Қоршаган ортаның сапасы
Қоршаған ортаны корғау туралы заңының 1 бабында коршаған ортаның сапасы -- қоршаған ортаны: құрамы мен қасиеттерінін сипаттамасы деп көрсетілген
Табиғи қоршаған ортаның сапасына экологиялык жүйенің үнемі және тұрақты, табиғат пен адам арасындағы зат және энергия алмасу процесін қамтамасыз етуді және өмірді калпына келтіруді жатқызамыз. Табиғат сапасы табиғаттың өзімен өзін реттеу және өзін зиянды заттардан тазарту арқылы қамтамасыз етіледі. Табиғаттың өндірістік циклі ауытқымайтын процесс принципінде құрылған. Ол бойынша соңғы берілген өнім, келесі циклдегі өнімнің шикізаты ретінде қолданылады Адам өңдірісі табиғат өндірісіне қарағанда қалдық технологиясында құрылған. Аздаған процентте өндірілетін соңғы өнім, келесі циклге шығуына кызмет етпей, қалдыққа жіберіледі. Табиғи ортаға адамзат өндірісінің әсері, адмның өзі тұратын ортаның сапасын реттеу туралы көптеген сұрақ қойылады. Қоршаған ортаның сапасын нормалау экологиялық кауіпсіздікке және халықтың Денсаулығын қорғауға кепілдік беретін, қоршаған ортаның ластануына жол берілмеуін табиғи ресурстардың толықтырылуы мен ұтымды пайдаланылуын қамтамасыз ететіп қоршаған ортаға ықпал етудің ғылыми негізделген шекті жол берілетін нормаларың белгілеу мақсатын көздейді Қоршаған ортаға зиянды әсерді жою және ерекше қорғалатын обьектілерді сақтау мақсатында қорғау, санитарлық қорғаныш және өзге де қорғаныш аймақтары белгіленеді
Санитарлық және қорғаныш аумақтарының нормативтері, олардың мақсаттары мен міндеттерінің сипатымен анықталады. Бұл аумақтар өзара байланысты 2 түрлі функция (кызмет) атқарады - қорғау және сауықтыру.
Осы көзқарас бойынша бұл аймақтардың қатарына санитарлық қорғаныш, санитарлық-корғаныш, сауықтыру, корықтар мен ұлттық табиғи парктер айналасындағы корғаныстар, үлкен қала айналасындағы жасыл аймақтар, экологиялық апат аймағы, төтенше экологиялық жағдай, Чернобыль апат аймақтары жатады
1.Қоршаған орта табиғат сапасы
Қоршаған ортаны корғау туралы заңының 1 бабында коршаған ортаның сапасы -- қоршаған ортанын құрамы мен қасиеттерінін сипаттамасы деп көрсетілген
Табиғи қоршаған ортаның сапасына экологиялык жүйенің үнемі және тұрақты, табиғат пен адам арасындағы зат және энергия алмасу процесін қамтамасыз етуді және өмірді калпына келтіруді жатқызамыз. Табиғат сапасы табиғаттың өзімен өзін реттеу және өзін зиянды заттардан тазарту арқылы қамтамасыз етіледі. Табиғаттың өндірістік циклі ауытқымайтын процесс принципінде құрылған. Ол бойынша соңғы берілген өнім, келесі циклдегі өнімнің шикізаты ретінде қолданылады Адам өңдірісі табиғат өндірісіне қарағанда қалдық технологиясында құрылған. Аздаған процентте өндірілетін соңғы өнім, келесі циклге шығуына кызмет етпей, қалдыққа жіберіледі. Табиғи ортаға
адамзат өндірісінің әсері, адмның өзі тұратын ортаның сапасын реттеу туралы көптеген сұрақ қойылады. Қоршаған ортаның сапасын нормалау экологиялық кауіпсіздікке және халықтың денсаулығын қорғауға кепілдік беретін, қоршаған ортаның ластануына жол берілмеуін табиғи ресурстардың толықтырылуы мен ұтымды пайдаланылуын қамтамасыз ететіп қоршаған ортаға ықпал етудің ғылыми негізделген шекті жол берілетін нормаларың белгілеу мақсатын көздейді Қоршаған табиғи ортаға әсер ету шаралары норма болып табылады. Шекті мөлшердегі норма деп қоршаған табиғи ортаға әсер етудің шекті мөлшердегі нормасын айтамыз
Әсер ету дегеніміз табиғи ортаға физикалық, химиялық, биологиялық өзгерістер енгізетін адамның экономикалық рекреациялық, мәдени мүдделерін жүзеге асырумен байланысты антропогендік қызмет. Табиғи ортаға теріс әсердің ең көп тараған түрі -- қоршаған табиғи ортаны ластау болып табылады
Қоршаған ортаны қорғау туралы занда қоршаған ортаны нормалаудың негізгі міндеттері көрсетілген, олар;
1) қоршаған орта сапасының өлшемдерін белгілеу және оның адам денсаулығына, табиғи
ресурстарды корғауға, толықтыруға және ұйымды пайдалануға ықпалын анықтау;
2) қоршаған ортаға зиянды әсердің жол берілетін шекті шамалары мен деңгейлерін белгілеу кіреді. Қоршаған орта сапасының белгіленген нормативтерін асыра көрсетуге немесе оларды уақытша және төмендетілген нормалармен алмастыруға жол берілмейді.
Нормативтер шамаларын аумақтардың нақты экологиялық жағдайына байланысыты қатаңдату жағына қарай өзгертуге жол беріледі. Қоршаған орта сапасының бектілген нормативтері барлық заңды және жеке тұлғалар үшін міндетті болып табылады, жариялану және және еркін таратылу тиіс. Сонымен қатар, заңда қоршалған орта сапасын нормалаудың негізгі түрлері көрсетілген, олар
1) қоршаған ортада зиянды заттардың жол беруге болатын шеткі мөлшерде шоғырлану
нормативтері;
2) қоршаған ортаға ластайтын заттың жол беруге болатын шеткі мөлшерде шығарылуы және
тасталу нормативтері;
3) шудың, тербелістің, магнит өрісі мен шеткі деңгейінің нормативтері;
4) радиякциялық әсердің жол беруге болатын шекті деңгейінің нормативтері;
5) агрохимикаттарды ауыл шаруашылығы мен орман шаруашылығында қолданудың жол беруге болатын шеткі нормалары;
6) қорғау, санитарлық-қорғаныш және де қорғаныш аймақтарының нормативтері
Достарыңызбен бөлісу: |