Радиациялық ластанудың мынадай топтарға бөледі



бет2/2
Дата18.03.2022
өлшемі48 Kb.
#28381
1   2
Радионуклидтер – бұл элементтердің электрондарды атомдардан шығарып, оларды басқа атомдарға оң және теріс йондар жұбын түзуімен қосаға қабілетті радиобелсенді сәулелену шығаратын изотоптары. Мұндай сәулеленуді иондаушы деп атайды. Кейбір заттарда барлық изотоптар радиобелсенді болып табылады. Атап айтқанда, оларға технеций, прометий, сондай-ақ Д.И.Менделеев кестесінің полоний басталып трансурандылармен бітетін барлық элементтері жатады. Гелий ядроларының (альфа –сәулелену) немесе жылдам электрондардан (бетта – сәулелену) тұратын бөлшектер ағынын корпускулалық сәулелену деп атайды.

Фотондық сәулелену – вакуумда 300000 км/с тұрақты жылдамдықпен

таралатын электромагниттік тербелістер ағыны. Фотондық сәулеленуге

гамма – сәулелену (γ – сәулелену), сипаттамалық, тежеулік және рентгендік

сәулеленулер жатады.


  • γ – сәулелену электромагниттік сәулеленуге жатады және жарық жылдамдығымен таралатын энергия кванттары ағынын құрайды. γ – сәулелену адам денесі және басқа да материалдар арқылы еркін өтеді, ол сондай – ақ өзі өткен ортада қосымша әрі шашыраңқы сәулелену туғызуы мүмкін.

  • Сипаттамалық сәулелену атом электрондарының энергетикалық күйінің өзгеруі кезінде пайда болады. Мұндай сәулеленудің энергиясы 1 МэВ – тен аспайды.

  • Тежеулік сәулелену зарядталған бөлшектердің кинетикалық энергиясының азаюы нәтижесінде түзіледі.

  • Рентгендік сәулелену – затты электрондар ағынымен соққылау кезінде пайда болатын, жиілігі жоғары және ұзындығы қысқа толқындардың электромагниттік сәулеленуі. Ерекше қасиеті –үлкен өткіш қабілеттілігінде. Шығу көзі рентендік түтіктерде, электрондық микроскоптарда, қуатты генераторларда, түзеткіш лампаларда, электрондық – сәулелік түтіктерде, т.б. түзілуі мүмкін. Сәулеленудің барлық түрлері иондаушы және өткіш қабілеттіліктерімен сипатталады

2)Радионуклидтер белсенділігі
3)Радионуклидтердің радиоактивті ыдырауының негізгі заңының формулалары. Жартылай ыдырау кезеңі.

Қоршаған ортаның адам организміне теріс әсер ететін факторларының бірі радиация болып табылады. Радиация адамның клеткалары мен органдарының түрлі функцияларына зиянды әсер етеді. Радиация әсер еткенде клеткалардың шапшаң бөлінуі, құрылымы мен құрамының өзгеруі Мүмкін. Радиациялық сәулелену тұқым қуалаушылық аппаратын өзгертуге, яғни мутацияға душар етуі мүмкін.



Радионуклидтер - бұл массалық саны мен атомдық нөмірі бар радиоактивті атомдар, ал изомерлі атомдар үшін-атом ядросының белгілі бір энергетикалық күйі бар. Радионуклидтер(және радиоактивті емес нуклидтер) элемент оны изотоптар деп атайды.

Радиоактивтілік құбылысы бір немесе бірнеше бөлшектердің шығарылуымен ядроның өздігінен ыдырауынан тұрады. Ядроның ыдырауы нәтижесінде z заряды да, А массасы да өзгеруі мүмкін.стихиялық ыдырауды бастан кешіретін ядролар радиоактивті деп аталады.



Радиоактивті ыдырау заңы

Радиоактивті ыдырау заңы — атом ядроларының әр түрлі бөлшектер мен сәулелер шығара отырып, өздігінен түрлену заңы.Радиоактивті ыдырау заңын Резерфорд ашқан:



Эксперименттік зерттеулер радиоактивті ыдырау толығымен статистикалық заңдылыққа бағынатынын дәлелдеді. Белгілі бір радиоактивті изотоптың ядролары бірдей болады. Атом ядросының және ядролардың қайсысының ыдырайтыны - кездейсоқ оқиға. Мысал үшін, бір нуклидтің бірдей екі ядросын алайық. Ядроның біреуі 3 млрд жыл бұрын жұлдыздың қопарылысы кезінде, ал екінші ядро ядролық реакторда 3 мин бұрын пайда болсын. Ядролардың пайда болу уақытына қарамастан, келесі бір уақыт мезетінде екеуінің де ыдырауының ықтималдығы бірдей. Статистикалық құбылыстарды сипаттау үшін оқиғаның ықтималдығы ұғымын қолданады.

Радиоактивті ядролар санының жартысы ыдырайтын уақыт аралығын жартылай ыдырау периоды Т1/Т2 деп атайды.

Демек, радиоактивті ядролардық алғашкы саны N0 болса, T1/T2 уақыт өткеннен кейін олардың саны N= болады. Радиоактивті ыдырау заңын 1902 жылы Э . Резерфорд пен Ф.Содди ашқан. Есептеулер радиоактивті ядроның орташа өмір сүру уақытын



=

өрнегі арқылы анықтауға болатынын көрсетті. Ядроның орташа өмір сүру уақыты жартылай ыдырау периодына пропорционал.



1.Электромагниттік өріс-электрлік зарядталған денелермен, сондай-ақ меншікті диполь және мультипольдік электрлік және магниттік моменттері бар денелермен әрекеттесетін іргелі физикалық өріс. Бұл белгілі бір жағдайларда бір-бірін құра алатын және шын мәнінде электромагниттік өріс тензоры арқылы ресімделген бір субъект болып табылатын электр және магнит өрістерінің жиынтығы. Иондаушы сәулеленуді корпускулярлық және фотондық деп екі түрге жіктейді .

Қазіргі кезеңнің өзекті мәселелерінің бірі – радиациялық ластану болып қалып отыр. Радиактивті ластанумен күресу тек алдын алу сипатында ғана болады. Себебі табиғи ортаның мұндай ластануын нейтралдайтын биологиялық ыдырату әдістері де, басқа да механизмдері де жоқ. Қоректік тізбек бойынша тарала отырып (өсімдіктерден жануарларға) радиоактивті заттар азық-түлік өңімдерімен бірге адам ағзасына түсіп, адам денсаулығына зиянды мөлшерге дейін жиналуы мүмкін. Радиоактивті ластану – қоршаған ортаны өте қауіпті әсер әкелетін физикалық ластанудың түрі. Бұл ластану адам денсаулығы мен тірі организмдерге радиациялық сәулелену арқылы зиянды әсер жасайды. Қазіргі уақытта дамыған елдерде ядролық энергетиканың дамуына байланысты қоршаған ортаның радиациялық ластануы үлкен қауіп тудыруда. Ластанудың бұл түрі химиялық кейін екінші ортаға шықты.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет