Р. Сыздык 6-том indd



Pdf көрінісі
бет127/154
Дата21.12.2023
өлшемі1,64 Mb.
#141972
түріБағдарламасы
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   154
Байланысты:
Рәбиға Сыздық (1)

көркем сөз нормала-
ры
дегеннің өзін анықтап алу қажет. Содан соң көркем әдебиет 
тіліндегі осы нормаларға сай келетін немесе сай түспейтін 
сәттерді, яғни нормадан уәжді (мотивті), уәжсіз (мотивсіз) 
ауытқуларды тауып көрсету мақсаты қойылады. Көркем туын-
ды тілін жалпы әдеби тіл нормасы тұрғысынан зерттеу алдың-
ғы лингвостилистикалық ізденістермен ұштасып жатқанымен, 
бұл – өз алдына бөлек ғылыми ізденіс болмақ.


247
Көркем әдебиет тілі – кең планды проблема. Оған стильдік 
ізденістер тұрғысынан келіп, өнер ескерткіші ретіндегі көркем 
шығарманың тілдік болмыстың талдау мен сол ескерткішті 
тұрғызушының, яғни жазушының шеберлігін танып білу де 
жатады.
Сонымен қатар «қалам иесі қазақ әдеби тілінің бүгінгі 
жал-
пы ұлттық нормаларына
құлақ асып отыр ма, жоқ па, ол 
нормалардан ауытқулар бар ма, бар болса, себептері қандай?» 
деген мәселелер де көтеріліп, аталған проб лема нормативтік-
статикалық аспектіде де сөз болуға тиіс. Қай тұрғыдан қаралса 
да, белгілі бір кезеңдегі көркем әдебиет тілінің параметрі сол 
дәуірдегі әдеби тілдің 
даму бағытымен әрі принциптерімен
өлшенеді.
Көркем туынды тілінің негізі де, қоры да, көзі де – жалпы-
ұлттық тіл, жалпы әдеби тіл екенін ешкім жоққа шығара ал-
майды. Сондықтан бүгінгі танда көтерілетін сөз мәдениеті 
(мейлі қай жанрдың сөз өрнегі әңгімеленсе де), сайып келгенде 
тілдік нормаға барып тіреледі. «Қазақ көркем әдебиетінің тілі 
сол нормалар үдесінен шығып отыр ма, жоқ па?» деген пробле-
ма – өз алдына ғылыми зерттеу объектісі болуға тиіс. Көркем 
әдебиет стилі қазақ әдеби тілінің қалыптасып, дамуы барысын-
да басты рөл атқарып келгені мәлім. Бұл күнде де қоғамдық-
публицистикалық; ғылыми стильдермен қатар, әдеби тілдің 
жетіле түсу процесінде белгілі дәрежеде елеулі орын алып 
отырған көркем әдебиеттің тілін тек лингвостилистикалық 
аспектіде ғана емес, әдеби тіл нормаларын сұрыптау, тұрақ-
тандыру, сөз мәдениетін көтеру тұрғысынан да зерттеу қажет-
тігі туады. Соңғы мақсатта жүргізілетін ғылыми ізденістер 
қазақ тілінің ұлттық көркем әдеби нормаларын айқындау, 
оның ерекшеліктерін таныту, әдеби стандарт пен нормадан 
ауытқу құбылыстарының сырын ашып, табиғатын, дұрыс-
бұрысын көрсету сияқты тың ғылыми-теориялық мазмұнды 
жұмыстарды ұсынуға мәжбүр етеді.
Оның үстіне көркем әдебиеттің жанды процесінде оның 
қазақ әдеби тілінің қазіргі кезеңдегі дамуына жақсы әсер етіп 
отырған жағымды жақтарымен катар, тілдік-эстетикалық 
талғам шарттарына сай келмейтін жағымсыз сәттерін көрсетіп, 


248
оларды түзейтін ғылыми негізді ұсыныстар жасау қажеттігі 
даусыз. Бұл – бүгінгі күнгі теориялық та, қолданбалы да тіл 
біліміне қойылып отырған басты талап. Демек, көркем әдебиет 
тілін синхронды-нормативтік тұрғыдан зерттеу – бүгінгі қазақ 
тіл білімінің өзекті проблемаларының бірі болмақ. Әрине, ал-
дымен диахронды-нормативтік ізденістерге барудың жөні бар. 
Ал бүгінгі таңдағы талап – тіл мәдениетін көтеру тұрғысынан 
қарасақ, синхронды-нормативтік зерттеулерге баса көңіл ауда-
ру қажет болады. Атап айтқанда:
1. жалпыхалықтық ұлттық әдеби тіл нормалары мен көр-
кем тіл нормаларының айырым белгілері, ұштасатын-ажыра-
тылатын тұстары, даму принциптері мен бағыттары қандай?
2. Қазіргі қазақ көркем әдебиеті тілінде ұлттық әдеби тіл 
нормасынан ауытқушылықтар бар ма, ол ауытқушылықтардың 
жөнімен-жөнсіз (уәжді-уәжсіз) түрлері қандай және ауытқу-
шылық көркем әдебиеттің кай жанрында, тілдің қай қаттауында 
көбірек сезіледі?
3. «Жазушы тіл құралдарын творчестволықпен жұмсай 
білген бе, жоқ болса, оның қазіргі сөз мәдениетімізге тигізетін 
әсері, зияны қандай, қай дәрежеде?» деген проблемалар қой-
ылады.
Көркем әдебиет тілін стильдік ерекшеліктер мен сөз 
мәдениеті тұрғысынан зерттеуде де объектілерді проза, поэ зия, 
драматургия түрлеріне бөліп, айырып талдау, тану керек. Оның 
үстіне қатты ескеретін нәрсе – нормалылық дегенді тілдің 
қай қаттауына (қабатына) қарай іздеу керектігі. Айталық, лек-
сика қабатына қатысты нормалылықты зерт теу объектілері 
жағынан ғана емес, сөздің семантикалық мағынасымен 
қатар, эстетикалық жүгін есепке алып отыру жағынан да 
ерекшеленеді. Және бұл ерекшелік проза тілі мен поэзия не-
месе драматургия тілінде тағы бөлініп кетеді. Синтаксистегі 
нормалылықты іздеу – ең алдымен, көркем текстің стильдік-
эстетикалық нысанасымен көзделеді. Синтаксистегі түзулік 
(нормалылық) структуралық (жалпы тілдік) нормаға сайма-
сай түспейді. Көркем әдебиет тілінде структуралық нормадан 
ауытқу көркемдік талабынан шығып тұрса, ол – көркем тілдегі 
нормалылық болғаны. Бұндай «нормадан тыс нормалылық» 
поэзия жанрында мүлде айрықша болып келеді.


249
Стилистикада лексиканы талдап-тану басты орын алады,
тегі, ол синтаксистен қалыспайды. Сондықтан көркем әде-
биеттің (басқаларының да) тіл мәдениетін зерттеуде де лексика-
фразеологиялық қабат алдымен қолға алынуға бейім. Қазақ 
көркем әдебиетінің проза саласындағы лексикалық нормалар-
ды танып-білуде, біздіңше, бүгінгі таңда мынадай сәттерге 
(объектілерге) назар аудару қажет:
1. диалектизмдердің (жергілікті элементтердің) жұмсалуы, 
яғни орыс тіл білімінде диалектизация деп аталатын құбы-
лыстың қазіргі қазақ көркем әдебиеті тіліндегі көрінісі, күй-
қалпы, өріс алу бағыты;
2. жалпыхалықтық тілге тән бейнелі (образды) сөздерді 
жұмсау тәсілі, фразеологизмдердің сөгілуі;
3. қарапайым, көне, сирек сөздердің жұмсалуы;
4. синонимдерді тандау; идеографиялық және стильдік 
синонимдердің қолданысы;
5. лексикалық жаңа қолданыстардың орын алуы (қажетсіз 
тұста жаңадан сөз жасау немесе қажеті бар жерде ұсынылған 
жаңа қолданыстың сәтті-сәтсіз болуы);
6. штамп сөздер мен тіркестерді қолдану; сөздердің тіркесу 
аясын кеңіту арқылы сөз мағыналарын жаңғырту;
7. лексикалық варианттардың қолданысы, яғни морфоло-
гиялық, орфограммалық, семантикалық, генезистік т.б. жары-
спалы элементтердің дұрыс-бұрыс жұмсалуы; 
8. белгілі бір сөз тудырушы элементтердің және синтаксистік 
тәсілдердің көркем әдебиет тілінде активтенуі;
9. көркем әдебиет тілі арқылы лексиканың стильдік жіктерге 
(поэтизм, қарапайым сөздер, канцеляризм т.т.) ажыратыла 
түсуі. 
Бұл объектілердің бірқатарының зерттелуі сөз орынды-
лығына (функционалдығына) қатысты болса, бірсыпырасы 
әдеби тілдегі варианттылық проблемасына тікелей байланы-
сты, яғни әдеби нормаға қатысты ең үлкен мәселенің бірі – тіл 
элементтерін (айталық, сөздерді) өз орнында, өз қызметінде 
дұрыс жұмсау жайында бол са, екіншісі – варианттылық, 
жарыспалылық туралы болмақ. Бұл екеуі – жалпы тіл мәдениеті 
проблемасының өзегі, ең мәнді жақтары
54
.
54
Скворцов Л.И. 
Норма. Литературный язык. Культура речи //Актуальные проблемы 
культуры речи. - М., 1970. - С. 31.


250
Осы объектілерді зерттеу үстінде қазақ көркем әдебиеті 
лексикасының ұлттық нормалары айқындалады; қазақ әдеби 
тілін проза тілі арқылы нормалану процесі танылады; бұл про-
цесте орын алатын сөз таңдау принциптері айқындалады; жал-
пы әдеби нормадан ауытқу құбылыстары танытылады.
Сонымен қатар көркем шығарманың лексикасын әдеби 
норма аспектісінен зерттеуде әңгіме екі үлкен мәселе айна-
ласында болады: бірі – сөзді дұрыс қолдану, екіншісі – 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   154




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет