Р. Сыздык 1-том indd


рия т.б. қатысты жазылған кітапшалар



Pdf көрінісі
бет7/180
Дата19.02.2023
өлшемі1,9 Mb.
#69286
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   180
рия т.б. қатысты жазылған кітапшалар: «Трахома деген жа-
ман көз ауру», «Жамандату, қойдұрғы турасында», «Қышыма 
турасында», «Егіншінің қызмет аты жайында» т.т.
10. Қазақша-орысша және орысша-қазақша сөздіктер: 
Русско- киргизский и киргизско-русский словарь. Сост. Иш-
Мухамед Букин (1883), Киргизско-русский словарь (1897), 
Краткий русско-киргизский словарь (1893), Спутник русского 
человека в СреднейАзии, заключающий в себе словари (1878), 
Материалы к изучению киргизского наречия Н.Ильминского. 
Словарь (1861) т.б.
11. Қазақ тілі грамматикасын талдаған, бірақ орыс 
тілінде жазылған еңбектер, оқулықтар, олардың ішіндегі 
қазақша мысалдар, текстер: Н.И.Ильминский Матери-
алы к изучению киргизского (казахского) наречия (1861), 
А.Е.Алекторов К мудрости ступенька. Азбуки для учеников 
начальных русско-киргизских школ (1891), И.А.Алтынсарин 
Начальное руководство к обучению киргиз русскому языку 


19
(1871), М.Бекчурин Начальное руководство к изучению араб-
ского, персидского и татарского языков с наречием бухарцев, 
башкир, киргизов и жителей Туркестана (1869), Н.Лаптев 
Грамматика киргиз-кайсацкого языка (1898), Н.Лаптев Мате-
риалы по казак-киргизскому языку (1900), П.М.Мелиоранский 
Краткая грамматика казак-киргизского языка. І и II части (1894, 
1897), Н.Н.Пантусов Материалы по изучению киргиз-казах-
ского наречия (1899-1904), Первоначальный учебник русского 
языка для киргизов (1893), М.Терентьев Грамматика турецкая, 
персидская, киргизская и узбекская (1875) т.б.
12. ыбырай Алтынсариннің көркем шығармалары. 
Бұл әдебиеттер мазмұны мен мақсаты жағынан әр алуан 
болды: бірқатары қазақтың көркем әдебиет үлгілеріне жат-
са (ауыз әдебиеті нұсқалары, жеке ақындар өлеңдері, шығыс 
әдебиеті аудармалары, Ыбырайдың көркем шығармалары 
т.б.), бірсыпырасы оқу-ағарту мақсатымен пайда болды. Бір 
топ әдебиет публицистикалық жанрдың үлгісіне жатса (га-
зеттер, көпшілікке арналған кітапшалар), енді бір тобы дінді 
уағыздауға (ислам дінін де, христиан дінін де) арналды. 
Бұлардың ішінде сөздіктер – бір алуан дүние.
Мазмұны мен мақсаты жағынан сан түрлі топқа бөлінген- 
мен, бұл көрсетілген әдебиеттер тілі жағынан екі үлкен топқа 
жинақталады:
Бірінші топқа қазақтың жалпыхалықтық тілін негіз еткен 
үлгілер кіреді. Бұған Абай, Ыбырайдан бастап, тарихи қазақ 
әдебиеті өкілдері – ақын-жыраулар (кертартпа идеологияны 
жақтаушылары да, жаңашыл-демократтары да) мұралары, 
ауыз әдебиеті нұсқалары, шығыс классик әдебиетінің қазақша 
жырланған үлгілері, баспасөз тілі, әр алуан грамматикалар, 
қазақ-орыс школдарына арналған оқулықтар, сөздіктердегі 
қазақша материалдар, медицина, ветеринария тақырыптарына 
жазылған көпшілікқолды кітапшалар және христиан дінін 
уағыздайтын миссионерлік әдебиет жатады. Бұл топқа енген 
үлгілер, әрине, тазалығы мен көркемдігі жағынан біркелкі емес, 
бірқатары таза халық тілі негізінде болса, тұңғыш баспасөз бен 
шығыс әдебиетінен аударылған поэмалар тілінде және кейбір 
жеке ақындар тілінде кітаби тіл элементтері де болды.


20
Екінші топқа түркі халықтарының көпшілігінде бірнеше 
ғасыр бойы өмір сүріп келе жатқан ортаазиялық түркі әдеби 
тілі немесе шағатай тілі (қазақ филологиясында «кітаби тіл») 
атанған тіл нормаларын негіз еткен, дәлірек айтсақ, негіз ету-
ге тырысқан үлгілер кіреді. Бұларға мұсылман (ислам) дінін 
уағыздайтын қиссалар, ислам діні тәртібін үйрететін аударма-
лар және қазақша жазылған ресми кеңсе қағаздары жатады.
Бұл әдебиеттердің халыққа тарату жолы екі түрлі болды. 
Басым көпшілігі әңгіме етіп отырған дәуірде кітап, газет 
шығару ісінің едәуір жанданғанына байланысты жазба түрде 
таралды. Көпшілігі араб графикасымен басылды. Соны-
мен қатар орыс графикасы да қолданылды. Ы.Алтынсарин 
«Хрестоматиясының» 1879 жылғысы, Васильев, Алекторов 
құрастырған оқулық-хрестоматиялар, Радлов, Ильминскийдің 
кітаптары, христиан діні миссионерлерінің кітапшалары орыс 
әрпін пайдаланды.
Көркем әдебиет үлгілерінен жазба түрде көбірек таралғаны 
ауыз әдебиеті үлгілері болды. Өткен ғасырдың I жартысынан 
бастап-ақ жиналып, жазылып алына бастаған фольклорлық 
мұраның көпшілігі XIX ғасырдың II жартысында жариялана 
бастады. Олар екі түрде: бірінші – жеке-жеке кітапша болып 
араб әрпімен шықты: «Ер Тарғын» (1862, 1876, 1879, 1881, 
1898)
12
, «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» (1878, 1879, 1890, 1894, 
1896), «Қисса Қамбар» (1888, 1896), «Қисса Қыз Жібек» (1894, 
1896, 1899, 1900), «Қисса Айман-Шолпан» (1896, 1901), «Қисса 
Алпамыс» (1899, 1901), «Пословицы, записанные со слов кир-
гиз Тургайской области» (1892) т.б. Екінші – орыс ғалымдары 
мен ағартушылары, қазақ ағартушылары (Ы.Алтынсарин) 
құрастырған хрестоматияларда, үлгілерде және басқа кітаптарда 
(жинақтарда) жарияланды. Радлов В.В. «Образцы народной ли-
тературы. Т. III (Киргизское наречие). 1870; Березин И. Турец-
кая хрестоматия Т. III. 1876. Васильев А.В. Образцы киргизской 
народной словесности. Вып. I. Киргизские сказки, 1898. Лютш 
Я. Киргизская хрестоматия. 1883 т.б.).
12
Әңгіме өткен ғасырдың II жартысындағы кітаптар болғандықтан, бұл 
жырлардың 1900 жылдан кейінгі басылғандарын көрсетпедік.


21
Көркем әдебиеттің жеке ақындар творчествосына қатыс- 
тылары да екі түрлі жарияланды. Бірен-сараны ғана жеке кітап 
болып ұсынылды: Дулаттың «Өсиетнамасы» (1880). Әубәкір 
Кердерінің «Әдебиет қазақиясы» (1905), Шортанбайдың 
«Қисса-и-Шортанбайы» (1890), Мұраттың «Үш қияны», «Бала- 
зары» т.б. Ал қалғандарының шығармалары қолжазба күйін- 
де және ауызша жаттап алып айтып беру түрінде тарады. 
Ілгергі кезеңдерде Бұқар, Шал, Тәтіқара, Үмбетей, Жанкісі, 
Ақтамберді, Махамбет, Досқожа, Нысанбай, Жанұзақ, Шерни-
яздардан бастап, біз сөз етіп отырған кезеңде жасаған Жанақ, 
Орынбай, Шөже, Арыстан, Кемпірбай, Сүйінбай және... Абай 
өлеңдері өз тұстарында баспа беттерін түгел көрген жоқ (тіпті 
қазірдің өзінде де бұлардың күллі творчествосы қағаз бетіне 
түсіп болды дей аламыз ба?).
Ауыз әдебиеті мұраларының да басымы ауызша түрде та-
рады.
Әсіресе, мақал-мәтел, жұмбақ, жаңылтпаш, ертегі, тұрмыс-
салт өлеңдері бұрыннан да ауызша сақталып келді. Және 
сөз етіп отырған дәуірде де негізінен ауызша таралды. Олар 
түгіл үлкен-үлкен эпостық полотнолардың да әр алуан ва-
рианттары түгел баспа бетін көрмей, ауыздан ауызға жаттай 
отырып жеткізілді. Әдебиеттің ауызша сақталып, ауызша 
таратылуының олардың тіліне ететін әсері мен салдары елеулі 
болды.
Сондай-ақ әдебиеттің жазба түрлерінің де дамуы тілге 
ықпалын тигізді.
Міне, Абайды қоршаған әдебиет түрлері мен олардың 
тілдерінің жалпы сипаты осындай еді. Абайдың бұларға 
қарым-қатысы мен көзқарасы, әрине, біркелкі болған жоқ. 
Бірқатары, мысалы, жалпыхалықтық тілде жырланған бай 
ауыз әдебиеті үлгілерінің тілі ұлы жазушының нәр алған 
бұлағы болса, сол жалпыхалықтық тілде жырларын кейбір 
жеке ақындар тіліне Абайдың сынай қарағаны байқалады. Ал 
кітаби тіл үлгілеріне деген көзқарасы мен талғамы өз алдына 
бір бөлек (Бұлар жайында келесі тақырыптарда ашып айты-
лады).


22


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   180




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет