Құралай рахымбай жаннан қымбат оларға ар, Мен жастарға сенемін


– Бүгінгі міндетіңіз қандай?



Pdf көрінісі
бет2/6
Дата12.03.2017
өлшемі34,43 Mb.
#8806
1   2   3   4   5   6

– Бүгінгі міндетіңіз қандай

–  Орталықтың  негізгі  жұмысы 

–  мүгедектерді  оңалту,  оларға 

қыз мет  ету.  Жеті  бағыт  бойын ша 

әлеуметтік  қызметтерді  ұйым дас­

тыру  да  менің  міндетіме  ене ді. 

Ең  бастысы,  мүгедектерді  қо ғам 

өміріне бейімдеуге атса лы су. Әрине 

нарықтық қо ғам, жаһандану дейміз, 

кейде   ма ңа йыңдағы  кісілерге 

мойын  бұ руға шама болмай жата­

ды. Асы ғыстық пен жанталас басты 

орынға қо йылған қоғамда ашылған 

орта лық ты  жұртшылық  «мейірім 

ұя сы»  деп  те  атайды.  Шынында 

со лай, тағдырдан соққы алып, сау­

лығынан айырылған, он екі мүшесі 

бүтін  емес  жандарға  көмек  қолын 

созған орталықты басқаша атау да 

мүмкін емес. 



– Мүгедектерді қоғам өміріне 

бейімдеуді қалай жүзеге асыра­

сыздар? 

– Елімізде жарымжан жандарға 

қолдау  көрсету  алдыңғы  орынға 

шығарылған.  Оларды  қоғам  өмі­

рі нен  шеттетпей,  мүгедектігін  са­

лық  етпей,  маңдайынан  шерт­

пей  көппен  бірдей  көру  –  әрбір 

аза маттың  міндеті.  Мүгедектік 

екі  бағытта  орын  алады:  бірі  – 

туа  бітті,  екіншісі  –  жүре  біт ті. 

Тағ дырдың  жазуы  солай.  Орта­

лық та  аяғынан  тік  тұрмаса  да, 

біршама жақсарған азаматтар бар. 

Мәселен,  І  топ  мүгедегі  Рашит  

Дос мағамбетовтің  орталыққа  кел­

генде  қимыл  қозғалыс  әлсіздігі, 

сөйлеу қиындығы көрініп тұратын. 

Орталықта  ем  алу  нәтижесінде 

ай тулы  азамат  өз  бетімен  жүріп­

тұруға  қауқарлы  болды.  Сондай­

ақ,  Сәбит  Қазбеков  те  аяғының 

жансыздануы мен қолдарының жиі 

ұюынан, ұзақ уақыт жүре алмауы­

нан орталыққа келді. Бүгінде ол ар­

найы таяқтың көмегінсіз жүре ала­

тын  жағдайға  жетті.  Айта  кететін 

бір  жайт,  орталықта  оңалтудан 

өткен  жандар  қарап  жатпайды. 

Қолөнер  бұйымдарын  жасап,  ше­

берханаларда  жұмыс  істеп,  түрлі 

мәдени шараларға қатысады.

–  Өмірдің  ащы  дәмін  татқан 

жандармен  жұмыс  істейсіздер. 

Мү гедектерді  қоғамнан  алшақ­

та маймыз  деген  кейде  ұран  се­

кілді  естіледі.  Оларға  ада ми 

көзқарас  басқаша.  Ба тыс тың 

бір  ғұламасы:  «Мен  адамдар­

дан  емес,  олардың  адам сыз­

дықтарынан  қорқамын»  деген 

екен. 

–  Қазір  адам  өзі  үшін  өмір  сү­

реді.  Қоғам  алдындағы,  өмір  ал­

дындағы,  адамдық  алдындағы 

жа уапкершілікті  сезініп  жатқандар 

аз. Ашық қоғам түземіз деп қазақы­

лығымыздан жеріндік. Мемлекеттік 

арналарды  қарасаң,  бәрі  жақсы. 

Ал  шынайы  өмір  басқа.  Кейде   іш 

тартасың.  «Өзің  үшін  өмір  сүр» 

процесінің  жүзін  көргенде  түңіліп 

кетуге  болады.  Мәселен,  жолдан 

мүгедек  адам  өте  алмай  тұр са, 

көпшілік  жәрдемдесуге  ұмтыл­

майды.  Асығып  шаруасымен  кете 

барады.  Көмектесетіндер  ілеу  де 

біреу.  Мейірімсіздік  синдромы  бе­

лең алуда. Адамдар бір­біріне аш­

көздікпен  қарайды.  Тіпті  бір­бірін 

түтіп жеуге бар. Мұның бәрі ашық 

қоғам, бұғатсыз ғаламтордың ке сірі 

деп білемін. Ғаламторда 10 па йыз 

жақсылық болса, 90 пайыз  бәлекет 

бар.  Кешегі  жазықсыз  жан дарды 

«жазаламаққа»  Сирияға  ат танған 

300  отбасының  тағдыры  газет  не 

теледидардың емес,  ға лам тордың 

бұғатсыздығынан  туы ндады.  Ба­

ласынан жерінген, туа са лып әжет­

ханаға тастағандар да сол ғалам­

тордан  санасы  уланған  адамдар. 

Негізі  ақпараттық  қауіпсіздік  үшін 

ғаламторға шектеу қою керек.

–  Бір  сөзіңізде  біліктілік  ту­

ралы сөз еттіңіз. Шынында,  жұ­

мысқа  тұру  үшін,  жайлы  қыз­

мет үшін таныс­тамыр, әке­көке 

қажет емес пе?

–  Кей  жастарға  таңғаламын. 

Қолын  қалтасына  салып,  шырт­

шырт  түкіріп  жүрсе,  қалтасы  ақ­

шалы,  үйі  бақшалы  болса  дейді. 

Жеміс піссе, аузыма түссенің кері. 

Жайлы  жұмыс  істеп,  жылтыраған 

киім  кисең,  танысың  мықты,  та­

мырың  мығым  боп  шыға  келеді. 

Қоғамда  «талант  бар  да,  таныс 

жоқ»  психологиясы  қалыптасқан. 

Кесіп  айтайын,  жайлы  өмір  ты­

рысу  мен  ізденуден  тұрады.  Кім 

білікті  болса,  қоғам  оған  орын  та­

уып  береді.  «Өнерпаз  болсаң, 

арқалан,  сен  де  бір  кірпіш,  дү­

ниеге  кетігін  тап  та,  бар  қалан» 

дейді  данышпан  Абай.  Әр  адам 

өмірдегі  орнын  іздесе,  таныс  пен 

тамырға  қарамайды.  Мәселен, 

менің  сіңілімді  алайық,  Қорқыт 

ата  атындағы  ҚМУ­дың  студенті 

еді,  білімділігімен  дараланып,  Ко­

рея  еліне  оқуға  кетті.  Оған  таныс 

та,  тамыр  да  көмектеспеді.  Он­

дай  ағайындарымыз  да  жоқ.  Қа­

рапайым отбасының мүше леріміз. 

– Жасыңыз келсе де тұрмыс 

құрмапсыз.  Сізде  маңыздысы 

карьера ма, әлде отбасы ма?

–  Әрине,  осынша  жасқа  келіп 

жар, ана атанбау оңай емес. «Неге 

тұрмыс құрмай жүрсің» деген сау­

ал жиі қойылады. Алғашында білім 

алуға  ұмтылдым.  Білімді  жанның 

көкірегі  ояу  болады.  Содан  кейін 

білікті маман болуды мақсат еттім. 

Қазір  жұмысым  да  бар.  Ендігі 

жоспар  –  отбасын  құру.  «Тесік 

моншақ  жерде  қалмайды»  деген, 

жуырда  тұрмысқа  шығамын.  Ата­

анам да менің бақытты болуымды 

күтіп жүр.



–  Қоғам  өміріне  белсенді 

ара ласып  жүрген  жассыз.  Қа зір 

жастарға  не  жетіспейді?  Олар­

дың басты мәселесі не?

–  Бұл  тұрғыда  кесіп  айту 

қиын.  Жастар  төңірегінде  мәселе 

көп.  Жұмыссыздықтан  басталып, 

білімсіздікпен,  мәдениетсіздікпен 

ұштасады.  Жастардың  бәрі  мәде­

ниетсіз дей алмаймыз. «Бір қарын 

майды  бір  құмалақ  шірітеді»  де­

ген  бар.  Бір  жастың  кесірінен 

қанша жасқа сөз кеп жүр. Аға буын 

жастарға  көңілі  толмайтынын  жиі 

айтады.  Кейде  аға­апаларыма 

қарсы  пікір  айтуға  тура  келеді. 

Жастар  –  жаңашылдықтың  бас­

тамашысы.  Олар  өмірге  про­

гресс  әкеледі.  Дей  тұрғанмен  кей 

жастардың  бойында  құлшыныс 

аз.  Масылдық  психология  ба­

сым. Үкімет жұмыс тауып беру ке­

рек.  Жұмыс  болғанда  таза  әрі  аз 

істеп,  көп  табатын  жұмыс.  Нағыз 

жалқаулықтың  белгісі.  Өмір  –  кү­

рес.  Тырысу  қажет,  тырбану  ке­

рек.  «Есектің  артын  жу  да,  мал 

тап»  дейді  халық  даналығы.  Мек­

теп жасындағы бала оқуға ерінеді, 

жоғары оқу орнында қашып­пысып 

білім  алады,  сосын  біліксіздігінен 

жұмыссыз жүреді. Содан келе ша­

руаның  тірлігін  істеуді  ар  кө ре ді. 

Мәдениетсіздікке  келер  бол сақ, 

қоғамдық орындарға жиі барамын. 

Аллея,  саябақ  деген  жас  тардың 

демалыс  орны  ғана  емес, 

тұрғындарға  арналған  аумақ.  Ал 

жастар  сондай  орындарды  бүл­

діруге  бейім.  Темекі  тұқылын  тас   ­

тайды,  орындықтардың  бетін  жа­

ра лайды,  түрлі  сөздерді  жазып 

кетеді.  Айналып  келгенде,  қо ғам 

мүлкін  бүлдіреді.  Вандализмнен 

арылу  керек  қой,  өйткені  өрке­

ниетті елде өмір сүрудеміз. 

– Өмірдегі ұстанымың не?

– Мақсатпен өмір сүру.



– Қандай мақсатпен өмір сү­

ресіз?

– Мүгедектермен жиі араласып  

тұрамын.  Орталықтан  ем  алып 

шыққандардың  үйіне  барып,  хал­

жайын біліп жүремін. Кейде доста­

рым  күледі,  сірә,  олар  мұндайға 

арланатын  шығар.  Мақсатым 

–  адам  болып  қалу.  Әу  баста  ор­

та лықты  «мейірімділік  ұясы»  де­

дім ғой, мұнда жұмыс істеу бары­

сында  мейірімді  болуға,  адами  

құндылықтарды  бағалауға,  адам­

гершілікті биік қоюға үйрендім. 

– Неден қорқасыз?

–  Ақырзаманнан.  Қазір  не бір 

бәлекет бар. Адамдықтан безін ген 

қоғамда сүрінсең, ба сыңнан сипап, 

тұрғызуға ұмты ла тындар аз, таба­

лап, күлкі ете тін дер көп. Мейірімнің 

азаюы,  адам ның  адамға  қасқыр 

пиғылмен  қа рауы  ақырзаманның 

таяғанын аңғар тады. 

– Осынша әңгімені айтқаны­

ңызға  қарағанда  көп  оқисыз­

ау...

– 

Газет­журнал, 



кітап 

оқығанды  жаным  сүйеді.  Кітап 

дүкендеріне  жиі  бас  сұғамын. 

Жаңа  кітап  шықса,  іздеп  жүріп 

оқимын. 

Батыста 


«газеттің 

оқылуына қарап мәдениеттіліктің 

өлшемін  білуге  болады»  де­

ген әңгіме бар. Мәде ниетті болу 

үшін  газет  оқу  керек.  Сондай­ақ 

ұстазым – өмір ғой.



Сұқбаттасқан:

Дастанбек САДЫҚ

Ғалия МАХАМБЕТОВА, 

«Мүгедектерге арналған оңалту орталығының» маманы:

ГАЗЕТТІҢ ОҚЫЛУЫНА ҚАРАП 

МӘДЕНИЕТТІҢ ӨЛШЕМІН БІЛУГЕ БОЛАДЫ

БІЗДІҢ АНЫҚТАМА

Ғалия Махамбетова Тұрысбекқызы 1988 

жылдың 27 қазанында Қызылорда облысы, Жаңақорған 

ауданына қарасты Талап елді мекенінде дүниеге келген. №136 

қазақ орта мектебін аяқтап, Қорқыт ата атындағы ҚМУ-ды тарих 

пәнінің мұғалімі болып тәмамдайды. Еңбек жолын мектеп мұғалімі 

болып бастаған Ғалия бүгінде Қызылорда облысының жұмыспен 

қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар 

басқармасының «Мүгедектерге арналған оңалту 

орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 

әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман болып 

қызмет етеді.


Қазақ  балалары  өзге  ұлттың  балаларына  қарағанда 

жасқаншақ  келеді.  Алысқа  бармай­ақ,  көрші  орыс  ұлтының 

баласын  алайық,  тым  еркін,  сұрақ  қойып,  оған  жауап  алуда 

тартыншақтанбайды, ойын еркін жеткізеді. Оның басты себебі 

үйдегі тәрбиеде секілді. Олар  баласын үнемі мақтап, арқадан 

қағып,  түкке  тұрғысыз  салған  суреті  үшін  де  марапаттап,  кез 

келген  жетістігін  барлық  туыстарына,  достарына  хабарлап, 

жар  салып  жүреді.  Бұл  баланың  психологиясына  қатты  әсер 

етеді. Осыны естіген бала одан сайын алға ұмтылады. Өйткені 

баланың  санасында  ата­анам  мені  мақтан  тұтады  деген  ой 

қалыптасады.    Жасқаншақтықтың  ең  басты  себебі  –  ата­

ананың  балаға  үнемі  ұрсып,  зекіп,  баласының  әр  ісіне  көңілі 

толмауы.  Иә,  баланы  бақылауға  алу  керек,  бірақ  еркіндік  те 

бере  білу  қажет.  Жастайынан    тәртіпті,  жүйелі  өмір  сүруін 

қамтамасыз етіп, белгілі бір уақыттарда, белгілі нәрселермен 

айналысса,  бала  тәртіпке,  жүйелі  өмір  сүруге  бейімделеді 

және кейін жүйелі түрде өмір сүруді үйренеді. 

Абай:  «Адам  ата­анадан  туғанда  есті  болмайды:  естіп, 

көріп,  ұстап,  татып,  ескерсе,  дүниедегі  жақсы­жаманды  та­

ни ды, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді бо­

лады»,  ­  дейді.  Адам  қаншалықты  білімге,  ізденіске  құштар 

болса,  соншалықты  ой­санасы  жетіле  түседі.  Кейде  біздің 

жастарымыздың  жасқаншақ  болуына  соңғы  шығып  жатқан 

технологиялар  әсер  етіп  жатқандай.  Қашанда  жиналыста 

не  болмаса  қоғамдық  көлікте  қалта  телефондарына  үңіліп 

отырады. Айналасында не болып жатқанымен шаруасы жоқ. 

Кезінде желтоқсанға шыққан өрімдей жастардың жігері бүгінгі 

жастың  бойынан  неге  байқалмайды  деп  ойлайсың.  Тәрбие 

негізі  отбасында  қаланады.  Кез  келген  ата­ана  баласын 

жамандыққа  қимайды.  Әр  жанұя  баласына  өзіндік  тәрбие 

береді.  Көбіне  балалардың  материалдық  жағдайына  көңіл 

бөлінеді де, рухани тәрбиесіне мән берілмейді. Баламыздың 

мықты азамат болғанын бәріміз қалаймыз. Ол үшін отбасына 

көп  көңіл  бөліп,  баламен  пікір  алмасып,  өзіндік  ойын  жеткізе 

білуге  көмектесуіміз  қажет.  Сонда  ғана  тәуелсіз  елдің  ойы 

еркін, мінезі көркем жастарын қалыптастыра аламыз.



№ 42 (164) 20 ҚАЗАН, БЕЙСЕНБІ, 2016 ЖЫЛ

­ Жеңше, қараңызшы күшті шал­

бар  алдым,  –  деп  жыртықтары  көп 

джинси  шалбарын  киіп  әрлі­берлі 

жүрді Айша.

­  Ммм,  қаншаға  алдың?  ­  деді 

жеңгесі.

­ 6000 теңге. Жеңгесі қайын сіңі­

лісіне  бастан­аяқ  қарап  шықты  да 

үнсіз  қалды.  «Жеңше,  айтсаңызшы 

енді, жарасып тұр ма?» деп тақымдай 

түскенде.

­  5000  теңге  саудагерге  артық 

төлепсің, ­ деп жауап қатты. 

Бұл  бүгінгі  күннің  жеңгесі  мен 

қайын  сіңілі  арасындағы  диалог. 

Жеңгейдің  астарлап  айтқанын  тү­

сінер  сана  болса.    Көшеде  тізесі 

жыр тық,  алба­жұлба  джинсилі  қыз­

дар  еріксіз  көзге  түседі.  Бұрын  жиі 

көрмейтінбіз. Қазір  жаңбырдан соң ғы 

саңырауқұлақтай қаптап кеткен. 

Жыртық    шалбарды  алғаш  қара 

жұмысшылар  киген  екен.  Джинси 

шалбардың  матасы  жұмыс  жасауға 

өте  қолайлы  болған.  Шалбар  жыр­

тыл ған  сайын  жаңасын  сатып  алуға 

олардың  қалтасы  көтермеген.  Сөй­

тіп бір шалбарды әбден то зып, істен 

шыққанша киген. 

Біз қыздарымызды қара жұмысқа 

салып  шаршатып  жүрген  жоқпыз. 

Оқысын, кисін, құлпырып жүрсін дейді 

қай ата­ана болмасын. Тым болмаса, 

«қызым,  дұрыс  киім  ал»  десе,  тәр­

биелі  бала  ата­ананың  тілін  алар 

еді. «Өзіңе ұнағанын ал» деп еркесін 

еркіне  жіберіп  отырғандар  да  бар.  

Бұрын  жамау­жамау  шалбар  киген 

кісі  көрсек  күлетін  едік.  Не  жетпейді 

екен деп. Қазір қыздарымызға кигізіп 

қоюға  сол  жамау  шалбарларды  да 

таппай  қалдық.  Тіпті  сау  шалбар­

дың өзін арнайы жыртып киюді әдет­

теріне  айналдырған.  Бір  жағынан 

қарасаң,  жыртық  киім  адамзат  үшін 

қай  заманда  болсын  бейшаралық, 

мүсәпірлік,  кедейліктің  нышаны  бо­

лып келді. Қарын тоқ, көйлек көп за  ­

манда  жыртық  джинсиді  арнайы  са­

тып алып киген жастардың мұны сын 

то йынғандық  па  деп  те  ойлайсын. 

Біз дің топта бірге оқитын Әсел де осы 

джинсиге  құмар.  Шалбарына  қара­

саң, тура екі тізесін ит талаған секілді.  

Қайта­қайта қарауға көз ұялады. Бір 

күні  Әселден  «осы  шалбардың  қай 

жері күшті?» деп сұрадым. «Несі бар, 

өзіме жарасып тұр. Бәрі киіп жүр ғой, 

мода»  деп қысқа қайырды. 

Ибалы  да,  инабатты  қыздары­

мызға  арнап  ұлттық  оюлармен  сән ­

делген  әдемі  көйлектер  мен  кеу­

де шелер  ұсынбаған  өзіміз  кінәлі 

шы ғармыз.  Отандық  дизайнерлер 

ұлт тық  нақыштағы  киімдерді  сәнге 

шы ғарса, қыздар мода деп бәрі киіп 

алар ма еді?! Кім білсін? 

«Бұтына  жабысқан  қуықтай  тар 

шалбарының  белі  мықыннан  төмен 

түсіп  тұрады.  Осыны  қыздарымыз 

«заманға  сай  болу»,  «мәдениет», 

«жаңа мода» дейді. Бұл – мода емес, 

оба. Мұхиттың арғы жағындағы жеңіл 

жүрісті әйелдердің, өздеріне еркектің 

назарын аудару үшін көкірегін сал бы­

ратып,  қарнын  ашып,  бөксесін  бұл­

титып, мықынын ойнатып жүретін тән 

сатушыларының  кәсіби  көрінісі.  Ал 

шалбар кигендердің көбі ораң­сораң  

жүре береді. Қымсынбай, кез келген 

ортада  аяқты  ерлерше  айқастырып 

та, екі аяқты алшақ қойып, тақымын 

көрсетіп те отыра береді. Байқамай, 

көп аздан көлемді көп жинала келе, 

еркек  мінездес,  еркек  пішіндес,  ер­

кек  жүрісті  әйелдер  көбейді»  деген 

пікірде  Зейнеп  Ахметова.  Қашанда 

адамды  киіміне  қарап  қарсы  алып, 

ақылына  қарай  шығарып  салатын 

халықпыз.  Адамның  киім  киісі  оның 

бол мысынан,  ұстанымдарынан  ха­

бар  береді  емес  пе?  Бұл  мәселеде 

қыз дар қауымына Зейнеп апамыздан 

асырып  айта  алмаспыз.  Әрине  көкі­

ре гі ояу бір қыз болса.

Қорыта  айтқанда,  бүгінгі  қыз  – 

ертеңгі  ұлттың  анасы.  «Қызын  қым­

тап  ұстаған  ұялмайды»  деген  ұла­

ғат ты  сөз  бар  халқымызда.  Қыздар 

мен  ата­аналардың  құлағына  алтын 

сырға.


Мысалы, өзім оқу бітірген соң 

жұмыс  жасап,  ата­атама  қолға­

быс  етемін  деп  жүргенде  жеке 

өмірге  мән  бермей  біраз  уақыт 

өткізіп  алыппын.  Жиырма  сегіз 

жасымда  тұрмысқа  шықтым. 

Жиыр ма  сегіз  жылда  үйдегі  екі 

ағам  менің  бір  жігітпен  сөйлесіп 

тұр ға нымды  көрген  емес.  Ағала­

рым ның  көзінше  телефонда  

жі гітпен  сөйлеспек  түгілі  ол  та­

қы рып  мүл де  қозғалмайтын. 

Кеш кісін  тойға  барсам,  тойхана­

дан ағам өзі алып қайтатын. Бо­

лашақ  жарымды   да  ағаларым 

тек  ұзату  тойымда  бір­ақ  көрді. 

Ізімнен ерген сіңілі лерімді жинап, 

«жігітің бар ма, онымен қай жер­

де  қыдырып  жүрсің?»  деп  сұрай 

алмаймын.  «Жігітпен  беймезгіл 

уақытта  қыдырып,  олай­былай 

жабысып,  суретке  түсе  берме» 

дегенімде «ой, тәте қойыңызшы» 

деп  шорт  кеседі.  «Құрбым  да 

желіге жігітімен түскен бейнебая ­

нын  жариялады  ғой.  Менде  са­

лайын, көрсін, менің жігітім қандай 

екенін»  демесі  бар  ма?  Тіпті  не 

дерімді  білмедім.  Ботам­ау,  енді 

ғана  бойжетіп  келесің.  Жігітпен 

жабысып түскен суретіңді салма­

саң,  жігітің  тастап  кете  ме?  Сен 

ақылдысың,  инабатты  қызсың, 

әрбір қадамыңды ойланып жаса. 

Қа зақ  қызы  ұзатылып  кеткенше 

көпшілікке  жария  етпеген»  деп 

бар кеңесімді айттым. Лайым бей­

небаянда  дүйім  елге  көрсеткен 

жігітіне қосылып бақытты болсын. 

Жастардың сезімі де, сүйіктісі де 

тұрақсыз.  Ертеңгі  күні  тойында 

басқа жігітті көрсек ұят емес пе?

Қыз – әдеміліктің, әдептіліктің, 

сұлулықтың  жаршысы.  «Қыз  қы­

лы  ғымен  көрікті»  деп  жатамыз. 

Алайда бүгінгі қоғам «қызым үйде, 

қылығы  түзде»  деген  уақытқа 

алып келген тәрізді. Бүгінде қыз­

дар әлеуметтік желідегі парақ ша­

ларын  күніне  мың  сан  суретпен 

толтырады.  Қазақ  қызының  бәрі 

әдемі.  Барша  қызға  ақыл  айту­

дан аулақпыз. Әйтсе де әдемілік 

тек сыртқы сымбатыңмен өлшен­

бейді.  Жан  дүниесінде  жара­

сым  тапқан  инабаттылық  пен 

ибалылық қашанда құнды. «Әдемі 

болыңдар,  әсем  болыңдар!  Со­

нымен  бірге  ақылды  болыңдар! 

Сұлу  болыңдар,  сымбатты  бо­

лың дар!  Сонымен  бірге  саналы 

болыңдар! Ең алдымен еңбекшіл 

болыңдар!  Еңбекшіл  адам  –  ең 

ардақты  адам.  Дүниеде  ең  сұлу 

әйел – еңбекшіл әйел. Еңбекшіл 

әйел – ерге сүйікті, елге сүйкімді, 

отбасына  сыйлы  болады.  Өңді 

қыз өтімді қыз болғанымен, түптің 

түбінде  есті,  еңбекшіл  қыз  ғана 

жақсы  жігітті  өкіндірмей  ең  асыл 

жар, жан серік бола алады», деп 

кеңес  береді  жазушы  Әзілхан 

Нұршайықов. 

Ақыл  анадан  тарайды,  адам­

гер шілік  әйелден  басталады, 

қыз дан  –  қылық,  тәрбие,  тәлім 

туындайды.  Өйткені  қыз  жетек­

тесе  ілеспейтін,  қыз  қиылса  көн­

бейтін жігіт жоқ. Қыздарға таби ғат 

сыйлаған  осы  бір  өзгеше  өнер 

қаумалап  жүр ген  жігіттерге  игі 

әсер  ету  керек.  Мен  бойжеттім, 

өзім  білемін  дегенге  баспай, 

үлкендерден  қым сынған  дұрыс. 

Отбасындағы тәр  бие қайда жүрсе 

де берік болса жөн. 

«Қыздар!  Жандарында   жүр­

ген жігіттерді ақылмен, әдепті лік­

пен,  сыпайы  мінезбен,  сүйкім ді 

назбен  тізгіндей  біліңдер.  Жігіт­

тердің  жұлқынған  асау  жүрегін 

адамгершілік асыл қасиеттермен 

бұйдалап  алып,  оларға  айтқан­

да рыңды  істетіңдер:  арақ  ішкіз­

беңдер,  айқайға  жуытпаңдар. 

Оларды  түнгі  он  екіде  мас  боп 

рестораннан  қайтып,  жұрттың 

шырқын  бұзып,  терезесінің  түбі­

нен  текедей  бақылдап  өлең  ай­

тып өтпейтін етіңдер. Жігіт – жа­

ныңда  жүрсе  жолдасың,  жауға 

жұмсасаң  –  жолбарысың.  Жігіт 

–  ортада  жүрсе  орманың,  шетке  

шықса  қорғаның.  Жігіттерден 

жылы  күлкі,  жұмсақ  әзілдеріңді 

аямаңдар.  Бірақ  оларды  жұрт 

кө зінше  сүйісіп,  сүйкенісіп  тұ­

руға  үйретпеңдер!  Оларды  жар­

баңдатып,  жабыса  құшақтат паң­

дар.  Адамның  асыл  махаббат 

сезімін ардақтап, бүркеп, қымтап 

ұстауға  баулыңдар.  Олардың 

нәп сісін  тыйып,  намысын  биік 

ұстауға  тәрбиелеңдер.  Сөйтіп, 

олармен  тату,  дос,  қимас  құрбы 

болып  өсіңдер,  шырақтарым»,  ­ 

деп жазады. 

Жиырмасыншы  ғасырда  жаз­

ған  жазушының  бұл  кеңестері 

бүгінгі  күні  де  өз  құнын  жойма­

ды. Саналы қыз болса, сезімін де 

суытпай  ғұмыр  кешеді.  «Махаб­

бат қызық мол жылдарды» бүгінгі 

күні  де  армандауымыз  керек. 

Себебі шынайы махаббат әлемді 

құтқарады.  Жастарды  сезімін 

көп ке  жария  етпей,  махаббатын 

бүркеп ұстауға, инабаттылық пен 

ибалылыққа  бау луымыз  керек. 

Халқымыз  қашан да  қыздарды 

қадірлеген.

Қыз  –  жарқын  өмірдің  бас­

тауы.  Ұлтымыздың  анасы.  За­

ман  көші  алға  жылжыған  сайын  

қа ра көздерімізге қазаққа тән тәр­

биемізді бере алсақ игі.

Ә

жейдің әңгімесі немесе қыз мұраты не



?

Гүлбану МАҚАЖАН

Айгүл ӘЛІШЕР

Ж. ҚУАНЫШБАЙҰЛЫ

ҚЫЗЫМ ҮЙДЕ, ҚЫЛЫҒЫ ТҮЗДЕ



Кішкентайынан көз алдымызда өскен Динара – көршімнің 

тұңғышы.  Ата-анасы  таңнан  қара  кешке  дейін  жұмыста. 

Екеуі  де  –  адал  еңбегімен  абыройға  бөленген  лауазымды 

кісілер. Динара лицейді үздік бітірді. Астанада жоғары білім 

алып, магистратураға да түсті. Жақында «ВК» әлеуметтік 

желісіндегi  парақшасынан  жігітімен  бірге  түскен  бейне  ро-

лик  көрдім.  Бірінде  құшақтасып  сүйісіп,  енді  бірінде  тау-

тасты аралап қыдырып жүр. Әркімнің жеке өмірі не істесе де 

дерсіздер. Алайда инабатты да ибалы қызымыздың түздегі 

қылығын көріп мен ұялдым. Ол желіде барша сыныптастары 

мен достарынан бөлек ата-анасының да парақшасы бар. Әлі 

тұрмысқа  шықпаған  қыздың  жігітмен  аймаласып  тұрған 

бейнесі қанша заман дамыды десек те әдептілік емес. 

ЖАСТАР ШОҒЫРЛАНАТЫН ЖИЫНДАРДА ЖИІ БОЛАМЫН. БАЙҚА­

ҒАНЫМ,  ОРТАҒА  ШЫҒЫП  СӨЗ  СӨЙЛЕР,  КӨҢІЛІНДЕГІ  КӨП  ОЙДЫ 

ЖЕТКІЗЕР БЕЛСЕНДІ ЖАС ТАБЫЛМАЙДЫ. ӘСІРЕСЕ, АУЫЛ ЖАСТАРЫ 

НЕГЕ ЖАСҚАНШАҚ? КӨПШІЛІКТІҢ АЛДЫНДА ӨЗ ОЙЫН АЙТУҒА НЕГЕ 

ҰЯЛАДЫ?    АУЫЛ  –  ТӘРБИЕНІҢ  АЛТЫН  БЕСІГІ.  ҚАЛА  ЖАСТАРЫНА 

ҚАРАҒАНДА  АУЫЛДА  «ҮЛКЕННІҢ  СӨЗІН  БӨЛМЕУ»  ДЕГЕН  СЫНДЫ 

ҚАҒИДАЛАР  ӨТЕ  КӨП.  «ӘКЕ  ТҰРЫП  ҰЛ  СӨЙЛЕГЕННЕН  БЕЗ,  ШЕШЕ 

ТҰРЫП  ҚЫЗ  СӨЙЛЕГЕННЕН  БЕЗ»  ДЕГЕН  ТӘРБИЕНІ  БОЙЛАРЫНА 

СІҢІРІП ӨСКЕН. БҮТІН БІР АУЫЛДЫҢ КӨШБАСШЫСЫ БОЛА ТҰРА, ӨЗ 

ОЙЫН ОРТАҒА САЛУҒА ЖАСҚАНАДЫ. ЖАСТАРДЫ ЖАСҚАНШАҚ ЕТУ 

ТӘРБИЕДЕН БЕ, ӘЛДЕ ӨЗ БОЙЫНДАҒЫ ҰЯҢДЫҒЫ МА?

ЖАСҚАНБАЙ СӨЙЛЕ, 

ЖАЛЫНДЫ ЖАС!

ҚЫЗЫН ҚЫМТАП 

ҰСТАҒАН ҰЯЛМАЙДЫ



№ 42 (164) 20 ҚАЗАН, БЕЙСЕНБІ, 2016 ЖЫЛ


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет