«Кітап тағдыры – қоғам тағдыры: сирек басылымдар
мен қолжазбаларды жинақтау, сақтау және зерттеу»
атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияның материалдары.
Астана.11-12 қараша, 2011 жыл
ҰРАНЫ АЛАШ ИДЕЯСЫ
Сәуле Зәрерқызы
Тұрсын Жұртбай Құдакелдіұлына бір ғана жазушы деген атақ аздық
етеді. Егер филология ғылымының докторы, профессор, Л.Н.Гумилев
атындағы Еуразия ұлттық университетіне қарасты «Отырар кітапханасы»
ғылыми орталығының директоры, танымал әдебиеттанушы десек бәлкім дөп
басармыз.
Тұрсын Құдакелдіұлы Тәуелсіздігіміздің алғашқы жылдарында 1992
жылы М.Әуезовтің «Қилы заман» және «Қараш-қараш оқиғасы»
повестеріндегі тарихи-көркемдік шындық тақырыбында диссертация жазған
болатын. Оның ғалым ретінде ізденістерінің ішінде бұл туындысының да
шоқтығы биік. Жалпы, Абайдың айналасындағы әлемді, Мұхтардай дара
тұлғаның шығармашылығындағы тарихи мән мен шынайы өмірді
көркемдіктер ажыратып асуда профессор Тұрсынның еңбегі ерекше.Оның
шығармалары,
мұрағат
материалдары,
мақалалар,
сондай-ақ
өзге
зерттеушілер мен тікелей куәгерлердің ескірмеген естеліктері бойынша
жазылады. Бұл бүгінгі әдебиеттану ғылымына аса қажет нәрсе.
Ғалым Тұрсынның тағы бір қыры Алаш идеясын таратып, нақтылай
түсуде болса керек. Тәуелсіздікпен бірге қайта оралған тың тақырыпты ашып
көрсетуде, жұртқа жеткізуде Тұрсын Жұртбай сынды жандар қатары сирек.
Оның алашорда ұландары өмірін зерттеуі тыңға салынған түрен еді. Иісі
қазақ үшін «Алашорда» қайраткерлерінің орны ерекше. Себебі «тәуілсіз
қазақ мемлекетін құрсақ, өзге жұртпен тереземізді тең етсек, жерімізге ие
болсақ» деп сол үшін күресіп, сол үшін жанын құрбан еткен біртуар аяулы
ұлдар қазақ деген халықтың мәңгілік жадында емес пе? Ақиқатына жүгінсек,
осы уақытқа дейін, ешқандай зерттеуші, тарихшы тісі батып бара алмаған,
дұрысы көпшілігі қорқақтап, айналып өткен не болмаса мұндай құпия
құжаттарға қолы жетпеген тақырыпқа Тұрсын Жұртбай ғана келді. Бәлкім
әдебиеттану әлеміндегі ұстаздары Рымғали Нұрғалиев, С.Бегалин,
С.Машақовтың берген баталарының дарығаны болса керек.
Қайыра айтсақ, қаламы қарымды Тұрсын Жұртбайдың қолынан туған
дүниелер, әп-сәтте көнерген тарихты көз алдыңа әкелетін дәйекті дүниеге
айналып шыға келеді.Қазақтың тауқыметті тағдырын, тәуелділік пен
тәуелсіздіктің арасындағы үш жүз жыл тартқан ел қасіретін деректер арқылы
толғайтын «Бұзылған бесік...», «Бейуақ», «Бесігінді түзе!..» атты
туындылары саналы жастың қолында жүр. Елдің игілігіне жараған, ұлттық
тәуелсіздікті орнықтыру мен нығайту үшін кәдеге асқан туындылардың
авторы өз жерлесіміз Тұрсын Жұртбай екендігін мақтан тұтамыз. Ол бүгін
асқарлы 60 жасқа толып отыр
«Кітап тағдыры – қоғам тағдыры: сирек басылымдар
мен қолжазбаларды жинақтау, сақтау және зерттеу»
атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияның материалдары.
Астана.11-12 қараша, 2011 жыл
//Абай елі, 2011 жыл
.
- № 34 7-14 қыркүйек