Р. Сыздык 6-том indd


соғыс,  аттаныс, қырқысу, өлтіру,өлу



Pdf көрінісі
бет102/154
Дата21.12.2023
өлшемі1,64 Mb.
#141972
түріБағдарламасы
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   154
соғыс, 
аттаныс, қырқысу, өлтіру,өлу
сияқты өмір шындығы 
болғандығы даусыз. Сондықтан әскери лексика деп атала-
тын сөздер тобының бұлардағы көрінісінің мәні айрықша: 
екі-үш, кейде тіпті үш-төрт ғасыр бұрын қолданылған қару-
жарақ, киім-кешек атауларының ұмыт болғандары еске салы-
нады, мағыналары түсіндіріледі. Сондай сөздердің бір тобы – 
қазақ, қалмақ әскерлерінің құрылымы: ұрысқа шығатын әскер 
құрамының оң канаты, сол канаты, алдыңғы шебі, ортасы, 
соңы дегендей бөлімдерінің арнаулы атау лары болған. Әскери 
шендердің де түркіше-монғолша атауларын дұрыс келтіру – 
тарихи роман, тарихи көркем шежіре жазушылардың бірден-


197
бір міндеті. Айталық, М.Ма ғауин XVI-XVII ғасырлардағы 
қазақ армиясының құрамы 
оң жанақ, сол жанақ, маңдай 
немесе 
маңдай сүбе, жұңғар, барұңғар
деген құрамдардан 
тұратындығын баяндайды. Бұл ретте 

уыл /-уіл
жұрнағымен 
жасалған атаулар көзге түседі. Мысалы, Мұхтар Мағауин ро-
манында 
тұтқауыл –
қорғаушы (сторожевой полк), 
ертауыл –
шолғыншы (авангард) деп көрсетілсе, XVIII ғасырдағы Абылай 
хан – Қабанбайлардың әскерінде 
жасауыл –
ауыз үйдің сыртқы 
босағасында тұратын топ; 
тосқауыл
топ – ортадағы жасақ; 
ер-
тауыл –
көп жылқы мен қалың көшті қорғап-қоршап жүретін 
жасақ, кей жерде 
шолғыншы ертауыл жасақ
деп аталады, 
тұтқауыл 
– әскердің артқы жағындағы топ; 
бақауыл
– жорық 
кезінде әскердің азық-түлігін дайындап, көбінше жорықтағы 
әскердің артқы тобын құрайтындар, 
оң қол, сол қол
және 
маңдай
топ
деп бөлінетін жасақтар деп түсіндіріледі; 
қарауыл
термині 
де – мұнда осы күнгідей тек «күзетші» мағынасындағы сөз 
емес, сірә, жау қарасын бірінші болып көріп, ұрысқа кіретін 
топ (отряд, полк) та осылай аталған сияқты. Ал әскердің 
(армияның) өзі сандық бөлінісі жағынан 
лек
(бір мың), 
түмен 
(он мың) деп танылады.
Ұрыс-соғысқа қатысты «бірқатар іс-қимыл атаулары 
Қ.Жұмаділовтің кітабында жақсы орын алған. Мыса лы: 
ту 
түбінен табылу
– әскери жасақ болып белгілі бір жорыққа 
(ұрыс-соғысқа) аттануға және белгілі бір қолбасшының 
қол астына жиналу; 
қаптама соғыс 
немесе 
қаптама ұрыс
– 
жасақтардың екі бүйірден бірден айқасқа шығуы, 
түзем құру
– «сап түзеу» (
түзем
– өте әдемі және мағынасы жағынан дәл 
жасалған көне терминді Қабдеш өзі жасады ма, жоқ, бұрыннан 
бар ма, әйтеуір, жақсы қолданған). 
От қару
– мылтық, зеңбірек 
сияқты атылатын қару; 
ұлығаусар қақтығыс
– бетпе-бет келіп, 
кескілесу, 
толас кез
– ұрыс-соғыс тоқтаған үзіліс кезі, 
үркін-
қорқын
– жау шабуылын тосқан не одан қашқан қорқынышты 
кезең; 
жаушы шаптыру
– хабаршы жіберу, 
тұрыстық беру 
ұрысқа дайын екенін білдіру, осылар сияқты сөздер мен 
тіркестер де – жай қолданыла салған бірліктер емес, әскери 
терминдер деуге болады.
Көне (немесе ертеректегі) әскери лексика сияқты, XVI-
XVIII ғасырлардағы қазақ хандығы мен жоңғар қауымының 


198
әлеуметтік-әкімшілік жүйесіне қатысты бүгінде не мүлде бей-
таныс, не мағынасы өзгеріп кеткен сөздерді де жазушының 
орын-орындарында қолданғаны – үлкен табысы. Айталық, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   154




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет