Р. Сыздык 6-том indd



Pdf көрінісі
бет82/154
Дата21.12.2023
өлшемі1,64 Mb.
#141972
түріБағдарламасы
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   154
Байланысты:
Рәбиға Сыздық (1)

Өскелеңнің 
үстіне шыққанда 
деген бағыныңқы сөйлемнен бастайды. 
Науа 
деген жалғыз сөз де – қатар тұрған үш абзацтың анафорасы 
(«Мұзтау», 158 және 164-беттер).
Өлең сөздегі анафора, эпифора, рефрен тәрізді қайталама-
лар тек жеке сөздер мен сөз тіркестерінің аясында ғана емес, 
сөйлем компоненттері саласында да орын алады. Мысалы: 
Ақсақалдар айтады:
«Биыл астықтың шығымы жақсы... та-
биғат жарықтыққа өкпеміз кәне». 
Ақсақалдар айтады:
«Өліара 
ашық қой әзірше, қазан айы биыл тыныш өтер». Тағы да 
ақсақалдар айтады:
«Құдайдың құдіреті...» («Қайдасың... 120). 
Мұнда ақсақалдардың сөзін бір-ақ жерде біріктіріп беруге бо-
лар еді, олай етпей, «ақсақалдар айтады» деген сөйлемді үш-
төрт рет анафора (өлең жолдарының басында қайталап келетін 
элементтер) сияқты етіп ұсыну арқылы автор ақсақалдардың 
сөзінің әрбіреуін даралап көрсетуді көздеп тұр. Прозадағы реф-
рендер, сөз жоқ, поэзиядағыдан өзгешелеу түседі. Өлеңде реф-
рен тармақтар мен шумақтардың әрқайсысында қайталанып 
келетін сөздер болса, прозада авторлық баяндаудың біртектес 
үзіктерінің соңында не басында қайталанып келетін тұтас 
сөйлем не шағын текст болуы мүмкін. Мы салы, «Қар қызы» 
повесінде 
Айнала аппақ қар, сеңдей сірескен, қасаттана 


157
қатқан суық дүние
және 
әлдеқайдан, ақ таулардың арасы-
нан қыздың сыңсып салған мұңлы әні естілгендей
деген екі 
сөйлем оқиға өрісіне орай сәл құбылып, бірнеше рет қайталап 
беріледі. Бұлар – әр кейіпкердің ойын, хал-ахуалын білдіретін 
бөліктердің ара жігін ажыратумен қатар, үшеуінің басына 
түскен жағдайдың, ой-толғаныстың ортақтығын танытатын 
әрі «су айырық», әрі «түйісер төбе», сайын келгенде, стильдік 
құрал.
Сірә, О. Бөкеев прозасы тіліндегі поэзия элементтері деген-
де осындай тұстарды атау керек болар.
Төл сөзді конструкцияларды құрастырудың үшінші түрі 
айтылған сөздің (ойдың) мезгіліне байланысты болып келеді. 
Ертеректе айтылған (көбінесе еске алу үстінде) немесе жол-
жөнекей келтірілген диалогтер мен монологтерді беруде жазу-
шы әуелі 
пәленше айтты (айтқан, айтатын, ойлайтын) 
де-
ген авторлық ремарканы беріп алады да, төл сөзді содан кейін 
келтіреді, төл сөзден кейін автор сөзі болмайды. Ал әдеттегі 
тәртіп бойынша 
пәленше:...,
– 
деп айтқан (айтатын, айтты)
түрінде болуы ке рек қой. Мысалы:
Анна апасы Нұрланның кіндігін кесіпті. Кейде анасы 
ай-
тып отыратын:
«Дүңк еткізіп турасын айтатын орыс мінезді 
болып барады ұлым. Аннаға кіндігін бекер кестірген екенмін» 
(«Ән салады...», 82). Бұл конструкцияның әдеттегі құрылысы 
былай болар еді: 
Кейде анасы «...», – деп айтып отыратын.
Екінші бір мысал. «Мынау аппақ дүние» повесінің бір жерінде 
өткенде (бұрынырақ) болған бір диалогті жазушы былайша 
келтіреді:
Шешесі айтқан: –
Осы неміс қызының сиқыры бар-ау 
деймін. Бір сағаттай сөйлесіп еді, Әкім сергіп қалды.
Ал әкесі айтқан 
әттең, ұлымыздың жасы кіші, әйтпесе келін 
қылып түсіретін әйбәт қыз.
Шешесі айтқан: Қой әрі...
Әкесі күліп айтқан: –
Әншейін қалжыңдаймын, әйтпесе 
біздің Нұрлан – әлі бала ғой.
Шешесі айтқан: –
Дегенмен... («Ән салады...», 135).
Әдетте бұл диалог 
шешесі:
«...»,– 
деген болатын; әкесі 
күліп:
«...», – 
деді
түріңде құрылар еді.
«Мұзтау» повесіндегі Ақтанның біресе «кісікиік» (адам-
дар ортасынан қашқақтап жүрер тағы мінез «аңшы»), біресе 


158
«кісімәшін» (есі барда) елін табар көптің бірі – Ақтан) болып 
өзімен-өзі айтысқан ойлары:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   154




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет