Байланысты: ФИЗИКА ҰБТ2023 ТЕОРИЯ ЖИНАҚ 7-11сынып. Мұхамеджан Нұрболат
https://instagram.com/nurbolatmukhamedzhan?utm_medium=copy_link құрастырған: Мұхамеджан Нұрболат 174.
Электролит арқылы ток өткен кезде электродтарда заттың бөлініп шығу процесі
электролиз деп аталады.
175.
Электролит құйылған электродтары бар ыдысты
электролиттік ванна деп атайды.
176.
Ерітіндідегі оң иондарды
катиондар , ал теріс иондарды
аниондар дейді.
177.
Электролиз кезінде бөлініп шығатын заттың массасы ерітінді арқылы өтетін электр
мөлшеріне тура пропорционал.
178.
Электролиз кезінде бөлініп шыққан зат массасының заттың тегіне тәуелділігін
білдіретін пропорционалдық коэффициентін заттың
электрохимиялық эквиваленті деп атайды.
179.
Иондардың мольдік массасының олардың валенттігіне қатынасы осы иондардың
химиялық эквиваленті деп аталады.
180.
Газдың иондаушысы жоғары температура, рентген, ультракүлгін сәулелер, α-
сәулелер және т.б. болып табылатыны тағайындалды.
181.
Иондалған газдың өткізгіштігі жартылай
иондық , жартылай
электрондық болады.
182.
Газдағы мәні кернеуге тәуелсіз болатынын ток
қанығу тогы деп аталады.
183.
Тек тосын иондаушының әсерінен ғана болатын газдағы разряд
тәуелді разряд деп
аталады.
184.
Тосын ионизатордың көмегінсіз-ақ пайда болатын разрядты
тәуелсіз разряд деп
атайды.
185.
Теріс электродтың жоғары температурасында
термоэлектрондық эмиссия құбылысы пайда болады, ол газда еркін электрондар санын біршама арттырады.
186.
Газдағы
ұшқындық разряд деп тасқындық тесіп өтудің пайда болуына жеткілікті
жоғары кернеудегі разрядты айтады.
187.
Газдардағы тәжді разряд кеңістіктегі өрістің барлық жерінде емес, электродқа
немесе өткізгішке жақын және өріс кернеулігі жоғарырақ жерлерде соққымен
иондаудан пайда болады.
188.
Атомдардың не молекулаларының басым көпшілігі иондалған газ