91
I Елизавета
Ма рия Тюдор
шейдi. 1607 жылы Виргинияда (Солтүстiк Америка) ағылшын отары-
ның негiзi қаланды.
Тюдорлар әулетiнiң табысты жүр гiзген iшкi және сыртқы сая саттары
ХVII ғасырдың басында Англияның экономикалық дамуы жағынан Еу-
ропада ең алдыңғы қатарға шығуын қамтамасыз еттi.
1603 жылы I Елизавета қайтыс болғаннан кейiн таққа Стюарт-
тар әулетi отыр ды. I Яков пен I Карл билiк құр ған тұс та абсолютизм
дағдарысқа ұшырады. І Карл билік еткен жылдары салықтардың
көлемін ұлғайтып, парламент жетекшілерін қуғындады. Парламентті
екі рет таратып, 11 жыл елді жеке басқарды. Парламенттің келісімінсіз
шамадан тыс салықтар жинап, айыппұлдарды көбейтті. Шотланд
феодалдарының жер иеліктеріне қысым жасады. Оның шексіз билігі
елдің наразылығын туғызып, ағылшын буржуазиялық революциясына
жеткізді. Фео далдық қатынас ыдырап, елде iрi кәсiпорындар пайда бола
бас тады. Кедейленген шаруалар бiрте-бiрте жалдамалы жұмысшыларға
айналды. Буржуазиялық революцияның экономикалық, саяси және
идеологиялық алғышарттары қалыптасты.
Достарыңызбен бөлісу: