Р. Сыздык 1-том indd



Pdf көрінісі
бет17/180
Дата19.02.2023
өлшемі1,9 Mb.
#69286
түріБағдарламасы
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   180
рап тәрізді жазып жүрген сөздеріміз Мүрсейіт қолжазбасында 
(1905 жылғы) әрдайым Хұдай, хызмет, хұрмет, хайуан, файда, 
шафкат, нәфсі, тараф, жафырақ, фарыз, қафа, хате, молла, 
Алла түрінде жазылған. Бұл сөздердің кейбіреулерінің орфо-
граммалары әлі күнге дейін тұрақталмағанын, екі-үш түрде 
таңбаланып жүргенін мойындаймыз: шапқат шафкат – 
шафхат, Алла – Алда, молла – молда, хайуан – қайуан; қате, 
құрмет, бақыт сөздерін біраз уақытқа дейін хате, хұрмет, ба-
хыт деп те жазып келдік.
4) Кейбір араб-парсы сөздері екі түрлі таңбаланады. Ол көбі- 
несе стильдік мотивте орындалған. Мысалы, «Қара сөздерінің» 
көпшілігі мен өлеңдерінде сипат, есеп түрінде жазылған бол-
са, діни тақырыптыларында сифат, хисап түрінде жазылған. 
Сол сияқты 38-сөзінде сөз басында жорнына й жазу (языл-
мыш, йырақ, яхсылық), тіпті үндестік заңын бұзып, шағатайша 
жазу да бар. Олардың көбі Абай шығармаларының біздің 
заманымыздағы басылуларында да көрсетіліп беріліп жүр.
Мысалы, 1957 жылғы екі томдықта перзентлерім (II, 194), адам 
ұғлы (II, 194), ғибрәтлендік (II, 211) т.т., ал басым көпшілігі 
Мүрсейіт дәптерлеріндегіден өзгертіліп, қазіргі орфографияға 
түсіріліп «түзетілген». Бұл – әрине, принциптік емес: түзетсек, 
күллісін түзетуіміз керек, жоғарыдағыдай әр жерде «шағатайша-
татарша» жазылғандарын қалдырар болсақ, барлық жерде де 
қалдыру керек. Сірә, Абайдың ғылыми немесе академиялық 
баспаларында, жазушы шығармаларының стильдік классифи-
кациясын дұрыс көрсету үшін, орфографиялық ерекшеліктерді 
мүмкіндігінше дұрыс берген жөн.
Сөйтіп, қорыта айтқанда, қазақтың жазу дүниесінде 
қолданылған кітаби тіл дегеннің осы көрсетілгендей белгі-
сипаттары болды да, бұл белгілер әр алуан дәрежеде кітаби 
емес қазақ әдеби тіліне де әсеретіп, із қалдырып отырды.
* * *
XIX ғасырдың II жартысында Қазақстанда кітаби тіл 
дегеннің жанданып етек алуына бірнеше фактор әсеретті. 
Әсіресе, бұған діни әдебиеттің дамуы үлкен себепкер бол-
ды. Өйткені шағатай тілі біз сөз етіп отырған кезеңде түркі 


41
тілдерінде жазылған мұсылманша теологиялық әдебиеттің 
ресми тіліне айналған болатын. Кітаби тілді С.Маловтың 
мұсылманша діни жаргон деуі де осыдан болар.
Екінші үлкен фактор, біздіңше, мынада: XIX ғасырдың 
II жартысында қазақ тілінде әдебиеттің публицистика, пе-
дагогика (мұсылманша оқуға қатысты), ғылыми баяндау 
тәрізді өзге жанрларының пайда болуы прозалық стильдерді 
өмірге әкелді. Бұл жағынан да ортаазиялық жазба әдеби 
тілге ен салудың қисыны бар, өйткені шағатай тілінде про-
за түріндегі тарихтың, дидактикалық және ғылыми әдебиет 
XV ғасырдан бастап-ақ дамыған болатын: «Проза (на ча-
гатайском языке) применяется в XV в. преимуществен-
но историками, используется в литературе дидактической 
и научной или полунаучной»
43
. Тұңғыш баспасөз – «Дала 
уалаяты», «Түркістан уалаяты» т.б. таза шағатай тілінде 
жазылмағанымен, осы тілге тән көптеген элементтерден 
аман бола алмағандығының басты себебі осыдан деп таба-
мыз. Ортаазиялық жазба әдебиет тілінің бірнеше ғасырлық 
дәстүрі XIX ғасыр түгіл, XX ғасырдың басындағы қазақша 
публицистика стилінде (мысалы, қазақша тілі жағынан ең 
күшті «Айқап» журналын қараңыз) ізін қалдырғаны да осы-
дан. Яғни шағатай тілінде прозалық стильдердің қалыптасып 
дамуы тек баспасөздегі публицистика емес, жаңа жазба әдеби 
тіл принципін ұсынған Абай тәрізді жазушының да публици-
стикасына («Қара сөздерінің» кейбіреулеріне) әсер еткенін 
көреміз. Бірақ Абайдың кітаби тіл дәстүрін пайдалануын-
да өзге қазақша кітаби тілдегі әдебиеттерден принциптік 
айырмашылығы бар. Ол – Абайдың публицистикасын өз 
ішінен тематикалық жағынан жанрларға бөлуі, яғни діни 
тақырыпты шығармаларына өз алдына тілдік стиль беруі. 
Кітаби тіл элементтері Абайдың бүкіл прозасына тән емес 
дегенді баса айтамыз. Және басым көпшілігіне тән емес
Абай «Қара сөздерінің» дені – қазақтың жаңа жазба әдеби 
тілінде жазылған публицистика. Ал 38, 12, 13-сөздер деп 
аталатын шығармаларында автор ислам дінінің ғибадаты, 
иманы, «сифатлары» т.т. туралы әңгіме қозғайды да бұларды 
«кітаби тілдік» стильде жазады, тіпті бір қарағанда, қазақша 
43


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   180




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет