қамалдың қабырғасын
сүзу
(қамалға шабу),
жан тартып келген жақын
(жақындасу),
ордасын ортасына түсіру
(талқандау, жеңу),
жанын тастай
алмай жатқан
(өле алмай),
құшақ ашу
(жақындасу, табысу)
сияқты образды фразеологизмдермен тіл қатады.
Бейнелемей сөйлеу – шешенге тән емес. Және ол бейнелі
тіркестердің басым көпшілігі жоғарыдағыдай дәстүрлі, халық
қолданысындағы фразеологизмдер болып келеді. Әрине, әр
134
кейіпкер (шынына келсек, жазушы) өзі жасаған авторлық,
контекстік ұтырлы жаңа үлгілер жоқ емес.
Шешен сөздің иелері тек билер емес, жоғарыда айттық,
хан-сұлтандар да, елшілер де, Әз-ханым, Ай-Шешек сияқты
ханымдар да қара жаяу, яғни күнделікті тұрмыста айтылатын
үлгіде сөйлемейді, ыңғайына қарай, әсіресе өзгелер отырған
тұста («жұрт алдында») жазушы оларды шешен, әсем тілмен
сөйлетеді. Мұның мотиві (уәжі) тереңде жатыр.
Шешендік – сөз өнері, ал сөз – қазақ үшін культ болған, яғни
қасиетті құбылыс санап, табынатындай күш болған. Қазақтар
сурет салу (ислам діні тыйып тастаған), тас мүсін (скуль-
птура) жасау (символдық тас мүсіндер соғу өнері ертеректе
болғанмен), гүл өсіріп, оны өрнектеу (жапондардың икебана-
сы сияқты), жаппай қала орнатып, салтанатты үйлер тұрғызу
(ол ішінара орын алғанымен) сияқты өнер түрлері дамымаған
болса да, өнердің көптеген басқа түрлерін жақсы білген,
шұғылданған. Сол өнерлердің ішінде ең бастысы, ең сыйлысы,
ең демократшылы – сөз өнері болған, ал сөз өнерінің көрінетін
майданы – шешендік. Алдымен өзін өзі, атақ-абыройын, одан
соң тыңдаушысын шын сыйлаған адам қалай болса солай
сөйлеуге құқығы жоқ. Әсіресе аузына көпшілік қарайтын ел-
жұрт билеушілер, әмір-бұйрық берушілер, үкім-жарлық айту-
шылар, қысқасы, адам мен қоғам тағдырына тікелей қатысты
сөз айтатындар билерше төгіліп тұрмағанмен, әсерлі де әдемі
сөйлеулері керек болған. Сондықтан, тегі, хандық дәуірлердегі
би (бек, әмірші) адам бір жағынан, ұлыс, ру басы болып та-
нылса, екінші жағынан, ол шешен болмағы керек. Сірә,
би
сөзінің
шешен
сөзімен синонимдес келуі кейін пайда болған,
адам әуелі
бек би
(ұлыс бегі, ру бегі) болады, ал бек (би) болған
адамның сөзі әдемі, әсерлі болуға тиіс, демек, ол енді «шешен»
аталады, сондықтан қазір біз «шешендік сөз» десек, билер сөзі,
би десек, «шешендік» ұғымы ассоциацияланады (ойымызға
оралады).
Осы ұлттық, тарихи шындықты жазушы жақсы біледі, сол
себептен де ол хан-сұлтандарды да, елшілерді де (елші рес-
ми адам, ханның өкілі), Әз-ханым сияқты ақылгөй аналар-
ды да салмақтап сөйлетеді, ұлттық дәстүрді бұздыртпайды.
135
Әсіресе болашақ хан – Ораз-Мұхамед жастығына қарамастан,
«қызыл тіл мектебін» жақсы өткендігін танытып отырады,
оның шешендігі алдымен айтар ойының логикасында жатады,
дәлелі мықты, аргументтері күшті бо лып келеді, сөйлемді кей-
де қысқа қайырады, кейде айшықтап, шиыршықтап көп сөзбен
береді. Ал Әз-ханым ше?
Егер Тәуекел хан алаш бегін қоңыраттан, ұлыс бегін жа-
лайырдан қойса, бар қазақты тең тұтам деп жар салғаны
емес пе? Бегін белге шығарып, еліне қоныс берсе, жау қолында
қалған барлық руға ұран шашқаны емес пе? Жетім қозы тас
бауыр, жат болып кетсе, қайтесің... Бірақ, балам, өкпе арты
өкінішке ұласатын кеп бар, наз арты түңіліске ұласатын
кез бар... Мен ақылы қысқа әйелмін, көсемдігімнен емес,
көргендігімнен айтам
... (І, 68).
Әрі қарай да ақылшы әже, ел анасы – Әз-ханымның монологі
осылайша жалғаса береді. Бұл да – нағыз шешен толғау, шешен
сөздің көп белгілері дыбыс гармониясы да, ұйқасты параллель-
дер де, мақал-мәтелдер де бар.
Жазушы Қадырғали биді көп сөйлетпейді, бірақ оның атақты
«Мадақ сөзін», яғни өзінің «Тауарихындағы» орыс патшасы
– Борис Годуновқа арнаған ырзалық сөзін көп өзгертпей, сәл
қазақшалап, Бөлек сейіттің сөзі етіп береді. Бұл сөзді Хазірет
мешітте Ораз-Мұхамедті Хан-Керменге хан көтерерде уағыз,
құтпа етіп айтады. Әуелі Ақ патшаны
Достарыңызбен бөлісу: |