Р. Сыздык 6-том indd



Pdf көрінісі
бет149/154
Дата21.12.2023
өлшемі1,64 Mb.
#141972
түріБағдарламасы
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   154
Байланысты:
Рәбиға Сыздық (1)

т-т-д
(
т
асы-
т
ауға-
д
омалаған
) ды-
быстарынан басталатын аллитерациялық қатар түзу үшін 
өрге
сөзін 
тауға 
деген мағынасы жуық сөзбен алмастырған.
Халық тілінде, оның әдеби түрінде қалыптасқан тіркестер 
сөздердің өзара іштей семантикалық жымдасуы арқылы неме-
се аллитерациялық-ассонанстық әуезділік жолымен я болма-
са ғасырлар бойы солайша қалыптасқан дағдысымен тұрақты 
болып келеді. Сондықтан олардың құрамын себепсіз өзгерту 
әрдайым орынды да, сәтті де бола бермейді. Мысалы, 
өтірікті 
с
удай 
с
апырып
деген тіркестегі соңғы екі сөз аллитерация 
үдесінен шығып тұр, оның үстіне 
судай сапыру 
деген образ 
өзінің берекесіз іс-әрекетті білдіретін мәнімен экспрессивтік 
өң алып түр: өзі өтірік болса, сол өтірікті оңды-солды ара-
ластырып, үстемелеп көпке жаяр болса және суды қаншама 
сапырғанмен, берекелі еш нәрсе шықпайтыны сияқты, өтірікті 
де қанша құбылтып, араластырып, үстемелегенмен, берекесіз 
әрекет болып шығатынын дәл әрі әсерлі етіп білдіру үшін тек 
осы 
өтірікті судай сапыру 
деген тұрақты тіркес қолайлы. Де-
мек, мұны 
өтірікті судай араластырып
деп берген (өзгерткен) 
жазушы еш нәрсе ұтып тұрған жоқ. Осы қатарға 
түн кескінінде 


288
(баласында
деудің орнына), 
жаны ауырды (ашыды 
деудің ор-
нына), 
асықша ширатылды (үйірілді 
деудің орнына – мысалдар 
Ө.Ахметовтен), 
менің көңілім қайысты (қалды 
немесе 
қайтты
деудің орнына), 
жүрегімді шымырқантты (тербеді 
деудің 
орнына – Т.Тілеуханов), 
етті-женді толық адам
(дұрысы: 
ет-жеңді 
болуы керек), 
іші еріді (жылады 
деудің орнына), 
төсек жаңартты (жаңғыртты 
болса керек – М.Ысқақбаев) 
т.б. мысалдарды қосып көбейте беруге болар еді. Бұл жерде 
мақсатымыз – жеке бір жазушылардың қателіктерін көрсету 
емес, нормадан осындай сипатта ауытқушылықтардың бар 
екенін және едәуір етек алып отырғанын айту.
Екінші – кейбір мақал-мәтелдерде сақталған дөрекі естілетін 
қарапайым сөздерді «әдептілеу, әдемілеу» вариантымен алма-
стырып қолдану қазір жүйеге айналып барады. Мысалы «иттің 
боғы дәрі болса, дарияға тышады» деген мақалда екі дөрекі 
сөз бар, халық тілінде бұлар осы мақалда айтылмақ сентенци-
яны мейлінше өткір етіп жеткізу үшін келтірілген, ал осыны 
жазушы «иттің 
тезегі 
дәрі болса, дарияға 
көмеді» 
деп
 
береді 
(Қ.Ысқақов, «Қара орман»). Сол сияқты «аузында тиек, 
артын-
да
орнық болсашы» дегенде де 
артында
сөзі өзге дөрекілеу 
сөзді ауыстырып тұр; «жылап 
ішіп,
шыңғырып 
қыр астына 
жүгірген» 
дегенде соңғы сөздер 
ішіп-
ке ұйқасатын дөрекі 
ты-
шып 
сөзінің «кезекшісі» болып тұр. Мұндай ауыстырулардың 
ішінде сәтсіз шығатындары да аз емес. Мысалы, 
бөрінің 
көмекейінше шулап 
деген қолданыс – сәтті емес, мұнда автор 
бөрінің көтінше
дегенді сыпайыламақ болып «әдепсіз» сөзге 
дұрыс эквивалент таба алмаған. Сол сияқты «
шілдің балапа-
нынша
(?) тоз-тоз болып шашыраған бірдеңе» (Қ.Ысқақов) де-
ген сыпайылық та – сәтсіз: шілдің балапаны шашырамайды, 
боғы шашыраса – бір жөн.
Мұндай әр алуан мақсатпен сөз құрамы өзгертілген фразе-
ологизмдер мен мақал-мәтелдерді стильдік не өзге себептерсіз 
қолдану – жөнсіз (мотивсіз) ауытқу болмақ. Қазіргі қазақ про-
засында бұл да жоқ емес. Мысалы, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   154




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет