2
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
Филология және көптілді білім беру институтының ғылыми кеңесі
баспаға ұсынған.
Пікір жазғандар:
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің
профессоры, филология ғылымдарының докторы М.Атабаева
А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының профессоры,
филология ғылымдарының докторы З.Базарбаева
Қазақ
мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің
профессоры, филология ғылымдарының докторы Т.Н.Ермекова
Рахметова Райгуль Садуакасовна
Қазіргі қазақ тілінің синтаксисі. Оқу құралы. Алматы, 2017. –
бет.
Оқу құралында қазіргі қазақ тілінің синтаксис саласынан берілетін
білім мазмұны қамтылған.
Синтаксистің зерттелу жайы, сөз тіркесі,
сөйлем синтаксисі және пунктуация туралы айтылады.
Оқу құралында әр тақырыптан кейін
тапсырма және студенттің
өзіндік жұмыс (СӨЖ) тапсырмалары ұсынылған. Студенттің білімін
таразылауға мүмкіндік беретін сұрақтар
мен тест тапсырмалары да
берілген.
Оқу құралы филология факультетінің студенттері мен магистранттарына
арналған.