Р. Сыздык 1-том indd



Pdf көрінісі
бет12/180
Дата19.02.2023
өлшемі1,9 Mb.
#69286
түріБағдарламасы
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   180
Абай және «кітаби тіл»
Кейбір ғалымдар (І.Кеңесбаев, Ғ.Мұсабаев) Абай, Ыбырай-
ды «қазақтың жаңа жазба әдеби тілінің негізін салушылар» де-
ген тұжырымды ұсынғанда, жаңа сын есімін қолдануларынан 
«бұған дейін де қазақтың жазба әдеби тілі болды» деген-
ге меңзейтіні көрінеді. Абай мен Ыбырай тілдерінен өзге 
қазақтың ескі жазба әдеби тілі деп бірқатар тіл мамандары 
«өткен ғасырларда қазақтардың мәдени өмірінде қолданылған 
кітаби тіл» дегенді атайды
28
. «Кітаби тіл» деген терминнің де 
ұғымы қазақ филологиясында күні бүгінге дейін анық-айқын 
мәнге ие болмай келеді. Біреулер құбыжық, жағымсыз, енді 
біреулер жағымды мағыналық реңктермен қолдануларының 
үстіне, бұл атаудың («кітаби тіл») қазақ филологиясындағы 
ұғымы мен жалпы лингвистикадағы орысша «книжный язык» 
дегеннің аудармасы ретіндегі ұғымы мүлде бір-бірінен бөлек 
екенін көрсетеміз.
28
Мусабаев Г. Современный казахский язык. - Алма-Ата, 1959. - С. 107. 


31
Жалпы тіл білімінде кітаби сөз, кітаби лексика, кітаби 
конструкция деп ойды дәл, анық беру үшін жазба әдебиетте 
қалыптасқан элементтерді атайды
29
. Демек, бұл анықтамаға 
қарасақ, осы күнгі жазба тілімізде қолданылатын көрініс тап-
ты, екпінді қарқын, жұмыс алға басты, шетелдік қонақтарды 
жылы қабылдадық тәрізді публицистикалық стильге тән, яғни 
газет-журналдар бетінде ғана табылатын сөздер мен тіркестерді 
«кітаби тіл элементтері», яғни «кітаби лексика», «кітаби фра-
залар» деп әбден атауымызға болар еді. Бірақ қазір бізде, қазақ 
лингвистикасында, бұл терминді осы күнгі (Абайдан бертінгі) 
әдеби тілімізге қатысты еркін қолдана алмайтын жайымыз 
бар. Ол – шатастырып алмау қаупіміз. Өйткені кітаби деген 
атрибут XIX ғасырдың соңғы ширегінен бастап қазақ фило-
логиясында жоғарыда көрсетілген өзіне тән жалпы ұғымнан 
басқа категорияны білдіретін мағынада қалыптасып кетті. 
Осы атауды ең алғашқы қолданған Радлов, Васильев сияқты 
орыс ғалымдарының, орысша айтқанда, «аяқ-қолы жеңіл бо-
лып», бұл терминмен бізде тек қана шағатай (ортаазиялық 
түркі әдеби тілі) тілін немесе өзге түркі тілдері (мысалы, та-
тар т.б.) элементтері бар үлгілер тілін атайтын болып кетті. 
Алғашқы кезде орыс ориенталистері бұл сөзбен XIX ғасырда 
пайда болған: жаңа діни қисса-жырлардың тілін атаған. Мыса-
лы, В.В.Радлов: «Произведения киргизской
30
литературы сами 
киргизы разделяют на два отдела, народные изречения (қара 
сөз) и книжные песни (кітап өлең)... Книжные песни получа-
ют свои названия от того, что певец... читает их по писаной 
книге. Сочинители таких книжных песен – муллы, киргизские 
грамотеи»
31
, – деп жазады. Кейіннен, біздің кезімізде «кітаби 
29
О. С. Ахманованың сөздігінде бұған мынадай түсініктеме берілген: 
«Книжный– характерный для литературной письменной речи (свойственный 
письменной литературной речи) и отличающийся большим педантизмом и 
обстоятельностью вследствие необходимости обеспечитьточность выражения 
без обращения к контексту ситуации». (Словарь лингвистических терминов. - М., 
1966. - С. 198).
30
Өткен ғасырдағы қазақ халқы, әдебиеті, тілі туралы жазылған әдебиеттерде 
қырғыз сөзінің қазақ дегеннің орнына қолданылғандығы көпшілікке аян болған- 
дықган, әрдайым ескертіп отырмадық.
31
Радлов В. В. Образцы народной литературы тюркских племен, живущих в 
Южной Сибири и Джунгарской степи. Киргизское наречие. - Ч.І. - СПб., 1870. - С. 
XVIII.


32
тіл» деген атауды бірнеше ұғымда қолдандық. А.Н.Самойлович 
ұсынған термин бойынша «ислам дәуіріндегі ортаазиялық 
ортақ әдеби түркі тілі»
32
, Еуропа ғалымдарынша, «шағатай 
тілі» деген таза әдеби тілді әңгімелегенде де кейде «кітаби тіл» 
терминін пайдаланамыз. Сонымен қатар осы тілдің бір стилі 
ретінде ертеден Орта Азия түркі халықтарында қалыптасқан 
эпистолярлық-ресми әдебиеттің тілін де «кітаби тіл» деп 
атаймыз. Және таза шағатай тілінде емес, сол тіл мен татар, 
қазақ тілдерінің элементтерін араластырып жазған, «қазақ 
тілінде» деп ұсынылған әр алуан жанрдағы нұсқалардың, яғни 
діни қисса-дастандар, ислам канондарының аудармасы т.б. 
үлгілердің тілін де «кітаби тіл» деп жүрміз. Сөйтіп, үш бөлек 
категорияны бір атаумен білдіріп жүрген жайымыз бар. Тағы 
бір күңгірт жайт – осы үшеуінің қайсысы «қазақтың бұрынғы 
(Абайға дейінгі) жазба әдеби тілін танытады?» деген мәселе. 
Қазіргі отандық түркологияда орта ғасырлардан келе жатқан 
ортаазиялық түркі әдеби тілін (шағатай тілін) көне өзбек әдеби 
тілі деп тану теңденциясы басым. Ал Ғ.Мұсабаев мұны көне 
қазақ жазба әдеби тілі деп те таныды: «Поднепосредственным 
влиянием древнетюркского языка сложился так называемый 
чагатайский (древнеузбекский) письменный язык на основе 
арабской графики. Указанный чагатайский язык у тюркских 
народностей Средней Азии позже был литературным языком. 
Этот язык несколько отличается от казахского языка, но он 
был в общем понятен для носителей многих тюркских языков, 
в том числе и казахов. По этой причине этот книжный язык до 
XX в. существовал в обращении и в Казахстане»
33
. Ал қалған 
ғалымдардың көпшілігі қазақ даласында өмір сүрген бұрынғы 
жазба әдеби тілге қазақша жырланған діни қисса-дастандар мен 
кейбір діни тақырыпты аударма дүниелер тілін жатқызады
34
.
Қазақтың хан-сұлтандары мен кіші әкімшілік иелерінің 
XVIII-XIX ғасырларда орыс администрациясына және бір-
32


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   180




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет