СУСПЕНЗИЯЛАР.
ЖІКТЕЛУІ. САПАСЫН
БАҒАЛАУ
Орындаған: Таңатар Айкөркем
Тобы: ТФП20-013
Суспензия —
қатты дисперстік фазаның сұйық
дисперстік ортада таралған
микрогетерогенді система.
Ондағы қатты бөлшектердің өлшемі
0,1 мкм<г<10 мкм. Егер
бөлшектердің дисперстік дəрежесі
төмен болса, онда оның радиусы
үлкейіп, тұрақтылығы төмендейді
де тез тұнбаға шөгеді.
Суспензиялардың дисперстілігін
микроскоп, электронды микроскоп
сияқты оптикалық немесе
седиментациялық анализ көмегімен
анықтауға болады.
Құрамына жəне дайындау тəсіліне байланысты
суспензиялар
•
Ірі суспензиялар
(бөлшектерінің өлщемдері 1-100мкм
аралығында)
•
Майда суспензиялар
(бөлшектерінің өлшемдері 0.1-1 мкм
аралығында)
•
Суспензиялар да коллоидты ерітінділер сияқты конденсациялық немесе
дисперсиялық тəсіл арқылы алынады. Осы процесс кезінде алынатын бөлшекті
дисперстілік дəрежесі қажетті шекте болатындай етіп жүргізеді. Сондай-ақ,
суспензиялар да коллоидты ерітінділер тəрізді өзінен өтетін жарықты шашыратады
жəне жұтады, осы тұста ескертетін жай, жарық өткен коллоидты ерітінді мөлдір
болып көрінеді. Оның электрокинетикалық қасиеттері коллоидты ерітіндінікіне ұқсас
келеді. Сол секілді суспензиядағы бөлшектердің дзета-по-тенциалы зольдегімен
шамалас. Егер суспензияға электролит енгізсе, онда онын ұю құбылысы байқалады.
Кейбір жағдайда суспензияға беттік активті заттар немесе жоғары молекулалық
қосылыстарды қосу арқылы оны тұрақтандыруга болады. Мұнда тиксотропия
құбылысы коллоидты ерітіндідегіден гөрі артық.
Артықшылығы:
•
Суспензия түрінде еріткіштерде
ерімейтін дəрілік заттарды босатуға
болады, əсер ету эффективтілігі
юойынша суспензиялар ерітінділер мен
майда ұнтақтар арасындан орын алады.
•
Ұнтақтармен салыстырғанда
суспензиялардағы бөлшектердің
жоғары дисперстілігінен дəрілік заттар
тез терапевттік əсер көрсетеді.
•
Суспензиялардың табиғаттағы алар орны ерекше. Айталық гео-логиядағы жəне жер
қыртысындағы көптеген процестер суспензия құбылысымен байланысты: седиментациялық
құбылыс салдарынан таутастан түрлі жыныстардың пайда болуы, əзен сулары арнасы-нан
асқанда олар өзімен бірге көптеген сазды балшық пен құмды, қоқысты сыртқа шығарады
жəне олар қоюлана келіп, қатты дене-ге айналады. Сол сияқты суспензиялар техникада да
үлкен роль атқарады. Мысалы, табиғи не синтетикалық каучуктен резина алу үшін əуелі
күкірттің каучуктегі суспензиясын дайындау керек; түр-лі құрылыс жəне баспа бояулары
олифа майында не органикалық еріткіштерде тұрақталған суспензия. Ал құрылыста жиі
қолданы-латын цемент пен ізбестің судағы “ерітінділері” де суспензия; саз балшықтын
судағы суспензиясы керамика өндірісінін, негізгі шикі-заты.
•
10>
Достарыңызбен бөлісу: |