Р. Сыздык 6-том indd



Pdf көрінісі
бет21/154
Дата21.12.2023
өлшемі1,64 Mb.
#141972
түріБағдарламасы
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   154
Байланысты:
Рәбиға Сыздық (1)

әңгімелеп беру 
жанры 
болған
10
. Бұл жанрдың негізі, төркіні ауызша айтыла-
тын аңыздар мен ертегілер болғанымен, тілі, стилі жағынан 
бұлармен тепе-тең бірдей емес. Ауызша әңгімелеу ауызша 
әдеби тіл үлгісіне жатады, оның өз белгі-ерекшеліктері бола-
ды. Солардың бірі – негізінен сөйлемдері қысқа қайырылып, 
сөздердің орын тәртібінің дұрыс сақталуы. Мысалы, М.Әуезов 
Жортар қартты осылай сөйлетеді:
Ойлап отырғаным ат емес. Қарудан найза мен шоқпарым 
бар еді. Оның екеуін де бейітке кірерімде сыртқа сүйеп қойып 
кеткем...
Әңгіме бастан-аяқ дерлік осындай қысқа сөйлемдермен 
келеді. Ауызша сөйлеу үстінде жай сөйлемдерді байланысты-
ратын жалғаулықтардың немесе кейбір сөйлем мүшелерінің 
түсірілуі жиі кездеседі. Жортар қарт та сөйтіп түсіріп сөйлейді:
Кеш батқан соң күн ашыла ма деп едім, – ашылмады... Біраз 
жүріп қасына келдім, қарасам – төрт құлақты бейіт... Жалғыз 
ғана семсерім бар еді, – ол ішімде, қында болатын... Қыбыр 
етіп қозғалсам, – бас салатын сияқты қорқып отырмын (I, 80, 
81).
Міне, үш беттік шағын әңгімеде осындай он шақты «қай-
талаған» синтаксистік құрылымдардың орын алуы – жазу-
шының ауызша әңгіме стилінің кілтін дұрыс тапқанын 
көрсетеді. «Қыр әңгімелері» деп ұсынған екі шығарманың 
екеуі де – «Сыбанның моласында», «Текшенің бауырында» – 
кейіпкерлер атынан әңгімеленген оқиға түрінде берілген. Бұл 
екі туынды да ауызша әңгіме жанрын өте жақсы танытады. 
Күндердің күнінде осы жанрды жеке бөліп қарап, оның тілдік-
стильдік болмысы зерттелетін болса, Б.Майлиннің «Шұғасы» 
10
Әдеби тілдің ауызша түрі. - Алматы: Ғылым, 1987.


41
мен М.Әуезовтің «Қыр әңгімелері» лингвистикалық стилисти-
ка объектілерінің бастауы болатынын айтар едік.
Кейіпкер тілін зерделеу барысында ондағы ауызекі сөйлеу 
элементтерінің, жергілікті тіл ерекшеліктерінің (диалектиз-
мдердің) орын алуы, кірме сөздердің, оның ішінде 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   154




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет