Р. Сыздык 6-том indd



Pdf көрінісі
бет86/154
Дата21.12.2023
өлшемі1,64 Mb.
#141972
түріБағдарламасы
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   154
Байланысты:
Рәбиға Сыздық (1)

«жалы қарағайдай 
болған 6 команда іріктеу жарыстарында омақаса құлап 
қалды»
(179) деп беру – әрі образды, әрі әсерлі. Сірә, әңгіме 
спорт командалары жайында болмай, шаруашылықтың бір са-


165
ласынан жарысқа түскендер туралы болғанда, дәл осылайша: 
күштілерді 
жалы қарағайдай
деп, жеңіліп қалғанды 
омақаса 
құлады
деп суреттеуге болмас еді. Тіпті бұл «қазақы» образ-
ды спорт жөніндегі ресми материалдарда қолдану сәтті болмас 
еді. Ат құлағында ойнап, спорттың осы түрімен ауылдан ауыз-
данып келген Тұйғын велосипедші үшін де, оның жыршысы 
– автор үшін де, ат бәйгесі мен балуан күресіндей, жамбы ату 
мен көкпар тартудай спорттың «көкелерін» білетін қазақтың 
қалың оқырманы үшін де осы салаға қатысты байырғы сөздер, 
тіпті көне образдар әлдеқайда ұтымды, түсінікті, әсерлі. Олар 
стиль үдесінен шығып, шығарманың мазмұны (тақырыбы) 
мен тілін қиюластырып жіберген. Бұл амалдың туындының 
өн бойына тарағаны сондай, тек спорт пен спортшылар емес, 
өзге дүние, құбылыс, іс-әрекеттер де «қазақы шапан бүркеніп» 
шыға келген. Мысалы: 
салпы қарын қара жал самолет 
(13), әуе 
кемесі 
сар желіп келеді 
(16), жолаушылар визаның құдіретімең 
шідерлеулі (
13) т. б.
Эпитеттер мен қимыл-сын атаулары да көбінесе жылқы 
баласының «меншігіндегі» қазынадан алынған: 
көсем же-
гер, бос тартар, қос дөңгелекті тұлпарлар 
(велосипед ту-
ралы) (72), 
жабы машина
(104), 
атжалман двигатель
(104), 
өзімен үзеңгі қағыстыра қоятын қауқары жоқ команда
(
104), 
велосипедшілер бұйда бойы алда келеді
(88), 
төрт жапон руль-
ге жарбиып, еңіретіп барады 
(105), 
Бельгия футболшылары... 
Брюссельде 2:1 есебімен ұтып, Еуропаның жан жуытпас 
көкжалдарының бірінен төрт ұпайдың үшеуін бітеу сойып 
алды
(172), 
Венгрия командасы Уэльсті бой-бойымен сөгіп 
шығатынына ешкімнің шүбәсі жоқ еді
(
175). Сезілер-сезілмес 
юмормен қоса берілген неткен образды баяндаулар!
Осы бір стильдік үн қазіргі электрлі-техникалы заманы-
мыздың кейбір заттарын да қазақша ататтырып жіберген: 
«Аспаннан шұға жауған күн» повесінде кнопканы (тере-
зе перделерін ашып-жауып тұруға лайықталған) 
түйме
деп, 
қол кептіретін автоматты 
қобдиша
деп, ұшу жолыңда ұшақ 
тоқтап аялдайтын Тегеран қаласын 
бекет 
деп, спорт сумкасын 
қоржын деп
қазақылап жіберу осы шығарманың тұтас стиль 
тактісіне билеп тұрғандықтан, жасанды болып көрінбейді, 
керісінше, стильдік жалпы фонды қоюлата түседі.


166
Мүмкін, осы кітапта тренердің 
бапкер,
пьедесталдың 
тұғыр,
судьяның 
қазы,
фиништің 
көмбе,
старттың 
мәре,
матч-
тың 
дода
болып, бірде интернационалдық терминдермен, бір-
де қазақша варианттармен берілуі стиль мүддесінен ғана 
тумаған болар. Сірә, бұған осы қатардағы бір алуан сөздердің 
баспасөзде де, ауызекі сөйлеу тәжірибесінде де, радио-теледи-
дарда да екі түрлі қолданылып келе жатқаны да себепші болған 
болар. Спорт терминдері түп-түгел қалыптасып бітті деуге 
болмас. Вариант проблемасы – әдеби нормалардың орнығу ба-
рысында қай тілде болса да басынан кешетін құбылысы.
Бірақ қайткенде де спортқа қатысты қазақша сөздердің 
еркін қолданылуы С.Бердіқұловтың өз қолтаңбасын танытады. 
Әрине, бұл айтқанымызға қарап, автор спорт терминдерінің 
бәрін қазақшалай берген екен деген ой тумасқа керек. Әсіресе 
очерктерінде, тіпті көркем шығармасының өзінде спортқа 
қатысты көптеген атаулар, терминдер қалыптасқан тіркестер 
осы күнгі қазақ әдеби тіліндегі дағдылы түрінде келтірілген: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   154




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет