Р. Сыздык 1-том indd



Pdf көрінісі
бет23/180
Дата19.02.2023
өлшемі1,9 Mb.
#69286
түріБағдарламасы
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   180
единица, ноль, трагедия, счет, коренной тәрізді соны сөздер 
Абайдың аударма емес, төл шығармаларында кездеседі. Бұл – 
бір. Және бұл– орыс тілінен қазақ тіліне сандық, сырттай әсері. 
Екінші – іштей, семантикалық әсері және басталған. Абайдың 
көптеген жаңа теңеулері, метафоралары, эпитеттері орыс 
тілінің моделімен (мағына жағынан) жасалғандығын проф. 
Қ.Жұмалиев «Абай поэзиясының тілі» атты еңбегіңде өте 
жақсы көрсетіп талдаған. Күңгірт көңіл, ұлыған ой, өкінді жол 
тәрізді семантикасы жағынан бір-біріне жуыспайтын сөздерді 
тіркестіріп жаңа образ жасауда сыртқы материал қазақтың 
халықтық тілі болғанмен, бұлайша тіркестіру принципі орыс 
әдебиеті ықпалымен дамыған.


55
Абай өлеңдерінің тіліндегі негізгі ойға қатысы жоқ артық 
сөздердің болмауы, аз сөзбен бар ойды білдіру сияқты негізгі 
ақындық шеберлігі де орыс әдеби тілі принципімен ұштасып 
жатқан тәрізді.
Сөйтіп, Абайдың (және Ыбырайдың) орыс тілі ықпалына 
қатынасында бұрынғы қазақ әдеби тілінде де, ауызекі сөйлеу 
тілінде де жоқ тенденция-бағыттар бар. Ол – орыс тілін қазақ 
әдеби тілінің дамуында негізгі әсер-үлгі алатын тіл деп тану. 
Кептерше сүйінісу, бір сағаттан бір сағат, еркекке мүйіз 
шығу т.б. тәрізді калькалар да осы әсер-ықпалға жатады. 
Екінші тенденция – лексикалық единицаларды, калькаларды 
тікелей орыстың жазба әдебиетінен алу, бұл әрекет жалғыз ау-
дарма арқылы емес, орыс әдебиетімен танысу (оқу) арқылы да 
жүзеге асатынын Абай өз творчествосында, өз тілінде көрсетті.
* * *
Қазақтың қазіргі жазба әдеби тілінің іргетасы қаланған 
тұсын сөз еткенде, осы жайға тікелей қатысты тағы бір 
мәселеге тоқталмай кетуге болмайтын тәрізді. Ол – диалектілік 
ерекшеліктер мәселесі. Қазақ филологиясында қазіргі әдеби 
тіліміздің тірек диалектісі болды ма, жоқ па, болса – қай диалекті 
негіз болды? деген сияқты сұрақтар Абай, Ыбырай тілдерін, 
жалпы XIX ғасырдың II жартысындағы қазақ әдеби тілін сөз ет-
кен тұста ара-тұра қойылып, бір-біріне қарама-қайшы екі пікір-
тұжырым тудырып отыр. Бірі – қазіргі жазба әдеби тілімізге 
белгілі бір диалект ұйтқы болған жоқ, өйткені осы күнгі жазба 
әдеби тіліміздің іргетасы қаланған дәуірден – ХІХ ғасырдың 
ІI жартысынан едәуір бұрын-ақ қазақтың жалпыхалықтық 
тілінде, оның ішінде, көркем әдеби тілінде межелері айқын 
ажыратылған диалектілік бөліністер жоқ болатын (жойылып 
кеткен), сондықтан қазақтың жаңа жазба әдеби тілінің негізін 
қалаған нұсқалар тілі – белгілі бір аймаққа тән диалектінің 
үлгісі емес, қазақ даласының күллі түкпіріне тегіс тараған 
тұтас әдеби тіл үлгісі дегенді қоштайды. Абай мұраларын зерт-
теп танушылардың басым көпшілігі (Әуезов М., Жұмалиев Қ., 
Кеңесбаев I., Сауранбаев Н., Мұсабаев Ғ., Балақаев М. т.б.) 
осы пікірді ұсынады. Ал екінші пікірді айтушылар (Аман-
жолов С.) Абай қазақ тілінің солтүстік-шығыс диалектісінде 
жазды, сондықтан қазіргі әдеби тіліміздің негізі осы аталған 
диалект дегенді ұсынады.Бұл тұжырым бойынша, «солтүстік-


56
шығыс диалектісі» деп аталуға тиісті қазақ диалектісіндегі 
жергілікті ерекшеліктердің баршасы әдеби нормаға жатады, 
сондықтан Абай шығармалары тіліндегі кейбір жеке сөздер 
қазіргі әдеби пайдамызға жарамай қалған болса, оның себебін 
бұл сөздердің солтүстік-шығыс диалектісіне жатпағандығынан 
іздеуіміз керек болады
51
. Бұған қарағанда, екі түрлі мәселеге 
назар аударып, фактілер іздестіруге мәжбүр боламыз. Бірі – 
Абай тіліндегі сөздердің күллісі қазірде әдеби норма ма, яғни 
бұл күнде Абай өлкесіне тән жергілікті ерекшелік болып та-
былатын жеке сөздер Абай тілінде ұшыраса ма екен, екіншісі 
– Абай өзге «диалектілерге», яғни өзге, шалғай өлкелерге тән 
элементтерді пайдаланды ма екен?
Абай туып-өскен, жазушылық құрған өлке – Семей облысы- 
ның қазіргі Абай, бұрынғы Шыңғыстау ауданы. Бұл Қазақстан 
жерін диалектілік ерекшеліктерге қарай шамалап бөлгенде 
шығыс өлкесіне жатады.
Қазіргі әдеби тіліміздің нормасымен салыстырғанда, бұл 
өлкеде де жергілікті ерекшеліктер бар. Және олар арнаулы 
зерттеулерге қарағанда, сан жағынан да, сипаты жағынан өзге 
аймақтардағыдан кем емес
52
.
Диалектологтардың қазіргі кезде Абай туып-өскен аудан- 
дарға және жалпы шығыс аймаққа тән деп атап жүрген лекси- 
калық ерекшеліктерінің бірқатарын Абай текстерінен таба-
мыз. Мысалы, диалектолог-мамандар Семей өлкесінде кердең 
сөзі «паң, менмен, дандайсыған» деген мағынада жергілікті 
ерекшелік ретінде кездеседі деп көрсетеді
53
. Осы сөзді Абай 
51


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   180




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет