64
(ауылды шабуын) күтіп отырады. Осы кездегі табиғат көрінісі
әуелі
Маужыраған әдемі кеш келді. Мал өрістен қайтты. Дәу
бабаның самалы жібектей есіп, ну теректердің жапырақтары
жамырап, енесін іздеген жетім қозы жеке маңырап, әлсін-
әлсін әупілдеп иттер үріп қояды
деп суреттеледі,
«мұндай кеш-
те қыз ұзатса жарасады... ертедегі ерлік замандар туралы
қисса тыңдар ма еді!
Бірақ
«Алсай аулында оның бірі де жоқ.
Қабақ қатулы
...». Енді
қап-қараңғы айсыз түн түсті
...
жан-
жақтан таулар түксиді.
Міне, табиғаттың осындай екі сәтін
контраст түрде беріп, жазу шы қаралы ауылдың үрейлі күйін
әсерлі етіп суреттеген. Шәкірт Тұрардың тергеуші Семашкомен
танысуы – өмірінің жаңа белесінің – көкірек көзінің жаңаша
ашылуының басы болатын. Кейіпкерінің өмір жолындағы бұл
сәтін жазушы тағы да табиғат арқылы аңғартады:
Жазға салым терезе алдындағы ақ теректердің ашық жа-
сыл жапырақтары күннен-күнге жайылып, сырғалары сал-
бырай бастады. Күзде жан тәсілім еткен сары жапырақтар
қыс бойы жерде жатып, топыраққа сіңіп, жер астындағы
тамыр арқылы ағаш басына қайтадан өрмелеп шығып, анасы-
нан қайта туып, өліп-өшу деген ұғымды тәрік етіп, мәңгілік
өмірдің жырын сыбырлай бастаған шақ
(300).
Әңгіменің (баяндау тексінің)
жаңадан басталатын жері
табиғаттың осы суретімен ашылады. Тегін емес. Бұл – Тұрар
жастың әрі қарайғы өмірінің увертюрасы, құлақкүйі: жұлым
күркеде туып, түрмеде біраз уақыт күн кешіп, бір өліп, бір
тіріліп дегендей, тіршіліктің талай күз бен қысын өткізіп келе
жатқан ақ терек – Тұрар бала болса, оның енді жазы басталғалы
тұр. Жазушы Семашконы Тұрар оқып жатқан мектепке күзде
не
қыста келтірмей, жазға салым келтіруінде де, сол жазға
салымдағы табиғаттың бір көрінісін емес, жапырақтары жай-
ыла бастаған ақ теректі суреттегенінде де гәп бар екен, мүмкін,
жазушы дәл осыны ойлап әдейі жазбаса да, қаламы еріксіз осы-
лай жаздырған, ал қаламы –
иесінің мәнері, шығармашылық
стилі.
Ш.Мұртазаның табиғат көріністері – кейіпкерлерінің ажы-
рамас серігі, қатарласа жүретін копиясы болғандықтан, жа-
зушы кейде оларға жан да бітіреді: кейіптеу тәсіліне барады.
Мысалы: