Құрастырушы: аға оқытушы А. О



Pdf көрінісі
Дата03.03.2017
өлшемі118,75 Kb.
#5548
түріЖұмыс бағдарламасы

09

        Рабочая программа                                                                                            

            Форма

                                                                                               Ф СО

ПГУ 7.18.2/06

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті

Қазақ филологиясы кафедрасы

«Қазақ әдеби тілінің тарихы» пәні бойынша 050117 «Қазақ

тілі мен әдебиеті» мамандығының студенттеріне арналған



ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ

Павлодар

           

            

Лист утверждения                                                                                                   Форма

          к рабочей программе 

                     Ф СО ПГУ 7.18.1/06

     дисциплины, разработанной                                   

     на основании государственного

     общнобязательного стандарта 

     образования специальности и

     типовой программы

                                                                 БЕКІТІЛДІ

                                                                           ОІ жµніндегі 

проректоры

        

                                                                 

________________ Н.Э. Пфейфер  

                                                                          

«___»_____________2008ж.

Құрастырушы: аға оқытушы А.О.Кәріпжанова __________

           

Қазақ филологиясы кафедрасы

«Қазақ әдеби тілінің тарихы» пәні бойынша 

ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ

Жұмыс   бағдарламасы   050117-«Қазақ   тілі   мен   әдебиеті»

мамандығының студенттеріне арналған

Жұмыс бағдарламасы ҚР МЖМБС 3.08.267-2006 Мемлекеттік

стандарты   және   ҚР   білім   және   ғылым   министрлігінің

22.06.2006ж.,   Республикалық   жоғары   және   жоғары   оқу

орнынан кейінгі білім жөніндегі Кеңес жиналысының Хаттама

шешімімен   бекітілген   және   пайдалануға   рұқсат   етілген

типтік бағдарламасы негізінде дайындалды. 

Кафедра мәжілісінде ұсынылды.  «___»_________________2008ж. 

 №_____хаттама. 

Кафедра меңгерушісі_______________________'>_______________________ Н.Қ.Жүсіпов.

          

                                   

Филология,   журналистика   және   өнер   факультетінің

әдістемелік кеңесінде мақұлданды.

«_____»______________2008 ж. №____хаттама.

ӘК төрайымы____________________ Е.Н.Жұманқұлова. 



КЕЛІСІЛДІ

 Факультет деканы __________Ж.Т.Сарбалаев.  



«____»_____________2008 ж.

ЖӘҚБ МАҚҰЛДАДЫ

ЖӘҚБ бастығы______________А.А.Варакута  

«____»____________2008ж 

1 Пәннің мақсаты мен міндеттері

Қазақ   әдеби   тілі   тарихының   қалыптасу   және   даму

кезеңдері,   қазақ   әдеби   тілі   нормалары   мен   оның   түрлері

жөнінде   ғылыми   тұрғыдан   жүйелі   білім   беру   мақсаты   мен

міндетін көздейді.

Пәнді оқыту мақсаты

«Қазақ   әдеби   тілінің   тарихы»   пәні   болашақ   филолог

мамандарға ұлт тілінің ең жоғары даму көрсеткіші - әдеби тіл

мен   оның   жалпыхалықтық   тілімен,   ауызекі   сөйлеу   тілімен

арақатынасы   сияқты   мәселелердің   теориялық-практикалық

негізін ұғындыруға аса маңызды болып табылады.



Пәннің міндеттері:

- әдеби   тіл   ұғымы,   сипаты,   қоғамдық   қызметі,   түрлерін

ажырата білуі:

- әдеби тілдің нормаларын меңгеруі;

- әдеби   тілдің   көркем   әдебиетімен,   функционалдық

стильдермен арақатынасын ажыратуы;

- қазақ   әдеби   тілінің   қалыптасуы   және   даму   кезеңдері

жөніндегі ғылыми көзқарастармен таныс болуы.



Студенттер білуі тиіс:

- қазақ   әдеби   тілінің   қалыптасуына   негіз   болған   тарихи

арналар;

- тарихи арналар мен қазақ әдеби тіліндегі тілдік дәстүр

жалғастығы;

- қазақ әдеби тілінің қалыптасуында халықтық дәуір;

- қазақ әдеби тілінің қалыптасуында ұлттық дәуір;

- қазақ әдеби тілінің даму кезеңдері

- қазақ   әдеби   тілінің   әрбір   даму   кезеңдеріндегі   әдеби

тілдің сипаты, өзгерісі, дамуы, нормалары.



Студенттер істей білуі тиіс:

Студенттер   бұл   курсты   оқу   барысында   жинаған

білімдерін   алдағы   кәсіби   қызметінде,   ғылыми-зерттеу

жұмысында пайдаланады.



 2 Пререквезиттер:

 -   Қазақ тілінің тарихы

 -   Қазіргі қазақ тілінің стилистикасы


 -   Қазақ әдебиетінің ежелгі дәуірі

 -   Хандық дәуір әдебиеті

 -   ХІХ ғ. және ХХ ғ. бас кезіндегі әдебиет.

  

          

Тематический план                                                                                                  Форма                       

                   дисциплины                                                                                                   СО ПГУ 7.18.2/07





Пәннің мазмұны

3.1 Пәннің тақырыптық жоспары

№ 

Тақырып

Сағат саны

Дәріс

Тәжір.

С¤Ж

1

2

3

4

5

1.

Әдеби тілдің сипаты



1

1

10



2.

Қазақ   әдеби   тілінің   тарихи

негіздері

 

мен



 

даму


кезеңдері

2

2



10

3.

ХҮ-ХҮІІ ғасырлардағы қазақ



әдеби тілі

3

3



10

4.

ХҮІІІ ғ. қазақ әдеби тілі мен



ХІХ   ғ.   1-жартысындағы

қазақ әдеби тілі

3

3

10



5

ХІХ   ғ.   2-жартысындағы

қазақ әдеби тілі

ХХ   ғ.   басындағы   қазақ

әдеби тілі

3

3



10

6

ХХ ғ. 20-жылдарынан  бергі



(Кеңес   дәуіріндегі)   қазақ

әдеби тілі

3

3

10



Барлығы:  сағат

15

15

60

                                                           

    

                                           



3.2 Теориялық курс мазмұны

1-тақырып

Әдеби тіл туралы жалпы мәлімет. Әдеби тіл жайындағы

түрлі   көзқарастар,   анықтамалар.   Әдеби   тілдің   нормалық

белгілері, түрлері. Әдеби тіл нормаларының әр түрлі тарихи

кезеңдерде тұрақтылық дәрежесі мен талаптарының бірдей

еместігі.

  Әдеби   тіл   және   көркем   әдебиет   тілі,   функционалдық

стильдер.

  Әдеби тіл мен ауызекі сөйлеу тілінің өзара байланысы.

Сөйлеу   тіліне   тән   ерекшеліктер.   Сөздердің   сөйлеу   тіліндегі

синтаксистік,   морфологиялық   және   фонетикалық

ерекшеліктері. Әдеби тілдегі сөздік қор мен ауызекі сөйлеу

тіліне   тән   сөз   байлығының   бір   еместігі.   Диалектизм   мен

қарапайым   сөздердің   өзара   айырмашылығы   және   олардың

әдеби   тілге   қатысты,   стильдік   қызметі.   Диалектизм   мен

дублет сөздер (қазір-кәзір, бағана-мана, т.б.).



2-тақырып

Қазақ   халқы   –   ежелгі   түркі   тайпаларының   ұрпағы.

Сондықтан   түркі   тайпаларының   арасында   туып,   ғасырлар

бойы   ауызша   және   жазбаша   түрде   сақталып   келген

туындылар   түркі   халықтарының   көпшілігіне,   оның   ішінде

қазақ халқына ортақ екендігі.

Ежелгі   түркі   тілдері   ескеркіштері   (Орхон-Енисей   жазу

нұсқалары) мен ұйғыр жазу ескерткіштерінің тілі.

Орта   ғасыр   (Х-ХҮ   ғасырлар)   түркі   ескерткіштері   батыс

түркі   тілдерінің   ескерткіштері.   1)   «Кодекс   Куманикустың»

тілі; 2) қыпшақ тілдері (мамлюк қыпшақтарының тілі; армян

қыпшақтарының   тілі;   Қожа   Ахмет   Иассауидің   «Хикмет»

өлеңдер   жинағының   тілі,   оның  қазақ   тіліне  қатысы;  шығыс

түркі   ескерткіштері);   1)   Қараханидтер   түріктерінің   тілі;   2)

Хорезм   түріктерінің   тілі;   3)   шағатай   түріктерінің   тіліндегі

ескерткіштер.   Олардың   фонетикалық,   грамматикалық,

лексикалық сипаты.

Ауыз   әдебиетінің   үлгілерінің   тілін,   біріншіден,   олардың

пайда болу дәуіріне қарай бөліп сипаттау, екіншіден олардың

жанрлық   классификациясына   қарай   айырып   көрсету.   Ауыз

әдебиетінің   лексикалық,   морфологиялық   сипаттамасы,

көркемдеу   тәсілдері,   сөз   тіркестіру   амалдары;   проза

бөліктерінде   сөздердің   сөйлем   ішіндегі   орын   тәртібі,

құрмалас сөйлемдердің берілуі, т.б. 



Қазақ   тілі   тарихын   дәуірге   бөлу   принциптері,   әдеби

тіліміздің даму кезеңдері. Бұл жөніндегі көзқарастар. Қазақ

әдеби   тілінің   бастамасы   мен   дәуірлерге   бөлінуі   туралы

зерттеушілердің әр түрлі көзқарастарын жинақтай келгенде

қазақ әдеби тілі тарихын ХХ ғасырдан бастап, оны мынадай

дәуірлерге бөлуге болатындығы: 1) Қазақ халқының ұлттық

кезеңге дейінгі әдеби тілі. ХҮ-ХІХ ғ. екінші жартысы; 2) Қазақ

халқының ұлт болып қалыптасқан кезеңіндегі әдеби тілі ХІХ

ғ. екінші жартысынан қазіргі кезеңге дейін.

3-тақырып.

Осы   дәуірлердегі   қазақ   тілін   танытатын   үлгілер:   а)

халықтың   сөйлеу   тілі   негізіндегі;   б)   жазба   әдеби   тілі

дәстүріндегі   нұсқалар   болып   бөлінетіндігі.   Бұл   –   қазақтың

тілінің жасалып, қалыптасқан кезі.

ХҮ-ХҮІІ   ғасырлардағы   қазақ   тілін   танытатын   үлгілер.

Қазтуған   Сүйншіұлы,   Сыпыра   жырау   Сұрғалтайұлы,

Асанқайғы,   доспамбет,   Шалкиіз   Тіленшіұлы,   Жиембет,

Марғасқа,   Шобан   жыраулардың   өлең-толғау,   жырларының

лексикалық,   грамматикалық   сипаты.   Олардың   сөз

қолданысын, көркемдегіш-бейнелеу тәсілдерін ауыз әдебиеті

үлгілерімен

 

байланыстырып,



 

ұқсастықтары

 

мен


айырмашылықтарын көрсету.

Қадырғали   Жалайырдың   «Жамиғ-ат-тауарих»   (ХҮІ   ғ.)

Абулғазы

 

Баһадурдың



 

«Шежіре-түрк»

 

(ХҮІІғ.),



шығармаларының   тілін,   ХҮ-ХҮІІ   ғасырлардан   қалған   қазақ

хандарының,   тархандарының   жарлықтары   мен   әр   алуан   іс-

қағаздарының   (арыз,   мәлімдеме,   бұйрық   т.б.)   тілін   талдап,

олардың   қазақ   тіліне   қатысын   көрсету.   Бұлардағы   орта

ғасырлық   түркі   жазба   тілінің   белгілері,   қазақтың   сөйлеу

тілінен алшақтайтын тұстары.



4-тақырып

ХҮІІІ   ғ.   мен   ХІХ   ғ.   1-жартысындағы   әдеби   тіл   бірқатар

зерттеулерде   өз   алдына   жеке   кезеңдер   болып   қаралып

жүргені.   Бұл   кезеңдегі   халықтың   сөйлеу   тілі   мен   ауыз

әдебиеті   тілі   негізінде   жырлаған   ақын-жыраулардың   (Шал,

Көтеш,   Досқожа,   Ақтамберді,   Тәтіғара,   Үмбетей,   Бұқар  т.б.)

шығармалары тілінің лексикасы, морфологиялық сипаты; сөз

тіркесу амалдары, көркемдеу тәсілдері. Ақындар мектебінің

әдеби   тілі   дамуындағы   рөлі.   Қазақ   әдеби   тілі   дамуындағы

Махамбет,   Дулаттың   алатын   орны.   Олардың   шығармалары

тілінің   өзіне   дейінгі   халық   тілімен   ұштасатын   және

ерекшеленетін жерлері, өздеріне тән тілдік элементтері мен



тәсілдері.   Дулат   ақын   тіліндегі   жазба   әдеби   тілге   тән

белгілер.

ХІХ ғасырдағы қазақ хандарының, старшиналарының әр

алуан   эпистолярлық   құжаттарының   тілі.   Эпистолярлық

стильдің   ерекшеліктері.   Кеңсе   іс-қағаздары   стилінің   пайда

болуы. Патша үкіметі мен жергілікті әкімшілік орындарының

бұйрықтары,   мәлімдемелері   т.б.   қазақ   тілінде   жазылуы.

Олардың тіліндегі түркі жазба әдеби тілі дәстүрінің көрінісі,

стильдік   нышандар,   лексикалық   сипаты,   грамматикалық

ерекшеліктері,   орфографиясы.   ХІХ   ғасырдың   60-70

жылдарына   дейінгі   қазақ   әдеби   тілінің   демократтана   түсуі.

Жазба   дәстүр   мен   ауыз   екі   сөйлеу   элементтерінің   араласа

бастауы.

5-тақырып

а)   ХІХ   ғ.   2-жартысында   қазақ   тілі.   Бұл   кездегі   қазақ

қоғамының   саяси-әлеуметтік,   экономикалық   және   мәдени

өміріндегі   өзгерістер.   1867-1868   жылдардың   реформалары

бойынша   халық   ағарту   саласында   бірсыпыра   шаралардың

жүзеге асырылуы.

Қазақстанда оқу-білімнің кеңірек таралуына жағдайлар

жасалуы. Ы.Алтынсариннің ағартушылық қызметі. 

Ғасырлар   бойы   жасап   келе   жатқан   ауыз   әдебиетінің

озық   үлгілерінің   осы   дәуірде   қағазға   түсіріле   бастауы;

кейбіреулерінің бастырылып шығарылуы.

Қазақ   тілінде   алғашқы   мерзімді   баспасөздің   шығуы

«Түркістан   уалаятының   газеті»,   «Дала   уалаятының   газеті»,

«Торғай   газеті»,   «Ауыл   шаруашылық  листогі».   Қазақ   жазуы

мен әдеби тілді қалыптастыру туралы мәселелерінің көтеріле

бастауы.   Алғашқы   газеттердің   әдеби   тілімізді   дамытудағы,

публицистикалық   стильдің   қалыптасуындағы   рөлі.   Ресми

қағаздар   стилінің   әрі   қарай   дамуы.   Эпистолярлық   стильдің

пайда бола бастауы. Аударма ісінің пайда болуы және оның

қазақ әдеби тіліне тигізген әсері.

Бұл   кезеңде   бұрынғы   поэзия   тілінің   одан   әрі   дамуы.

Шөже,   Сүйінбай,   Шортанбай,   Күдері,   Біржан,   Ақан,   Мұрат,

Базар жырау т.б. шығармаларының қазақ әдеби тілінің даму

барысындағы орны.

ХІХ   ғ.   2-жартысында   қазақ   тілінің   зерттеле   бастауы,

зерттеуші   Н.И.Ильминский,   В.В.Радлов,   П.М.Мелиоранский,

В.Катаринский т.б. сіңірген еңбектері. Қазақ тілі жайындағы

алғашқы   грамматикалар.   Қазақ   тілі   материалдарын

қамтыған сөздіктер, олардың түрлері, сипаты, сапасы және

қазақ әдеби тілінің дамуына тигізген әсері.



Бұл   кездегі   әдеби   тілдің   ерекшеліктері.   Сол   тұста

айтылған   пікірлер:   орыс   ғалымдарының,   Ыбырайдың,

Абайдың   айтқандары   мен   «Дала   уалаятының»   бетінде

жарияланған мақалалар.

Ағартушы-демократтық бағыттағы адамдардың ХІХ ғ. 2-

жартысындағы қазақ әдеби тілінің дамуына тигізген игілікті

әсері. Мұны пайдалана отырып, Ыбырай мен Абайдың қазақ

әдеби   тіліміздің   жаңа   сапа-қасиетке   ие   болуы,   әрі   қарайғы

даму бағытының айқындалуы.

Қазақ   әдеби   тілін   дамытуда   Ы.Алтынсариннің   орны.

Ыбырай Алтынчсарин қара сөзінің тілі және оның поэзиядағы

сөз   тігісі.   Бұлардың   сол   кездегі   қазақ   әдеби   тілін

қалыптастырудағы   маңызы.   Қазақ   әдебиетінде   мысал

жанрының пайда бола бастауы. Осы мысал жанрының, қазақ

әдебиетінде   енді-енді   көріне   бастаған   қара   сөз   үлгілерінің

әдеби тілімізді мүсіндей түсетіндігі.

Абай   және   жаңа   дәуірдегі   қазақ   әдеби   тілі.   Абай

поэзиясының   тілі   –   қазақ   әдеби   тілінің   дамуындағы   жаңа

белес.   Абай   өлеңдерінің   тақырыптық   аясы,   сөз   қолдану

аясының   әр   тараптылығы.   Поэтикалық   шеберлік   -   әдеби

тілдің дами түсуі. Абай «Қара сөздері», оның жанрлық және

стильдік   сипаты.   әдеби   тілімізді   дамытуға   қатысы.

Лексикалық   құрамы,   бөгде   сөздер,   грамматикалық   және

фонетикалық ерекшеліктер, бұл ерекшеліктердің арғы шығу

тарихы.

Өткен ғасырдың 2 жартысында күн тәртібіне қойылған



қазақ жазу мәселесі. Ол жөніндегі пікірлер. Орыс графикасын

пайдалану жөніндегі әрекеттер. Орыс графикасымен шыққан

әдебиеттер.

Қазақ   әдеби   тілі   лексикасының   нормалану   процесі.

(барлық үлгілер мен барлық стильдер бойынша жеке топтап

алғанда),   арабизмдер   мен   фарсизмдердің   осы   кезеңдегі

қазақ   фарсизмдердің   осы   кезеңдегі   қазақ   лексикасындағы

үлесі,   актив   қолданылған   стильдер.   Орыс   тілінен,   оның

ішінде жазба әдебиет арқылы сөз ену процесі.

Грамматикалық

 

нормаланудың



 

жай-күйі:

варианттылықтың   орын   алуы,   іздену   жолындағы

ерекшеліктер,   грамматикалық  тұлға-тәсілдердің   стильдерге

қарай сараланбаған сипаты.

Бұл кездегі жазба үлгілер тіліндегі диалектизмдер мен

қарапайым сөздердің көрінісі, олардың қызметі, арасалмағы.

Қазақ   даласындағы   «кітаби»   әдебиеттің   шығуы,

таралуы, мазмұны, оның тілі – «кітаби тіл» туралы мағлұмат.

Діни әдебиет және кітаби қазақ ақындары (Әубәкір, Кердері,



Қаша-фуддин   Шаһмардан,   Нұржан   Наушабаев,   т.б.).   Діни

тақырыптағы   қисса-дастандар.   Бұлардың   тіліне   лексикасы,

морфологиясы,   орфографиясы,   және   көркемдеу   тәсілдері

тұрғысынан талдау жасау.

ә) ХХ ғасыр басындағы қазақ әдеби тілі. Бұл кезде жазба

әдебиеттің тақырыптық аясының кеңейе түскендігі. Бұл тұста

жарық көрген көркем шығармалардың тілдік ерекшеліктерін

әдеби   тіліміздің   даму,   оның   функционалдық   стильдерінің

қалыптасуы тұрғысынан алып талдау.

ХХ   ғ.   жиырмасыншы   жылдарында   А.Байтұрсынов   пен

М.Дулатовтың   көркем   сөздері   шығып   тұрған   «Қазақ»,

«Қазақстан»,   «Дұрыстық   жолы»,   «Серке»   тәрізді   газеттер

мен   «Айқап»,   «Абай»   журналдарының   бұл   ретте   қазақтың

публицистикалық

 

стильдік


 

жан-жақты

 

дамыта


бастағандығы.

Осы   кезеңде   әр   алуан   тақырыптағы   көпшілік   ғылыми

кітапшалардың   («Жамандату,   күйдіргі»-1902,   «Айал

жайында»   1903,   «Афат   яки   холера   әңгімесі»-1905)   кейбір

ресми

 

құжаттардың



 

(«Устав


 

Тургайского

сельскохозяйственного

 

общества»-1903),



 

көркем


шығармаларының   (А.С.Пушкин.   Капитан   қызы   -1903,

М.Бекинов) аударыла бастағандығы.

Әдеби

 

тіліміздің



 

көркем


 

шығарма


 

және


публицистикалық  стильдерімен   қоса,   бұл   жылдары   ғылыми

стильдің дараланып көріне бастағандығы. Публицистика мен

ғылыми әдебиеттің дами түсуіне Шәкәрімнің сіңірген еңбегі,

оның   прозалық   шығармаларының   тілі   мен   стилі.   Әдеби

тіліміздің   осы   еңбегі   осы   кездегі   (ХХ   ғ.   алғашқы

жиырмасыншы   жылындағы)   даму   дәрежесін,   оның

грамматикалық   және   лексикалық   бірізділігі   жағынан

нормалануын, саралана түскенін әр саладағы әдебиеттердің

материалы негізінде талдап көрсету.

ХХғ. Бас кезіндегі қазақ тілі мен жазуына қатысты Ахмет

Байтұрсыновтың   еңбегі,   оның   қазақтың   ұлттық   жазуына

ұғынуы,   қазақ   тілі   оқулықтарын   жазуы,   қазақ   тіл   білімінің

іргетасын   қалаудағы   қызметі.   М.Жұмабаевтың   басқа   да

кейбір қалам қайраткерлерінің қазақ тілінде әліппе және өзге

де түрлі оқулықтар жаза бастауы, олардың стилі. Қазақ тілі

мен жазуы жайындағы әлеуметтік пікірлер мен көзқарастар.



6-тақырып

Қазақ   әдеби   тілінің   әрі   қарай   дамуындағы   қоғамның

әлеуметтік,   мәдени   өміріндегі   өзгерістердің   әсері.

