Р. Сыздык 1-том indd



Pdf көрінісі
бет3/180
Дата19.02.2023
өлшемі1,9 Mb.
#69286
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   180
Жұмалиев Қ. Қазақ әдебиеті тарихының мәселелері және Абай поэзиясының тілі. 
- Алматы, 1960. - 2-т.
2
Жұбанов Қ. Абай – қазақ әдебиетінің классигі // Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. 
- Алматы, 1966; Кенесбаев С. Абай – основоположник казахского литературного языка 
// Советский Казахстан. - 1955. - № 9; Сауранбаев Н. Роль Абая в развитии казахского 
литературного языка // Жизнь и творчество Абая. - Алма-Ата, 1954; Кенжебаев Б. Абай 
– казақ халқының жаңа әдебиетінің негізін салушы // Ученые записки КазГУ. - Язык и 
литература. - 1955. - Т. 19 т.б.

Жансүгіров I. Абайдың сөз өрнегі // Әдебиет майданы. - 1934. 11-12-б.; Әуезов М. 
Абай (Ибрагим) Құнанбайұлы // Әр жылдар ойлары. - Алматы, 1959; Мұқанов С.Абай 
Құнанбаев // Жарқын жұлдыздар. - Алматы, 1964; Жұмалиев Қ. Абай (Ибраһим) 
Құнанбаев. XVIII-XIX ғғ. қазақ әдебиеті. - Алматы, 1967; Сильненко М.С. Творческая 
биография Абая. - Алма-Ата, 1957; Әлімқұлов Т. Абай. Алматы, 1954; Сүйіншәлиев X. 
Абайдың қара сөздері. - Алматы, 1956; Исмаилов Е.Об особенностях поэтики Абая // 
Известия Каз ФАН ССР. - Серия языка и лит. - Алматы, 1945. - Вып. 1; Аманжолов С. 
Вопросы диалектологии и истории казахского языка. - Алма-Ата, 1959: Аманжолов 
С. Қазақтың әдеби тілі (Көпшілікке арналған лекцияның стенограммасы). - Алматы, 
1949; Мусабаев Г. Становление и развитие казахского литературного языка и вопросы 
казахской диалектологии. - Алма-Ата, 1952; Кеңесбаев С., Мұсабаев Ғ. Қазіргі қазақ 
тілі (лексика, фонетика). - Алматы, 1962; Мусабаев Г. Современный казахский язык. 
Лексика. - Алма-Ата, 1959; Кенесбаев С. Развитие казахского литературного языка 
в советское время // М.О.Ауэзову. - Алма-Ата, 1959; Кенесбаев С. О казахском 
литературном языке // Очерки истории казахской советской литературы. - М., 1960; 
Балақаев М. Әдеби тілдің дамуы туралы бірер сөз // Қазақ тілі мен әдебиеті. - 1958. - 
№1; Балақаев М., Жанпейісов Е., Томанов М. Қазақ әдеби тілінің мәселелері. - Алматы, 
1961; Қордабаев Т. Қазақ жазбалары тілінің синтаксисі. - Алматы, 1966 т.б. (бұл тізім 
әсте толық емес екенін ескертеміз, газет беттеріндегі мақалалар мен кейбір журнал 
беттеріндегі материалдарды бұл жерде түгел тізіп шығу мүмкін деп таппадық).


8
Абай тіліндегі кейбір жеке жайларға арналған мақалалар да 
шыға бастады
4
. Абай шығармаларының текстологиясы туралы 
жазылған Қ. Мұхаметхановтың еңбегі
5
мен осы тақырыпты сөз 
еткен Ы.Дүйсенбаев пен З.Ахметовтің, Т.Әбдірахмановтың, 
Қ.Өмірәлиевтің, М. Сәрсекеевтің т.б. жеке мақалалары қалам- 
гер тілін танып-білуде айтарлықтай үлес қосқанын білдіреміз.
Міне, осы көрсетілген еңбектер біздің бұл жұмысымыздың 
орындалуына тікелей жәрдемін тигізіп, ғылыми тірек-тая- 
ныш болды. Олардың бірқатарын басшылыққа алдық, енді бір- 
сыпырасы қосымша материал беріп, ой салды, үшінші біреу- 
лерімен пікір сайыстырдық. Қысқасы, абайтану саласында 
оның тілі туралы өзімізден көп бұрын дұрыс айтылған негізгі 
пікір-тұжырымдар мен жалпы бағыт қазақ әдебиетінің ұлы 
классигінің тілін енді нақтылы түрде талдай бастауымызға 
жөн сілтеп, жол ашқанын баса айтамыз.
Талдауымыздың дені лексикология саласында болғандық- 
тан және оны тарихи даму тұрғысынан қарағандықтан, бізге сан 
алуан лексикографиялық еңбектер зор көмегін тигізді. Олар- 
дың ішінде сөз етіп отырған дәуірде шыққан екі тілдік 
(қазақша-орысша, орысша-қазақша) сөздіктер көп материал 
берді. Сондай-ақ өткендегі әлеуметтік, экономикалық, саяси-
праволық т.б. жағдайларға қатысты қолданылған кейбір тер-
миндер мен зат атауларын білуде бізге тарих, экономика, 
право салаларынан жазылған ғылыми әдебиет көп мағлұмат 
4
Балжанов Ш. Абай поэзиясында етістіктерді қолданудың стильдік ерекшеліктері 
// Қазақ ССР ҒА Хабарлары. - Филология мен өнер тану сериясы. - 1962. №3; 
Сулейменова Б. О русских словах в произведениях Абая // Известия АН КазССР. - Серия 
общественных наук. Алматы, 1964. - Вып. 4; Жанпейісов Е. Абай Құнанбаев пен Мұхтар 
Әуезовтың тіліндегі стильдік кейбір ортақ өрнектер // Қазақ ССР ҒА Хабаршысы. - 
1962. - №11; Сыздықова Р. Абай шығармаларында -ар жұрнақты тұлғаның қолданылуы 
// Қазақ тіл білімінің мәселелері. - Алматы, 1959. - 1-т. Сыздықова Р. Абайдың қара 
сөздеріндегі -мақ аффиксті тұлға жайында // Қазақ ССР ҒА Хабарлары. - Филология 
мен өнер тану сериясы. - Алматы, 1959. - 1 шығуы; Сыздықова Р. Абайдың прозалық 
шығармаларындағы кейбір морфологиялық тұлғалардың сипаты // Қазақ ССР ҒА 
Хабаршысы. - Алматы, 1959. - №5; Сыздықова Р. Абай шығармаларындағы кейбір 
шылаулардың қызметі // Қазақ тілі мен диалектологиясының мәселелері. - Алматы, 
1963. - 5-шығуы; Сыздықова Р. Абай тілінде күрделі ойдың берілуі // Қазақ тілі тарихы 
мәселелері. - Алматы, 1965; Нұрпейісов Р. Абай шығармаларының лексикасы туралы // 
Халық мұғалімі. - 1954. - № 6 т.б.
5
Мұхамедханов Қ.Абай шығармаларының текстологиясы жайында. - Алматы, 
1959.


9
берді. Қазақ тілінің тарихи лексикологиясын зерттеуде Е.Бек- 
маханов, Б.Сүлейменов, Т.Күлтелеев, Т.Тәжібаев, С.Зиманов, 
С.Толыбеков, Ф.М.Шахматов т.б. тәрізді өзге саладағы ғалым- 
дардың еңбектерінде келтірілген қазақша атаулар өте құнды 
материалдар болып табылатындығына назар аудартамыз. Өйт- 
кені ол атаулардың көбін көркем әдебиет үлгілерінен таба ал-
маймыз, ал аталған ғылымдар саласынан өткен ғасырларда 
қазақша жазылған материалдар және аз. Сондықтан жоғарғы 
зерттеушілер келтірген қазақша жеке сөздердің тіл білімі үшін 
бағасы зор болмақ.
Абай тілін зерттеуде оның алдындағы, тұсындағы өзге 
қаламгерлер тілін, әсіресе, жаңа жазба әдеби тіліміздің негізін 
қалаушының бірі – Ыбырай Алтынсарин тілін қажетінше қоса 
талдап отырдық. Бұлардан келтірілген материалдар, көбінесе, 
1962 жылы оқушы жұртшылығына ұсынылған «XVIII-XIX 
ғасырлардағы қазақ ақындарының шығармалары» атты кітап 
бойынша берілді, сондықтан біз мысалдың документациясын 
тек автордың аты және осы кітаптың бетін білдіретін цифрмен 
ғана көрсеттік. Сондай-ақ өткен ғасырда шыққан хрестома-
тия, сөздік т.б. кітаптардың аттарын да қысқартып көрсеттік 
(қысқартулардың толық аты-жөндері кітап соңында берілді). 
Келтірілген фактілердің текстуалдық мәні және қай кезде хатқа 
түскен нұсқадан алынғандығының маңызы зор болғандықтан, 
көбінесе, сол нұсқалардың шыққан жылын көрсетіп отыруды 
жөн көрдік.
Абайдың өзінен келтірілген мысалдар оның 1957 жылғы екі 
томдық шығармалар жинағы бойынша алынды да, сілтемеде 
жақша ішіне томның нөмірі мен беті ғана көрсетілді. Онда кет-
кен текстуалдық ағаттықтарды (біздің талдауымыз үшін үлкен 
мәні барларын) жол-жолай көрсетіп отырдық. Ыбырай Алтын-
сариннен келтірілген фактілер, көбінесе, оның 1879 жылы өзі 
шығарған хрестоматиясынан алынды.
Кітап көлемін ұлғайтпау мақсатымен өлең тармақтарын 
прозадағыша бір-біріне жалғастырып қатар жаздық, тек әр тар- 
мақтың (өлең жолының) бас әріптен басталып жазылуын 
сақтадық.


10
Осы кітаптағы «Кейбір морфологиялық тұлғалардың қыз- 
меті» және «Кейбір морфологиялық тұлғалардың сыртқы 
формасы жағынан варианттылығы» деген екі тақырыпша 
(көлемі 1,5 баспа табақтан) біздің «Абай прозасы тілінің мор- 
фологиялық ерекшеліктері» атты кандидаттық диссертация-
мыздан алынып, ықшамдалып, кейбір өзгерістермен берілді.
Қорытынды пікірлеріміз бен тұжырымдарымыз әрбір тақы- 
рып, тарау сонында беріліп отырылды.
Кітап көлемі көтермегендіктен, пайдаланылған әдебиеттер 
тізімі мен жұмыста арнайы талданған жеке сөздер мен тұлға- 
лардың тізімін бере алмадық.
Автор


11
І ТАРАУ
_______________________________


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   180




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет