Р. Т. Айтбай, Ә.Қ. Қасымова, А. О. Ешмұқамбетов


Англияда бiр орталыққа бағындырылған мем лекеттiң күшеюi



Pdf көрінісі
бет51/105
Дата10.11.2022
өлшемі4,4 Mb.
#49244
түріОқулық
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   105
Байланысты:
ДЖ тарих 6 сынып Бакина

Англияда бiр орталыққа бағындырылған мем лекеттiң күшеюi. Жау-
лап алушы Вильгельм тұсында Анг лия қуатты державаға айналды. Ол 
әсiресе Виль гель м нiң шөбересi 
II Генрих Плантагенет (1154–1189) 
тұсында онан сайын қанат жайды. II Генрих Англиямен қатар, Фран ция 
жерiнiң
2
/

бөлiгiн иемдендi. 
II Генрих Плантагенет сот реформасын енгiздi. Бұрынғы фео далдардың 
«Тәңiр сотының» орнына король соты орнады. Оған халықтың бәрi бiрдей 
шағымдануға құқылы болды.
II Генрих әскери реформа жүр гiз дi. Ендi феодалдар әскери қызмет 
атқарғысы келмесе, «қалқандық ақша» төлеуге тиiс болды. Ол ақшаға 
6–3465
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


82
өкiмет рыцарьларды жалдады. Ко-
роль шонжарлардың феодалдық 
жасағына тәуелдi болуын азайтты.
Осындай реформалар король 
би лi гiн нығайтып, бiр ор та лық қа 
бағынған мем лекеттiң құрылуына 
көмек тес тi.
Парламенттiң құрылуы. II Ген-
рихтен кейiн оның мұрагерлерi 
Фран ция дағы иелiктерiнен айырылды. Оның үстiне елде феодалдар бүлiгi 
күшейдi. 1215 жылы корольге қарсы кө терiлiс болды. Көте рiл iс шiлер 
король дi «Ерiк тiлiктiң ұлы хартия сы» деген құжатқа қол қоюға мәж бүр 
еттi. Ол құжат бо й ынша король халыққа бiраз жеңiл дiк тер бердi. Шетел 
кө пестерiнiң Англия ға емiн-еркiн келiп-кету лерiне рұқсат бе рiлдi.
1216–1272 жылдары Англияда III Генрих билiк құрды. Ол Италияға 
қарсы соғыс ашып, барондардан барлық табыстарының 1
3
-iн өзiне берудi 
талап еттi. Бұл талапқа барондар наразылық бiлдiрдi.
Барондар өкiмет билiгiн бақылайтын Кеңес құрды. Ке ңестiң
ке лiсiмiнсiз король ешқандай шешiм қабылдай алмайтын болды.
1263 жы лы Англия да король мен барондардың арасында басталған соғыс 
нәтижесiнде барондар жеңiске жеттi.
1265 жылы олар халық өкiл дерiнiң жиналысын шақырды. Ол жиналыс 
ағылшын 
парла ментiнiң (француздың «парле» – «сөйлеу» деген сөзiнен 
шыққан) бастамасы болды. Парламент қос палатадан тұрды. Бiрiн шi пала-
та 
лордтар палатасы деп аталды. Оған iрi жер ие лерiнiң өкiл дерi – гер-
цогтер, маркиздер, граф тар, ви конттар мен барондар, епископтар сайланды. 
Екiн шi па лата 
қауымдар палатасы деп аталды. Оған рыцарьлар мен халық 
бұқарасының өкiлдерi сайланатын.
Ағылшын парламентiнiң мемлекеттiк басқару жүйесiндегi ық палы 
күштi болды. Алым-салық салу үшiн король парламент пен келiсiп
отырды. Еуропаның басқа аймағында өкілетті органдар құрылды. Поль-
ша корольдігінде Сейм ХІV ғасырда пайда болды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   105




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет