақтарға жазбаша жауап беріңіз.


36


4-тапсырма. Мәтіннен сөз тіркестерін тауып, төмендегі сызбаның
ішіне байланысу формасына қарай теріп жазыңыз. Жасалу жолын
түсіндіріңіз.

Ақсақ киік 

Басқаларынан оқшау қала бастаған жаралы киік оқ тигеніне 
қарамастан, шоқақтап келеді. Құс сияқты қанаты болмаса да, жерден 
биік көтеріле алмаса да, жас киік әлі ширақ көрінеді. Бірақ киік пен 
шапқан аттар арасындағы қашықтық бірте-бірте қысқара түсті. 
Кедей ауылдың сыртында ойнап жүрген топ бала бұл көрініске 
таңырқай қалысыпты. Киіктер көзден таса болып, қуғыншылар әбден 
көрінбей кеткенше, топ бала аттылар соңында қалған бозғылт шаңның 
суретіне қарады да тұрды. Әсіресе топ баланың ішіндегі жасы онға 
жаңа келген қыз бала әлгі көріністерге зер сала қарады. Жас болғанымен, 
оның жүрегінде әлдебір аяныштың ізі қалып қойғандай еді. Елестей болып 
өте шыққан аңшыдан гөрі көкжиектен көтерілген аңның, дала бүркітінің, 
ақсаңдай басып жортқан тірі жемтік үстінен ойқастап, айнала ұшқаны 
балалардың назарын аударды. 
Қуғыншы мен киік тобы көрінбей кеткенмен, олардың қай шамада 
екенін көктегі бүркіттің бет алды бағдарынан байқаған боларлық еді 
(С.Бақбергенов). 

Қабыса
байланысқан


сөз тіркестері
Матаса
байланысқан сөз
тіркестері
Меңгеріле
байланысқан сөз
тіркестері
Жанаса
байланысқан сөз
тіркестері

5-тапсырма. Сөз тіркесінің құрылыс схемасын пайдаланып, түрлі
лексика-грамматикалық мағынадағы сөз тіркесінің байланысу түрлеріне
мысалдар келтіріңіз.
Сын.ес. – зат.ес. , Есімд. – Зат.ес. , Сын.ес. – Ет. , Үст. –Ет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   84




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет