Құран оқушыға берілетін 10 сый!



Pdf көрінісі
Дата11.12.2023
өлшемі2,31 Mb.
#137323
Байланысты:
10 сый



Құран оқушыға
берілетін 10 сый!
КІТАПША


1
Қиямет күні Құран оны оқығанға шапағатшы 
болады. «Құранды оқыңдар, ақиқатында, 
Қиямет күні ол оны оқығандарға шапағатшы 
болады!» (Мүслим).
«Қиямет күні Құран былай айтады:«Уа, Алла, 
Құран оқығанды безендірші!», сонда сол 
адамға құрмет тәжі кидіріледі. Сосын Құран 
қайтадан: «Уа, Алла, оны киіндірші!», - дейді. 
Оған құрмет киімі кидіріледі. Содан кейін Құран: 
«Уа, Алла, оған разы болшы!», - дейді, оған 
разы болысады. Сосын Құран оқыған адамға: 
«Оқы да дәрежеңді көтер», - делініп, оның әрбір 
оқыған аятына сый қосылады!» (Тирмизи).


2
Жұмақтағы адамның мәртебесі - оның 
Құраннан қанша аят жаттағанына байланысты 
болады.
«Құранды білгенге былай айтылады: «Оқы, 
көтеріл де бұл өмірде жасағаныңдай сөздерді 
анық айт, расында, сенің орның сенің соңғы 
оқыған аятыңа сай болады» (Ахмад).


3
Құранның әрбір әрпі үшін он есе сый бар.
«Кімде-кім Құранның бір әрпін оқыса, оған бір 
жақсы амал жазылады, ал бір жақсы амал үшін 
он есе сауап беріледі, мен «Әлиф, Ләм, Мим» – 
бір әріп деп тұрған жоқпын, Әлиф – бір әріп, 
Ләм – бір әріп және Мим – бір әріп» (Бұхари).


4
Қателесіп оқығаны үшін – екі сауап.
«Құранды шебер оқуға машықтанған жан 
Құранды жазуға тағайындалған мәртебелі 
періштелермен бірге болады. Ал Құранды 
оқығанда кекештеніп қиналса, екі сауап 
алады» (Мүслим).


5
Құран оқуда Аллаға деген сүйіспеншілік 
жатыр.
«Кімде-кімді Алла мен Оның Елшісі жақсы 
көреді деген сөз қуантар болса, онда Құранды 
мусхаф бойынша оқысын» (Ибн Шахин).


6
Құранды оқушылар – Алланың қалаулылары.
«Ақиқатында, Алланың жаратқандарының 
ішінде Оның қалаулылары бар!» «Олар кімдер, 
уа, Алла Елшісі?», - деп сұрағанда, ол былай 
жауап берген: «Ахлюл-Құран (Құранды оқып-
танушылар)! Міне, солар Алла мен Оның 
Елшісінің қалаулылары!» (Ахмад).


7
Құран – шексіз білім көзі.
«Кімде-кім ақиқат ілімді қаласа, Құран оқысын, 
өйткені, асылында, онда алғашқылар мен 
соңғылардың білімі бар» (Табарани).


8
Құран оқылған үй берекелі болады.
«Ақиқатында, Құран оқылған үй кеңейіп, 
періштелер келіп, шайтандар қашып, үйдің 
берекесі артады. Ақиқатында, Құран 
оқылмаған үй тарылып, періштелер қашып, 
шайтандар басып, үйдің берекесі кетеді» 
(Дарими).


9
Құранның сүрелері шайтаннан қорғайды.
«Өз үйлеріңде «Бақара» сүресін оқыңдар! 
Асылында, «Бақара» сүресі оқылған үйге 
шайтандар жоламайды» (Хаким).


10
Құран оқу - садақа бергендей. 
«Құранды дауыстап оқушы, садақаны ашық 
түрде бергендей, ал Құранды іштей оқушы, 
садақаны жасырын бергендей!»


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет