Р. Сыздык 1-том indd


АБАй – ҚАЗіРГі ҚАЗАҚ ЖАЗБА ӘДЕБИ Тілінің



Pdf көрінісі
бет4/180
Дата19.02.2023
өлшемі1,9 Mb.
#69286
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   180
АБАй – ҚАЗіРГі ҚАЗАҚ ЖАЗБА ӘДЕБИ Тілінің 
нЕГіЗін ҚАлАУшы
Абай өмір сүрген дәуір мен орта
(кіріспе ретінде)
Өз сөзімен айтсақ, «соқтықпалы, соқпақсыз» жерде, Құдай- 
берген Жұбанов тілімен айсақ, «классик Рим емес, Сарыарқа- 
ның шөлінде үдере көшкен қайшылық өмірде» жазушылық 
құрған Абайдың заманы – XIX ғасырдың екінші жартысы – 
қазақ халқының тарихында өткен дәуірлермен салыстырғанда 
ерекше орын алған кезең болды. Бұл кезде Қазақстан жерінің 
түгелімен Ресейге қосылу кезеңі аяқталып, соның нәтижесінде 
және қазақ қоғамы дамуының объективті зандылықтарына 
сай көптеген өзгеріс-жаңалықтар пайда болғаны мәлім. Ол 
өзгерістер қоғам құрылымында да, елдің экономикалық тұр- 
мысында да, ел билеу жүйесінде де және мәдени-рухани 
өмірінде де орын алды. Кейбір әлеуметтік топтар тарих төрінен 
кетіп, жаңалары пайда болды. Қанаушы мен қаналушылардың 
жаңа түрлері дүниеге келді. Қазақ қауымының экономикасының 
тұрмысында егіншілік, сауда, ішінара өндіріс кәсібі тәрізді 
құбылыстар жанданып, күшейді. Қазақ қоғамының орыс 
халқымен қарым-қатысы да жаңа сипатқа ие болды. Қазақстан 
жерінде қалалардың орнап, ұлғаюлары, орыс шаруаларының 
келіп қоныс тебулері екі халықтың еңбекші бұқарасының 
жүзбе-жүз көрісіп, араларында қарым-қатынас орнауына 
мүмкіндік берді.
XIX ғасырдың II жартысында қазақ даласында болған 
қоғамдық-саяси өзгерістер мен оқиғалар мұндағы адамдардың 
мәдени-рухани өмірін баяғы қалпында қалдыра алмады. Кең 
далаға қазақ тілі тарихында із қалдырған рухани, мәдениет 
факторлары келе бастады.
Мұның ішінде ең алдымен оқу-білімнің едәуір таралуын 
атауға тура келеді. Бұл оқу-білім екі сипатта болды: бірі – діни, 


12
яғни мектептер мен медреселерде және ауыл молдаларында 
мұсылманша оқу, екіншісі – үкімет тарапынан ашылған школ-
дар
6
мен училищелерде және орыс мектептерінде азаматтық 
білім беру. Бұлардың қай-қайсының да саны аз болды және олар-
да оқығандар да көп болмады, дегенмен жыл сайын ұлғая түсіп 
отырды. Мысалы, Ішкі Ордада үкімет школдарында 1891/92 оқу 
жылында небары 160 қазақ баласы оқыса, 1898 жылы 573 бала 
оқыпты
7
. Азаматтық оқу-білім беру ісі Қазақстанның солтүстік-
батыс аудандарында едәуір жақсы жүргізілді. Мұнда тұңғыш 
ағартушы-демократ Ыбырай Алтынсариннің рөлі мен қызметі 
айрықша болды. Үкімет школдарының көпшілігінің жанында 
интернат болды (Интернатта оқып жүр Талай қазақ баласы – 
Абай). Бір кластық және екі кластық деп бөлінетін бұл школдар 
5-6 жылдық программамен қазақша-орысша азаматтық жалпы 
білім беруді көздеген. Бұлар мұғалімдерді, хат жүргізушілерді, 
тілмаштарды және әкімшілік аппаратының кіші чиновниктерін 
даярлап шығаратын болған. Бұл мектептер де сан жағынан көп 
емес. Бүкіл Қазақстанда XIX ғасырдың II жартысында небары 
100 шақты орыс-қазақ школдары болып, оларда 4000-ға жуық 
бала оқыған
8
. Кейбір отаршылдық мақсат көздегенімен, бұл 
школдардың маңызы зор еді. Алғашқы қазақ ағартушылары 
мен интеллигенциясы осылардан тәрбиеленгендер және 
қазақ халқын орыс мәдениетімен, әдебиетімен, тілімен жақын 
таныстырған осы мектептер болды.
Қазақ халқының мәдени өмірінде зор маңызы болған 
екінші құбылыс – кітап басу ісінің айтарлықтай өсуі. Егер 
бүкіл XIX ғасыр бойына қазақ тілінде 70-80 кітап шыққан 
болса, олардың дені ғасырдың II жартысында басылды
9

Бұл кітаптардың көпшілігі көлемдері шағын, өздері араб 
әрпімен басылды. Әрине, бұлардың ішінде орыс шрифтісімен 
шығарған Ы.Алтынсариннің «Киргизская хрестоматиясы» 
мен орыс оқымыстыларының кітаптары оқшау тұрады. Араб 
6
Мұсылманша діни білім беретін сол кездегі мектеп дегендерден ажырату үшін 
өткен ғасырдағы тіл тәжірибесінін үлгісімен біз де әдейі школ деп атап отырмыз. Ол 
туралы толығырақ «Лексика» бөлімінен 220-бетті қараңыз.

Тажибаев Т. Просвещение и школы Казахстана во ІІ половине ХІХ в. - Алма-Ата, 
1962.
8
Қазақ ССР тарихы. - Алматы, 1957. - 1-бөлім. - 451-б.
9


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   180




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет