Р. Сыздык 1-том indd



Pdf көрінісі
бет167/180
Дата19.02.2023
өлшемі1,9 Mb.
#69286
түріБағдарламасы
1   ...   163   164   165   166   167   168   169   170   ...   180
Байланысты:
Абай Р Сыздықова

Қарсы мәндес сөздер 
(антонимдер)
Мағыналары бір-біріне қарама-қарсы келетін сөздерді Абай 
көркемдеу, образ жасау құралы ретінде ұтымды пайдаланған. 
Ақын дүниеге көзқарасын ізгілік пен жамандық, өмір мен 
өлім, қастық пен достық, білімділік пен надандық сияқты 
кереғар іс-әрекет, құбылыстарды көрсету арқылы білдірсе, 
бұлардың тілдегі көрінісі – қарсы мәндес сөздерді пайдалануы 
заңды. Абай қарсы мәндес сөздердің баршасын дерлік образды 
күшейту үшін қолданған. Мысалы, «Ішім өлген – сыртым сау, 
Бүгінгі дос – ертең жау» деген жолдардағы барлық сөздер қос-
қос қарсы мәндес сөздер болып келеді: іш – сырт, өлген – сау, 


358
бүгінгі – ертеңгі, дос – жау. Кейбір сөздердің нақты мағынасын 
қатарындағы қарсы мәндес сөздерге қарап тануға болады. Мы-
салы: «Оқыған білер әр сөзді, Надандай болмас ақ көзді» де-
генде оқыған сөзінің семантикасы – жалпы бір нәрсені оқыған 
адам емес, сауатты, көзі ашық адам. Мұны бұл жердегі надан 
қарсы мәндес сөздерді білдіреді.
Кейбір сирек қолданылатын, жеке тұрғанда мән-мағынасын 
екінің бірі тап басып біле бермейтін сөздердің де Абай 
қолданысындағы семантикасын қарсы мәндес сөздерге қарап, 
оңай ұғуға болады. Мысалы, шәргез сөзінің «жөнсіз, қыңыр, 
шәлкес» мағынасы «Надан жөндіге жөн келмей, Білер қайдағы» 
деген тармақтарынан танылады. Сол сияқты: «Бұл сөзді тасыр 
ұқпас, талапты ұғар» деген сөйлеміндегі тасыр сөзі жалпы 
түсініктегі «есер, алаңғасар, тасырлаған (адам)» ғана емес, 
«еш нәрсеге ынтасы, талпынысы жоқ, еш нәрсені білмекке 
құмарлығы жоқ адам» деген семантикалық реңкі бар сөз екенін 
оның осы сөйлемдегі талапты қарсы мәндес сөзі көрсетеді. 
Тіпті қарсы мәндес сөздер ұғымдарды «Алла мықты жаратқан 
сегіз батыр» деп жұмбақтап, оның шешуін: «Қыс пенен жаз, 
күн мен түн, тақ пенен жұп, жақсылық пен жамандық болды 
сегіз» деп өзі береді. Өмір жайында философиялық ой қозғаған 
ақын сол өмірдің өзі тудырған қарама-қарсы құбылыстарды 
тілдегі қарсы мәндес сөздер арқылы поэтикалық құрал етіп 
алған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   163   164   165   166   167   168   169   170   ...   180




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет