Енді кестені толтыру қажет. 4-сурет. Кестені толтыру Осы кесте негізінде форма құру үшін <Создание> мәзірінен <Форма> батырмасын басу жеткілікті
5-сурет
Сұраныс шеберінің көмегімен қарапайым сұраныс құруға болады. Мысалы, негізгі кестеден грантта оқитын студенттер тізімін бөліп алу қажет. Ол үшін Создание мәзірінен <Мастер запросов> батырмасын басып, <Простой запрос> батырмасын басып, ашылған терезеден қажетті өрістерді таңдау қажет (6-сурет):
6-сурет. Қарапайым сұраныс құру Ашылған терезеден Простой запрос таңдапаламыз. Келесі қадамда бізге қажет бағаналарды таңдап аламыз(7-сурет): Келесі қадамда “Далее-Готово” батырмасын басу қажет.
8-сурет. Тізімді шығару Оқыту бөлімі бағанына барып, грант жазбасына жалауша қою қажет (9-сурет): 9-сурет. Қажет жазбаны таңдау Осы қадамдарды орындағаннан соң, ОК батырмасын басқанда бізге қажет грантта оқитын студенттердің тізімі шығады: 10-сурет.Сұраныс нәтижесі.
Практикалық жұмыс №2 Жұмыстың мақсаты: Microsoft Office Access мәліметтер қорында күрделі МҚ құруды, мәліметтер схемасында кестелердің арасына байланыс орнатуды, күрделі сұраныстар, формалар және есеп берулерді құруды үйрену. Жұмыстың тақырыбы: Microsoft Office Access мәліметтер қорында екі кестеден тұратын МҚ құру Екі кестеден немесе одан да көп кестеден тұратын мәліметтер қорын құру үшін ең алдымен мәліметтер қорын жобалау қажет. Мәліметтер қорын жобалау дегеніміз – мқ қанша кестеден тұратынын анықтау, кестелердің өрістерінің атын анықтау, байланыс орнатылатын кесте өрістерін анықтау және т.б. Мысалы, 4 курс студенттері туралы Мәліметтер деп аталатын мәліметтер қорын құрайық. МҚ екі кестеден тұратын болады. Олар: Студенттер және Балл деп аталады. Студенттер кестесінің өрістерінің атын Констурктор режимінде 11-суреттегідей етіп толтырыңыз.