Құрамы ұқсас сөздер. Вариант құбылысын әдеби норма қырынан қарастырар болсақ, вариантты сөздер қолданылу аясында



Pdf көрінісі
Дата11.05.2023
өлшемі90,77 Kb.
#91888
түріҚұрамы
Байланысты:
Есқазина Аида срсп



Вариантты
сөздер
Орындаған:Есқазина Аида
қтә-202


Вариантты сөздер — ұқсас тілдік бірліктердің
жарыспа қатарлары немесе лексикалық
бірлігінде өзгешелігі жоқ, бірақ морфемдік
құрамы ұқсас сөздер. Вариант құбылысын
әдеби норма қырынан қарастырар болсақ,
вариантты сөздер қолданылу аясында
синоним сияқты өзгеріске ұшырамайды. 


2.Фонетикалық вариант дегеніміз дыбыстық
құрылымы әртүрлі болып келетін бір сөз:
ештеме / ештеңе / ештеңке; сөйтіп /сүйтіп.
1.Морфологиялық варианттар – түбірлері
сақталып, тек қосымшалары ғана әртүрлі болып
келетін сөз варианттары жатады: даяр /дайын;
тырысқақ / тырыспа (ауру аты) т.б.
Түрлері:


3.Грамматикалық вариант түбір сөзге қосымша
қосылу арқылы, екі түбір сөздің бірігуі немесе
қосарлануы арқылы жасалған сөз варианттарын
жатқызамыз. Мысалы: інжу /інжугүл / ландыш;
боз/ бозаң / бозшөп.
4. Лексикалық мағынасы бірдей, бірақ тұлғалары
мүлде бөлек сөздерді лексикалық вариант дейміз,
олар әртүрлі түбірлерден жасалады. Мысалы:
құлақшын / малақай т.б.


Лексикалық варианттар мынадай жолдар
арқылы пайда болады:
3) Кірме сөздер бұрыннан бар
атаулармен жарыса қолданылады;
құдай (парсы) / алла (араб) /тәңір (қаз)
т.б.
1) Әртүрлі мотивке (уәжге)
байланысты қалыптасқан
варианттар: жолжелкен (уәжі-өсетін
жері) /мыңтамыр (тамырының
көптігі) / қызылтамыр (түсі) /
қырықбуын (буын саны).
2) Шығу көзі
әртүрлі болып
келеді: қауын
(әдеб) /діңке
(жерг.) т.б.


Н.Уәли варианттардың
төмендегідей түрлері мен типтерін
беріп, оларды саралаудың
жолдарын көрсетеді: 
1. Дыбыстық ықпалдасудың барысында пайда болған варианттар.
(бұны/мұны, бағана/мана, сүйінші/шүйінші т.б.) 
2. Ықшамдалу үрдісімен байланысты варианттар (әлгінде – әлгіде,
кейіннен – кейін, мынандай – мынадай). 
3. Универбтену үрдісімен байланысты варианттар. Қазіргі қазақ
тілінде көп, әсіре, бір тәрізді лексемалар бірде бөлек, бірде бірге
таңбаланады: көп балалы – көпбалалы (отбасы), бір жақты –
біржақты (шешім); жек көру – жеккөру (жеккөрушілік), орыс тілді –
орыстілді; қазақ тілді – қазақтілді, көп үнділік – көпүнділік т.б. бұлар
біріккен нұсқалы басым сыңар деп аталады. 
4. Қате қолданылатын дағдыға айналған варианттар: құсбегі –
құсбегіші, аттестаттау – аттестациялау, бітімгер – бітімгерші. 


Варианттылық
құбылысын динамикалық
қасиетімен,
семантикалық,
функционалдық тұрғыдан
саралану үрдісімен
байланысты екі типке
бөліп қарастырады: 
1. Семантикалық жақтан
саралану фазасындағы
варианттар: Тамақ/тағам –
тамақ (тамақ ішті), тағам (тағам
әзірледі); арнаулы/арнайы –
арнаулы (арнаулы оқу орыны),
арнайы (арнайы келді);
2. Функционалдық жақтан
саралану фазасындағы
варианттар: Болып/боп –
болып (бейтарап) – боп (сөйлеу
тілі), тең жарымы/ тең
жартысы – тең жартысы
(бейтарап), тең жарымы (сөйл.),
келді білем/келген болу керек –
келді (бейтарап). 


Әдеби-диалектілік варианттар: нағашы —
таға, құдаги — құдағай, себеп — сәбеп, кесе
— кәсе, балуан — палуан, маңдай— маңлай,
тундік — туңлік, асылы — әсілі, егер — әгәр
— әгәрки, әгәрәкім т.б. Бұл сияқты
варианттардың кейбірінін әдеби нұсқалары
әлі анықтауды қажет етеді. Сөз
варианттарын синонимдермен
шатастырмау керек, олардың
синонимдерден айырмасы — шыққан
тегінің бір екендігінде.


Зерттелуі:
Қазақ тіл білімінде варианттылық мəселесін Қ.Жұбанов,
Ə.Болғанбаев, М.Балақаев, И.Қ.Ұйықбаев, С.Бизақов,
К.Аханов, Ш.Ш.Сарыбаев, Х.Нұрмұқанов сынды ғалымдар
зерттеген.
Ə.Болғанбаев: «Сөз варианттары дегеніміз —
дыбысталуы мен мағынасы бір-біріне жақын, тілде
жарыса қолданылатын, шыққан тегі бір сөздер.


Қ.Жұбанов 1929 ж. 2–4 маусымында Қызылорда
қаласында өткізілген ғылыми-терминологиялық
конференцияда шылаулардың варианттары жөнінде
айтқан.
Ғалым 1935 ж. жазған «К пересмотру казахской
орфографии» деген мақаласында жарысып айтылып,
жазылып жүрген мына сөздерді атап көрсеткен: асыра-
асра; Ақымет-Ақмет; көбірек – көбрек; ру – ұру; рет –
ірет; Абыралы – Абралы; жəне – жəнə – жана; ешкім –
ішкім; едеуір – əдəуір– нəдəуір; қарқын – қарғын;
шыймай – шіймай – шыжбай; кіріпіш – керпіш – кербіс;
бійбастақ –бейбастақ – бей-бастақ; жəнтік – жəндік;
шыныра – шінара – ішінара; саржан – шажын 


И.Қ.Ұйықбаев 1976 ж. шыққан «Қазіргі қазақ
тіліндегі варианттылық проблемасы» деген
еңбегінде қазақ тілі мəдениетіндегі өзекті
мəселелерінің бірі — өз варианттары
проблемасын зерттейді.
И.Қ.Ұйықбаев сөз варианттарын: «лексикалық-
семантикалық дублеттер, морфологиялық
варианттар, синтаксистік жəне стильдік
варианттар, орфоэпиялық жəне
орфографиялық варианттар» деп бөлген


Пайдаланылған
әдебиеттер:
1)https://articlekz.com/k
k/article/16153
2)https://resmihat.kz/do
cuments/download/486
3)БИЗАҚОВ С. ВАРИАНТ
СӨЗДЕР СӨЗДIГI
АЛМАТЫ, 1995ж 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет