Р. Сыздык 6-том indd



Pdf көрінісі
бет100/154
Дата21.12.2023
өлшемі1,64 Mb.
#141972
түріБағдарламасы
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   154
Байланысты:
Рәбиға Сыздық (1)

поэтикалық үн 
(белгі, сипат, тәсіл) көзге түссе, Мұхтар 
Мағауиннің «Аласапыран» дилогиясында көркем шығарманы 
тарихи стиль тезіне түсіру қарекеті
(амалы) жақсы сезіліп 
тұрады. Бұлардағы көріктеу құралдары мен синтаксистік амал-
тәсілдер, лексикалық сөз толғамдар суретін жоғарыдағы та-
рауларда талдап-танытсақ, енді «Дарабоз» романына тарихи 
туындылардың тілін зерттеудің өзгеше қырынан келеміз.
Бұл шығармадан біз үшінші бір «дүниені» табамыз. Мұнда 
сөздің мағыналық реңкі – сема дегенді жақсы танып пайдалану, 
үн гармониясына көңіл аудару, экспрессоидтарға стильдік жүк 
арту сияқты амалдар «мен мұндалап» тұрмайды, ал көріктеудің 
грамматикалық тәсілдері – парцелляция, қайталама дегендер
тіпті жоққа тән. Бұлардың есесіне Қ.Жұмаділовтің тек осы 
романы ғана емес, жалпы шығармашылығында ұйқасты 
параллельдерді, ассонанстық, аллитерациялық құрылымдарды, 
әсіресе мақал-мәтелдерді орынды қолдануы көзге түседі. Бұл 
жөнінде мысалдармен кейінірек айтылады.
Бұл туындыдан ғылыми талдау үшін де, оқырманға, әсіресе 
келесі буындарға аса қажеттігі үшін де көңіл аударатын бір 
белгіні – шығарма тілінің ең бір құнды тұсын нысанаға аламыз.
Ол – суреттеліп отырған заманға (тарих кезеңіне) сай реалий-
лерді, яғни әр алуан зат, ұғым атауларын молынан ұсынуы. Бұл 
да – тарихи көркем дүниені тарихи стиль тезіне түсірудің бір 
амалы, ең қиын, ең қажет амалы.
Романның тақырыбы – «Ақтабан шұбырынды» кезінен ба-
стап жоңғарлар жаулап алған қазақ жерінің шығыс оңтүстіктегі 
өлкелерін босатып (қайтарып) алу жолындағы ұрыс-соғыстар, 
шабыс-айқастар, жауласу мен жуысулар, келісімдер мен 
қарсыласулар болғандықтан, бұдан екі жарым ғасырдан 
бұрынғы халқымыздың өмір шындығын берудегі жазушы 
еңбегін ерекше атауға болады.
Алдымен, ұрыс-соғысты суреттеуге қажет сол кездегі қару-
жарақ атаулары мен ұрыс-шабысқа қатысты қимыл-әрекет
атаулары – қысқасы, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   154




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет