құйрық-бауыр
жеу
– этнографиялық рәсім атауы, ол – құда түскендерге
келісім беру рәсімі, сондықтан бұл тіркес көбінесе
құда бо-
лып, құйрық-бауыр жесті
түрінде қолданылады. Осы күрделі
этнографизмді
құйрық-бауыр асасып тарасты
деп
өзгертіп
қолданғанда (У.Қалижанов) оны рәсім атауы ретінде емес, жай
ғана тағам жеу, қонақ болу мағынасында деп түсіну керек бо-
лады. Сол сияқты
бел
сөзі
бел баласы, бел құда
тіркестерінде
келіп, біріншіде «әкенің өз баласы, туған баласы» ұғымын
береді, ал
бел құдалар
деген этнографиялық атау – тумай жа-
тып ұл-қыздарын атастырған адамдардың атауы. Сондықтан
нағашыммен бел құрдаспыз
деген сөйлемде
бел
сөзі орынсыз
жұмсалған.
Қазіргі қазақ прозасы тілінде сипаттама сын есімдердің
ішінде де өте сирек қолданылатын не жергілікті, не көне,
не жасанды тұлғалары жиірек қолданыла бастады. Мыса-
лы, Д.Досжановта: «
жұлмыт
жігіттер», «
жұлмыт
елші»,
«
мұғдар
лы күй», «
мұғдарлы әсер
»
,
«
марайма мінез
»
;
О.Бөкеевте: «
мантырақ
ой», «
тымсақ
адам», «
қойторы
тірлік», «
қоймырет
адам», «
жөш
қуаныш»; Т.Әлімқұловта:
«
мондыбас
біреу», «
сарамжал
қыз»; С.Бердіқұловта:
«
тотанақ
мезгіл» т.б. сияқты анықтауыш сөздер кездеседі.
Мұндай сөздердің бірқатарын бірнеше жазушы бірдей
қолданып, тұрақтандыра бастағандары да байқалады. Мысалы,
20-40-жылдардағы қазақ прозасы тілінде көп ұшыраспайтын
«
можан-топай
» (қыздар), «
ұлы жіңгір
»
(той), «
мамырстан
»
(заман), «
төрткүл
» (дүние), «
құйын-перен
» (спортшы) сияқты
сөздер О.Бөкеев, Ә.Кекілбаев, С.Жүнісов, С.Бердіқұлов т.б.
жазушыларда жиі кездеседі. Бұл сөздердің әдеби тілде әлі
берік орын теуіп лексикалық нормаға еніп болмағандығын
291
олардың әртүрлі жазылып, кейде тіпті әртүрлі мағынада
қолданылып жүргендігін танытады. Мысалы:
можан-топай
~
мөжен топай
~
мәж топай; ұлы жіңгір
~
ұлы жәңгір, құйын-
перен
~
құйын-перін
деген орфографиялық дублеттер түрінде
ұшырасады. Бұлардың
мамырстан
сияқты бірен-сараны бол-
маса, көпшілігі не жергілікті сөйлеу тілінде қолданылатын,
не көнеріп, ұмыт болған ежелгі сөздер болып келеді. Қалам
иелерінің бұл сияқты сипаттама сөздерді қолдануы, тіпті
кейбіреулерін активтендіруі – принципінде құптарлық іс.
Өйткені бұларды іздеттіріп, жұмсаттырып отырған себеп, уәж
бар, ол – бір нәрсені сипаттаудың ең дәл әрі әсерлі атауын табу.
Бірақ әңгіме осындай сөздердің түсініктілігін қамтамасыз ете
білуде. Көркем әдебиет дүниесіне қойылатын шарттардың бірі
– тілінің қалың оқырманға түсінікті болуы, автордың айтпақ
ойының оқырманға қиындықсыз әрі әсерлі түрде жеткізілуі.
Сондықтан мағынасы қалың көпшілікке бейтаныстау немесе
мүлде түсініксіз тұлғаларды белгілі бір зәрулікпен қолданған
күнде, олардың оқушыға жетуін ойластыру керек. Бұлардың
семантикасын жалпы контекстен шығатын етіп бере ме, өзге
синонимдерін қатар келтіріп ұсына ма, бет соңында сілтемеде
түсіндіріп бере ме – қысқасы, әр алуан жолды пайдалану –
жазушының өз шаруасы. Осы жағдайда ғана бейтаныс сипат-
тама сөздердің қолданысын уәжді деп тануға болады.
Нормадан жөнімен немесе жөнсіз ауытқу қарапайым
сөздердің (орысша «просторечие» деген категорияның)
қолданысында елеулі орын алады. Қарапайым сөздер –
ауызекі тілдік категория, олар әдеби тілден тысқары тұратын
дүниеліктер. Қарапайым сөздердің әдетте әдеби тілдік
эквиваленті болады. Жазба стильдердің ішінде қарапайым
сөздердің молынан пайдаланылатын орны – көркем әдебиет тілі.
Оның ішінде, әсіресе драмалық шығармалар мен көркем про-
зада қарапайым элементтер кейіпкерлер тілінде де, автордың
өз баяндауында да еркінірек жұмсалады. Кейіпкерлер тілінде
келуі – сол кейіпкерлердің образын жасау үшін қажет болса,
автор сөзінде келуі белгілі бір стильдік мақсатты өтеу үшін
қажет.
Халықтың ауызекі сөйлеу тіліндегі қарапайым сөздердің
292
экспрессиясы күшті болып келеді. Сондықтан олар, ең ал-
дымен, өмірде қолданылатын сәттерінде кейіпкерлер тілінде
бұлжытпай беріледі. Мысалы, С. Жүнісов кейіпкерін
Достарыңызбен бөлісу: |