Р. Т. Айтбай, Ә.Қ. Қасымова, А. О. Ешмұқамбетов



Pdf көрінісі
бет72/105
Дата10.11.2022
өлшемі4,4 Mb.
#49244
түріОқулық
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   105
Байланысты:
ДЖ тарих 6 сынып Бакина

Васко да Гама. Васко да Гаманың нақ ты қай жы лы ту ғаны белгiсiз
дегенмен кей бiр де рек терге қарағанда 1469 жылы туған. 1492 жылы Вас-
ко да Гама корольдiң тапсыр масын орындап, оның Фран ция да қалған 
алтын тиеген кеме сiн Пор туга лия ға алып келедi, содан оның аты әйгiлi 
болады.
1497 жылы 8 маусымда Васко да Гаманың төрт кемелi экспеди ция сы 
Лиссабон портынан шығады. 
Бiр апта жүзген Васко да Гама эскадрасы Канар аралдарына келедi. 
Содан кейiнгi сапары сәттi болып, қарашада Африка жа ғалауына жетті. 
Бұл жердi адмирал «Әулие Елена» қойнауы деп атайды. Мұнда саяхат-
шылар сегiз күн аялдап, айна лаға географиялық зерттеулер жүргiзедi. 
Адмирал өз күнде лi гiнде «Африка жаға лауындағы тұрғындар құлаққа 
тағатын мыстан бас қаны бағаламайды және өздерi 
шетiнен батыл келедi» деп жазады. Бұдан әрi Аф-
рика материгiнiң оңтүстiк нүктесi «Қайырлы үмiт» 
мүйiсiн айналып өтiп, белгiсiз теңiзбен жүзе бередi. 
1498 жылы қаңтарда эскадра Замбези өзенi сағасына 
жетiп, мұнда бiр ай бөгеледi. Үндi мұхитынан жүзiп 
өтуге дайындық жасайды. 1498 жылғы мамырда 
оның кемелерi Үндiстанға келiп жеттi.
Васко да Гама Үндiстаннан Пор тугалияға келген 
соң, король оны Үн дiстанды жаулап алуға 20 соғыс 
кемесiн берiп аттандырды. 1502 жылы ақпанда 
Лиссабоннан шыққан бұл әскери экспедиция күзге 
қарай Каликутке жетедi. Каликут раджасы мұндай 
жауға қарсылық көрсетпей, олардың айтқанын 
iстеп, сауда жасауға келiсiм бередi. Васко да Гама 
Васко да Гама
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


116
төрт сағат iшiнде қала маған бағынсын деп рад жаға елшi жiбередi. Ол 
бұған жауап қайтармайды, өйткенi бейбiт жат қан елге сауда жасау үшiн 
келген еуропалықтар соғыс ашады деп ойла маған-ды. Айтулы төрт сағат 
өткен соң Васко да Гама оның айлақтарындағы бүкiл кеме лердi басып 
алып, қалаға зеңбiректен оқ жаудырады. Ғасырлар бойы тұрған сәулеттi 
күмбездi үйлердiң күлiн көкке ұшырып, қырғынға ұшыратады. Мұндай 
озбырлық, елдi қанға бояу отар шылардың ежелгi әдетi болатын. Васко 
да Гама бұдан әрi Цейлон, Суматра, Ява аралдарына дейiн барып бейбiт 
елдi қырғынға ұшыратты. Мұны көрген қытай халқы өзiне қарайтын 
аралдардан португал басқыншыларын қуып шығады.
Португалияның географиялық зерттеуле рi Васко да Гаманың осы 
екiншi экспедициясымен аяқталды. Ендi олар бiржола отарлау саяса-
тына көштi. 1519–1522 жылда ры Азияға батыс жолмен жету мақсатымен 
Ис па ния iрi теңiз саяхатын ұйымдастырды. Экс педицияны ер жү рек, 
тәжiрибелi те ңiз шi 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   105




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет