Р. С. Рахметова Қазіргі қазақ тілінің синтаксисі



бет74/84
Дата25.11.2023
өлшемі0,57 Mb.
#126490
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   84
Байланысты:
Р. С. Рахметова-emirsaba.org

Сызықша да

мағынаға, функцияға орасан бай тыныс белгісі.
Мұның мағынасы мен функциясы үтірден де көп. Сызықша сөйлеудің
белгілі бір бөлшектерін басқа бөлшектерден бөлу үшін де, жақындастыру,
қосу үшін де, сөздердің арасындағы мағыналық, синтаксистік
қатынастарды айқындау үшін де қолданылады. Мұндай функцияда
қолданылғанда, сызықша кейде қосарлы, кейде дара болып келе береді.
а) Сызықша бастауыш пен баяндауыш мүшелер арасына қойылады.
Бұл орында ол бұл екі мүше арасында азды-көпті кідіріс барын білдіріп, ол
екеуін сөйлемнің басқа мүшелерімен шатастырмауға, бұл екеуінен
құралған сөйлемді оған ұқсас сөздер тіркесі мен шатастырмауға
жәрдемдеседі. Мысалы: Адам – ардақты ат. Астық – халық дәулеті.
ә) Өзінің алдындағы сөздің немесе сөздер тіркесінің мағыналарын
айқындау, саралап ашып көрсету үшін қолданылатын оңашаланған
айқындауышты бөлу үшін қойылады. Мұндай орында ол қосарлы түрде
қолданылады.
Бастауыштан кейін қойылатын сызықша.

Бастауыш та, баяндауыш та зат есімнен, заттанған басқа сөз
таптарынан болғанда, бастауыштан кейін сызықша қойылады. Әкесінің 
баласы – адамның дұшпаны. Адамның баласы – бауырың (Абай).

Бастауыш жіктеу, сілтеу есімдіктерінен, баяндауыш ІІІ жақтағы зат
есімнен немесе керісінше болып келгенде, бастауыштан кейін сызықша
қойылады. Бөкеншіден Сүгір баласы Әкімқожа – мынау. Бұл – бұйрық, 
қатал тыйым (М.Әуезов).

Бастауыш тұйық етістіктен, баяндауыш ІІІ жақтағы жалғаусыз зат
есімнен немесе бастауыш зат есімнен, баяндауыш тұйық етістіктен болса,
бастауыштан кейін сызықша қойылады. Біреудің бағалы жағын көре 
алмау, біреудің жетістігіне іші күю, бармағын тістеу – асқынған ауру. 
Бар қолынан келетіні – тапжылмай отыру (З.Қабдолов).

Бастауыш та, баяндауыш та сын есімнен не сан есімнен
жасалғанда, бастауыштан кейін сызықша қойылады. Адамның жаманы – 
мылжың. жақсысы – жомарт (Ж.Баласағұн). Бес жерде бес – жиырма 
бес.

Сан есімнен болған бастауышты күрделі сан есімнен болған
мүшеден ажырату үшін бастауыштан кейін сызықша қойылады. Жүз – 
жиырма беске бөлінеді. Жүз жиырма – беске бөлінеді.

Сілтеу есімдігі мен жіктеу есімдігінің ІІІ жағынан болған
бастауышты, сондай-ақ зат есім, сын есім, есімшеден болған
бастауыштарды көршілес түрған зат есімнен болған сөйлем мүшесінің
анықтауышы деп шатартырмас үшін, бастауыштан кейін сызықша
қойылады. Бұл – жазушының байқағыштығын көрсетеді («Қазақ
әдебиеті» газетінен). Көрмес – түйені де көрмес (Мәтел).


112
Бірыңғай мүшелерден кейін қойылатын сызықша. Сызықша бірыңғай


мүшеден кейін келіп, өзінің алдындағы мүшелердің мағынасын жинақтап,
топтастырып тұрған жалпылауыш сөздің алдына қойылады. Үлкен үйде 
Ұлжан, Айғыз, Ділдә – үшеуі ғана отыр екен (М.Әуезов).
Оңашаланған айқындауыш сызықшамен ажыратылатын жағдайлар. 

Оңашаланған айқындауыш өз ішінде бірыңғай болып, үтір қажет
болғанда, оны бірыңғай мүшеден ажырату үшін екі жағынан сызықша
қойылады. Біраздан кейін үйге Масғұттың тағы екі жолдасы – Жұмағұл 
мен Ақтай – кірді (М.Әуезов).

Жалғаусыз зат есімнен болған бастауыш өзін айқындайтын
мүшеден сызықша арқылы бөлініп тұрады. Бар тұлғасы Құнанбай тектес 
бұл жас әйел – осы үйдің келіні, Абайдың апасы – Мәкіш (М.Әуезов).
Құрмалас сөйлемдерге байланысты қойылатын сызықша. 

Жалғаулықтары түсіріліп айтылған қарсылықты салалас құрмалас
сөйлемнің арасына үтір мен сызықша қойылады. Алдымызда Есімбектің 
үйі тұр, - Шұға көрінбейді (Б.Майлин).

Жалғаулықсыз ыңғайлас құрмалас сөйлемдерде іс, оқиғаның бір
мезгілде, бір ыңғайда тез, шұғыл өткенін білдірсе, арасына сызықша
қойылады. Оттың жарығына сағатын төседі – тоғыз болып қалған екен 
(О.Бөкей).

Түсіндірмелі салалас құрмалас сөйлемдердің баяндауышы сонша, 
соншалық, сондай, сол, мынау, себебі сөздерімен ақталса, олардан соң
сызықша қойылады. Ашуланғаны сонша – өңінде ызаның ұшқындары 
шашырап тұрды (Ғ.Мұстафин).

Шартты бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемнің баяндауышы
шартты райдан жасалып, бағыныңқы сөйлемге ерекше мән бере айтылса,
одан соң сызықша қойылады. Отың жанбаса – қорлық, құсың алмаса – 
қорлық («Қазақтың мақал-мәтелдері» жинағынан).
Төл сөз бен автор сөзіне қойылатын сызықша. 

Автор сөзі төл сөзден кейін келгенде, төл сөзден кейін сызықша
қойылады. «Баланың жақсысы – қызық, жаманы – күйік», - деді Абай.

Егер төл сөз диалог түрінде болса, әр сөйлеушінің сөзі жаңа
жолдан алдынан сызықша қойылып жазылады.
Бұл – әскери-барлау мектебіне баратын кезіңіз ғой шамасы... 
Иә. 
Оған қалай түсіп жүрсіз? Білетіндер аталмыш әскери оқу орнына 
басқа ұлттың өкілдерін қабылдамайтын еді дейді ғой. 
Ол рас. Оған мен денсаулығымның мықтылығы мен есте сақтау 
қабілетімнің ерекшелігі арқасында ғана өттім. Мәскеу іргесіндегі әскери 
бөлімшеде қызмет етіп жүр едім, комиссияға шақырды... (Ж.Аупбаев).

Автор сөзі төл сөздің ортасында тұрса, автор сөзінің екі жағынан
сызықша қойылады.
Жоғары шық, – деді үйге кірген Асқарға Балтабек. – Ағаңның 
қолына су құй (С.Мұқанов).


113



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   84




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет