Рабочая учебная программа по учебной практике Мамандығы / Специальность


Оқытудың жоспарланған нәтижесін бақылау



бет4/6
Дата05.12.2023
өлшемі107 Kb.
#134585
түріРабочая учебная программа
1   2   3   4   5   6
4. Оқытудың жоспарланған нәтижесін бақылау
4. Контроль планируемого результата обучения
Ауызша жауап үшін:
«5» -(үздік) оқушы оқу материалы бойынша толық түсінігін білдіреді; өздігінен анықтама бере алу қабілеті, дұрыс қорытынды жасай алады, проблемалық сұрақтың шешімін табуға қабілетті; материалдың барлық көлемін, меңгерген білімін еске түсірудегі қатенің болмауы; түрі өзгертілген және вариантивті сүрақтарға қиындықсыз жауап беру; техникалық терминологияны біледі.
«4»-(жақсы) оқушының оқу материалы бойынша түсінігі бар және дұрыс қорытынды жасай алады; оқу материалы бойынша білім деңгейі мұғалімнің сұрағына қиындықсыз жауап беруге мүмкіндік; ауызша жауап беруде өрескел қателіктер жібермейді және мұғалімнің қосымша сұрағының көмегімен жеке дәлсіздіктерді оңай жояды.
«3»-(қанағаттанарлық) оқушы негізгі материалды меңгергенін анықтайды, бірақ оны өздігінен еске түсіруде қиындықты сезеді; қосымша және анықтау сұрақтарын қажет етеді, оқушы еске түсіру үшін қойылған сұрақтарға жай қысқа сөйлемдермен жауап береді.
«2»-(қанағаттандырарлықсыз) оқушы қойылған сұраққа саналы жауап беруге қажетті білім көлемін меңгермеген.
Жазбаша жауап, тест немесе сыныптық бақылау жұмысы үшін:
«5»-(үздік) жауап толығымен қойылған сұраққа сай және оқу материалының мазмұнындағы талаптарға сай; оқушы стилистикалық және грамматикалық қате жібермейді; жазбаша қысқа және мазмұнды жауап бере алу қабілетін көрсетеді; тест тапсырмасы бойынша берілген дұрыс жауаптарының саны 90% кем емес.
«4»-(жақсы) әдістемелік нұсқаулардың көмегімен есеп шығара алады; жазбаша жұмыста шамалы қате жібереді; жалпы жауабының мазмұны оқу материалының көлеміне сай; тест бойынша дұрыс жауаптарының саны 80% кем емес.
«3»-(қанағаттандырарлық) жазбаша жауабының құрылысы қысқа; мазмұндылығымен ерекшелінбейді, қорытынды, түсінігі және анықтамалары жоқ; тест бойынша берілген дұрыс жауаптарының саны 65% кем емес.
«2»-(қанағаттандырарлықсыз) тапсырманы орындай алмайды; берілген оқу материалы жүйелілігімен, дәйектілігімен ерекшелінбейді; қысқа жауаптар оқу материалының логикаға сәйкестігін шығаруға мүмкіндік бермейді; тест бойынша берілген дұрыс жауаптарының саны 65% кем.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет