118
Италия – қайта өрлеу орталығы. ХIV ға-
сырдың екiншi жартысынан ортағасырлық Ба-
тыс Еуропаның мәдени өмiрiнде жаңа ерте
бур жуазиялық мәдениеттiң тууына байланысты
ма ңызды бет бұрыс болды. Италияда капиталис-
тік қатынастардың
алғашқы белгілері пайда
бола бас тады. «Қайта өркендеу» (өрлеу) деп атал ған ерте буржуазиялық
мәдениет те тұң ғыш осы елде қалыптасты.
ХV ғасырдың аяғында және ХVI
ғасырда
қайта өрлеу мәдениетi
толық
гүлдену деңгейiне жеттi. Сол дәуiрде
дүниеге келген
тамаша мәдениет туын-
дылары адамзат баласын әлi күнге дейiн
таңғалдырып келедi. Италияда бұл кезеңде мәдениеттiң барлық түрi өте тез
дамыды. Италияның түрлi аудандарында жергiлiктi көркемсурет мектептерi
ашылып, қайта өрлеу дәуiрiнiң перзенттерi – кейiнгiлерге үлгi болған ұлы
суретшiлер дүниеге келдi.
Мәдениеттiң қоғамдық өмiрдегi рөлi артып, адамдардың күн делiктi
рухани қажетiне айнала бастады. Зәулiм үйлер мен салтанатты сарайлар
салынып, iрi монумент ескерткiштер орнату бүкiл ха лықтық игiлiктi іс
саналды.
Италиядағы басты мәдениет орталықтарының бiрi – Флоренция
қаласы. Ол Римнен Альпiге бара тын сауда жолының үстiне орналас ты.
Қалада қо лө нер кәсiбi мен сау да өте жақсы дамыды. Кеме жасау және су
қатынасы iсi де алға басты. Мекен ен дi гiн анық тау үшiн құбыланамалар-
ды,
геогра фия лық карталарды, приборларды қолдану ашық те ңiз дерде
ұзақ сапарларға шығуға мүмкiндiк бердi. Бұл ХV ғасырдың аяғы мен
ХVI ғасырдың басында жүзеге асқан
географиялық жаңалықтардың
ашылуына мүмкіндік берді.
Достарыңызбен бөлісу: