Түсіндірме жазба
«Газ түтінен қорғау қызметі» пәнінің оқу жұмыс бағдарламасы Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті техникалық және кәсіптік білім беру стандартына сәйкес 1517000 «Төтенше жағдайда қорғау» мамандығы бойынша әзірленген.
Осы оқу жұмыс бағдарлама «Газ түтінен қорғау қызметі» пәнінің мазмұны мен даярлық денгейінде талаптарды жүзеге асыруға арналған.
Жалпы оқу уақытының көлемі – 48 сағат, олардан:
Теориялық сабақтар – 48 сағат.
«Газ түтінен қорғау қызметі» пәнінің мақсаты ГТҚҚ күштері мен құралдарының тыныс алуға жарамсыз ортада өрт сөндіру және АҚЖ жүргізу бойынша жедел ден қоюға және тиімді іс-қимылдар жасауға жоғары дайындық деңгейіне қол жеткізу.
«Газ түтінен қорғау қызметі» курсында келесі тапсырмалар қарастырылған:
тыныс алуға жарамсыз ортада адамдарды, материалдық құндылықтарды құтқаруға, өрт сөндіруге, барлау мен АҚЖ жүргізуге бағытталған іс-әрекеттер жүргізуге машықтау;
ГТҚҚ күштері мен құралдарын тыныс алуға жарамсыз ортада адамдарды құтқару, өрттерді сөндіру бойынша іс-қимылдар жасауға тұрақты дайындығын жүргізу және ұстау;
газ-түтіннен қорғаушыларды тыныс алуға жарамсыз ортада іс-қимыл жасауға дайындау және емтихан қабылдау;
оқу материалдық базасын құру және жетілдіру;
қойылған міндеттерді шешу кезінде газ-түтіннен қорғаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Пәнді оқыту нәтижесінде оқушы келесіні білу керек:
білу – адам ағзасын түтін мен улы газдардан негізгі қорғау тәсілдерін, сонымен қатар тыны салу органдарын қорғау құралдары мен олардың түрлерін;
істей алуға тиіс - түтін мен улы газдардан қорғанудағы техникалық құралдарды пайдалану;
дағдыларды игеру – тыныс алу органдарын пайдалану;
компетентті болуы тиіс - түтін мен улы газдардан қорғану тәсілдері сұрақтарында.
Оқытуға қажетті құралдар, жабдықтар/Необходимые средства обучения, оборудование
Негізгі:
1. Исаченко В.П. Теплопередача / В.П. Исаченко, В.А. Осипова, А.С. Сукомел. – М.:
Энергоиздат. – 1987. – 416 с.
2. Краснощеков В.А. Задачник по теплопередаче / В.А. Краснощеков, А.С. Сукомел. – М.: Энергия. – 1981. – 264 с.
3. Шаров Ю.И. Теплопередача через многослойную цилиндрическую стенку / Ю.И. Шаров.
– Новосибирск: НГТУ. – 2001. – 18 с.
4. Шаров Ю.И. Построение кривой кипения жидкости / Ю.И. Шаров. – Новосибирск: НГТУ. – 2002. – 18 с.
5. Шаров Ю.И. Техническая термодинамика и основы теплопередачи / Ю.И. Шаров,
П.А. Щинников. – Новосибирск: НГТУ. – 2002. – 52 с.
6. Шаров Ю.И. Теплопередача через оребренную стенку / Ю.И. Шаров, А.А. Ильиных.
– Новосибирск: НГТУ. – 2005. – 16 с.
7. Шаров Ю.И. Теплообмен при конденсации и кипении холодильного агента / Ю.И. Шаров, И.В. Бородихин. – Новосибирск: НГТУ. – 2004. – 23 с.
Қажетті оқу құралдары, жабдықтар:қиықшалар, оқу құралдары, фонарь (топтық және жеке), байланыс құралдары, жеңілдетілген сүймен, байланыстырғыш (бағыттаушы трос).
Оқытушының байланыс ақпараты: тел.: 8771-244-67-76
Достарыңызбен бөлісу: |