Жиырмасыншы   жылдардан   былай   әсіресе   көркем   әдебиет

жанрларының   қарқынды   дамуы,   олардың   әдеби   тілімізді


дамытудағы   орны.   Ж.Аймауытов,   М.Жұмабаев,   Шәкәрім,

М.Дулатов,   А.Байтұрсынов,   Б.Майлин,   С.Сейфуллин,

І.Жансүгіров,   М.Әуезов,   С.Мұқанов,   И.Байзақовтың   т.б.

прозалық,   драмалық   және   поэзиялық   шығармаларының,

публицистикалық   туындыларының   лексикасы,   көркемдеу

тәсілдері,   морфологиялық-синтаксистік   тәсілдердің   берілуі

жағынан қазақ әдеби тіліне қосқан үлесі.

  Осы   тұста   жарияланған   алғашқы   оқулықтар   мен   оқу

құралдарының,  әдестемелік  және  ғылыми  еңбектерінің  тілі.

А.Байтұрсыновтың «Әдебиет танытқышы», «Әліпби», «Сауат

ашқыш», «Тіл құрал», Ж.Аймауытовтың «Тәрбиеге жетекші»,

«Педагогика»,   С.Сейфуллиннің,   М.Әуезовтің,   С.Мұқановтың

әдебиет тарихы жөніндегі зерттеулерінің тіл ерекшеліктеріне

талдау жасау арқылы олардың қазақтың қоғамдық ғылыми

терминологиясын

 

қалыптастырудағы



 

үлес-салмағын

анықтау.

М.   Әуезов   және   қазақ   әдеби   тілі.   М.Әуезов

шығармаларындағы   мәдениеттің   үш   салада  дамыған   тілдік

көріністері.   Оның   әдеби   тілімізді   ең   алдымен   қазақтың

халықтық тіл қазынасын жан-жақты және мол қамту арқылы

байытқандығы;   бұл   ретте   қазақ   тілінің   байырғы   сөздерін,

жалпытүркілік

 

тіл



 

өрнектерін,

 

диалектизмдерді,



фразеологизмдер   мен   тұрақты   сөз   тіркестерін;   мақал-

мәтелдерді,   шешендік   нақыл   сөздерді,   дәстүрлі   көркем-

бейнелеу құралдары мен айшықты тіл құралдарын, екі мыңға

жуық   таза   түркі   антропонимдерін,   жеті   жүздей   түркі

топонимдерін,   әсіресе   екі   жарым   мыңдай   тарихи-

этнографиялық атау-терминдерді қолданғандығы.

ХХғ.   20-жылдарынан   бергі   аралықтағы   мерзімді

баспасөздің   (газеттер   мен   журналдардың),   ғылыми

әдебиеттің,   әр   түрлі   білім   салаларына   қатысты   оқулықтар

мен   оқу-құралдарының,   аударма   әдебиеттердің   әдеби

тіліміздің даму жүйесіне, нормалану процесіне тигізген әсері.

Жаңа стильдік тармақтардың пайда бола бастауы, бұрыннан

бар   стильдердің   енде   ерекше   қарқынмен   әрі   қарай   дамуы.

Қоғамдық-публицистикалық   стиль,   көркем   проза,   драма

жанрының   да   стиліне,   ғылымдық   әдебиеттердің   тіліне,

ондағы   терминдік,   сөзжасам   проблемасына   жеке-жеке

тоқталу.   Баспасөздің,   саяси   әдебиеттің   кең   етек   алуына

байланысты   қоғамдық-публицистикалық   стильдің   жаңа

сапалық   сипат   алуы,   қоғамдық-саяси   терминдердің

қалыптасу   барысындағы   алғашқы   кездегі   кейбір   ала-

құлалықтар.


20-30   жылдардағы   тіл,   әліпби,   орфографиялық

саласында жүргізілген реформалар. Олардың әдеби тілімізді

дамытудағы   маңызы.   Латын   жазуына   көшу   мәселесі.

Орфографиялық   ережелерді   жетілдіру   жолдары.   20-30

жылдардағы   қазақ   тілі   жөніндегі   зерттеулердің   жай-күйі.

Грамматикалық және лексикографиялық еңбектер, олардың

әдеби тіл нормалары бірізге келтірудегі орны.

1940   жылғы   орыс   графикасына   негізделген   жазу

жүйесін қабылдау, мұның әдеби тіліміздің сол кездегі дамуы

процесіндегі   көрінісі.   Қазақ   әдеби   тілінің   кеңестік   дәуірдегі

дамуына орыс тілінің тигізген әсер-ықпалы.

Қазақ   әдеби   тілінің   жалпы   кеңес   заманындағы

нормаларының (қалыптасу) мәселесі.

3.3Тєжірибешілік сабаќтардыњ мазм±ны

1- тақырып

Әдеби тіл сипаты.

Әдеби   тіл   нормаларының   әр   түрлі   тарихи   кезеңдерде

тұрақтылық   дәрежесі   мен   талаптадың   бірдей   еместігі.

Сөздердің   сөйлеу   тіліндегі   синтаксистік,   морфологиялық

және фонетикалық өзгешеліктері.



2- тақырып

Көне   түркі   жазба   ескерткіштерінің   қазақ   әдеби   тілін

қалыптастырудағы орны. 

1)   «Кодекс   Куманикустың   тілі»;   2)   қыпшақ   тілдері

(мамлюк   қыпшақтарының   тілі;   армян   қыпшақтарының   тілі;

Қожа   Ахмет   Иассаудің   «Хикмет»   өлеңдер   жинағының   тілі,

оның қазақ тіліне қатысы; шығыс түркі ескерткіштері).

3- тақырып 

ХҮ-ХҮІІ ғғ. қазақ әдеби тілі

Қадырғали   Жалайырдың   «Жамиғ   ат-тауарих»   (ХҮІғ.),

Абулғазы


 

Баһадурдың

 

«Шежіре-түрк»



 

(ХҮІІғ.)


шығармаларының   тілін,   ХҮ-ХҮІІ   ғасырлардан   қалған   қазақ

хандарының, тархандарының жарлықтары мен әр алуан іс-

қағаздарының   тілін   талдап   олардың   қазақ   тіліне   қатысын

көрсету


4- тақырып

ХҮІІІ ғ. қазақ әдеби тілі. Бұл кезеңдегі халықтың сөйлеу

тілі   мен   ауыз   әдебиеті   тілі   негізінде   жырлаған   ақын-

жыраулардың

 

шығармалары



 

тілінің


 

лексикасы,

морфологиялық   сипаты;   сөз   тіркесу   амалдары,   көркемдеу

тәсілдері.



ХІХ ғ. 1-жартысындағы қазақ әдеби тілі.

ХІХ   ғасырдағы   қазақ   хандарының,   старшиналарының   әр

алуан эпистолярлық құжаттарының тілі.. 

5- тақырып 

ХІХ   ғ.   2-жартысындағы   қазақ   әдеби   тілі   ХІХ   ғ.   2-

жартысындағы қазақ әдеби тілі. ХХ ғ. басындағы қазақ әдеби

тілі.


ХІХ ғасырдың 60-70 жылдарына деійнгі қазақ әдеби тілі

дәстүрінің көрінісі, стильдік нышандар, лексикалық сипаты,

грамматикалық ерекшеліктері, орфографиясы

6- тақырып

ХХ ғ. 20-жылдарынан бергі (Кеңес дәуіріндегі) қазақ 

әдеби тілі

Қазақ тілінде алғашқы мерзімді баспасөздің шығуы: 

«Түркістан уалаятының газеті», «Дала уалаятының газеті», 

«Торғай газеті», «Ауыл шаруашылық листогі».



3.4 С¤Ж мазм±ны

№ СӨЖ түрі

Есеп 

беру 


формасы

Бақылау 


түрі

Сағат 


көлемі

1 Дәріс 


сабақтарын 

өңдеу


Сабаққа 

қатысу


15(15х1) 

2 Үй 


тапсырмасы

н орындау

Жұмыс 

дәптері


Сабаққа 

қатысу


15(15х1)

3 Қосымша 

материалда

рға 


дайындық

Конспек


т

Коллоквиу

м

12

4 Семестрлік 



жұмыстарды

қорғау


Реферат Рефератт

ы қорғау


14

5 Бақылау 

шараларына

дайындық


РК1, РК2

4

Барлығы



60

Студенттерге µздігінен оќуѓа берілетін таќырыптар

1. Ы. Алтынсариннің ағартушылық қызметі.



¦сынылатын єдебиет: [4], 1-10 бет, [7], 1-15 беттер, [8] 1-

12 беттер.

2. Аударма ісінің пайда болуы және оның қазақ әдеби тіліне

тигізген әсері

¦сынылатын єдебиет: [1], 3-20 беттер; [5], 15-35 беттер.

3.     Абай   Құнанбаев   поэзиясының   тілі   –   қазақ   әдеби   тілінің

дамуындағы жаңа белес.

¦сынылатын єдебиет: [4], 23-37 беттер; [7], 39- 47 беттер.

4. 20-30 жылдардағы тіл, әліпби, орфографиялық саласында 

жүргізілген реформалар.

¦сынылатын єдебиет: [4], 55-70 бет. [13], 32-45 бет.

5.   Қазақ   әдеби   тілінің   кеңестік   дәуіріндегі   дамуына   орыс

тілінің тигізген әсер-ықпалы.

¦сынылатын єдебиет: [7], 53-77 бет, [9], 102-111беттер.



Реферат тақырыптары.

1.

Қазақ әдеби тілінің тарихын таптастыру жөніндегі



көзқарастар мен пікірлер.

2.

Қазақ әдеби тілінің қайнар көздері.



3.

Қазақ   әдеби   тілінің   дамуындағы   көне   түркі

ескерткіштер тілінің әсері.

4.

Қазақ әдеби тілінің дамуына орта ғасырлық түркі



жазба ескерткіштерінің әсері.

5.

Қазақ ауыз әдебиетінің тілі – қазақ әдеби тілінің



қайнар көздері.

6.

Ауызша   дамыған   әдеби   тілдің   лексика-



грамматикалық нормалары.

7.

ХҮ-ХҮІІІ   ғ.   қазақ   поэзиясының   тілі,   көркемдік



тәсілдер.

8.

ХҮІІІ-ХІХғ.   Бірінші   жартысындағы   әдеби   тілдің



лексика-грамматикалық сипаты.

9.

ХІХғ.   бірінші   жартысындағы   эпситолярлық



құжаттар тілі.

10.


Қазақ   әдеби   тілін   дамытудағы   Махамбет

шығармаларының алатын орны.

11.

Дулат   Бабатайұлының   қазақ   әдеби   тілін



дамытудағы орны.

12.


Алғашқы   қазақ   баспасөзінің   қалыптасуы.   Тіл

ерекшеліктері.

13.

Қазақ ұлттық жазба әдеби тілінің қалыптасуы.



14.

Әдеби   тілді   дамытудағы   Абай   шығармаларының

орны.

15.


Ұлттық   жазба   әдеби   тілді   дамытудағы

Ы.Алтынсариннің орны.



16.

Қазақ әдеби тілінің тарихындағы кітаби тіл үлгісі.

17.

ХХ ғасыр басындағы қазақ әдеби тілі



18.

Қазіргі қазақ әдеби тілінің нормалары.

19.

Қазіргі   қазақ   әдеби   тілінің   даму   бағыттары.



Мемлекеттік тіл.

Выписка из рабочего                                                                                              Форма    

                  учебного плана                                                                                          Ф СО ПГУ 7.18.1/10

                специальности(ей) 



050117   «Қазақ   тілі   мен   әдебиеті»   мамандыќтарыныњ

оќу ж±мыс жоспарынан кµшірме

Пәннің атауы Қазақ әдеби тілінің тарихы 

Оқу 


түрі

Бақылау формасы

Студент 

жұмысыны


ң көлемі

Сағаттың курс және семестр

бойынша бөлінуі

Е

м



т

.

сы



н

а

қ



К

К



ұ

м



.

Е

Г



Ж

б

а



қ

ұ



м

Барлығы


Д

ә

р



іс

Т

ә



ж

ір

и



б

е

  



  

 О

С



Ө

Ж

С



Ө

Ж

Д



ә

р

іс



Т

ә

ж



ір

и

б



е

О

С



¤

Ж

С



Ө

Ж

ж



а

л

п



ы

А

у



д

и

т



о

р

.



С

Ө

Ж



  

  

Күндізгі 



ЖОБ

негізін


де

6

9



0

3

0



6

0

 5-семестр



6- семестр

1

5



1

5

1



5

45

Күндізгі



ОКБ

негізінд


е

4

9



0

3

0



6

0

3-семестр



4-семестр

1

5



1

5

1



5

45

Қолданылатын әдебиеттер



Негізгі:  

1. Айдаров   Ғ.,   Құрышжанов   Ә.,   Томанов   М.   Көне   түркі

жазба ескерткіштерінің тілі. Алматы, 1970.

2. Аманжолов   С.А.   Вопросы   диалектологии   и   истории

қазахского языка. Алма-Ата, 1959, 1997.

3. Әбілқасымов   Б.   ХІХ   ғ.   2-жартысындағы   қазақ   әдеби

тілі. Алматы, 1982.

4. Әуезов   М.   Қазақтың   әдеби   тілі   туралы.   //   Әдебиет

және искусство. 1951, №4.

5. Балақаев М. Қазақ әдеби тілі және оның нормалары.

Алматы, 1984.

6. Балақаев   М.,   Сыздықова   Р.,   Жанпейісов   Е.   Қазақ

әдеби тілінің тарихы. Алматы, 1968. 

7. Сыздық.Р.   Абай   және   қазақтың   ұлттық   әдеби   тілі.

Алматы, 2004.


8. Исаев   С.   Қазақ   әдеби   тілінің   тарихы.   Практикалық

курс. Алматы, 2001.

9. Мұхамет-Кәрім Х. Диалектология мен қазақ әдеби тіл

тарихы мәселелері.



Ќосымша: 

10. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. 

Алматы, 1966.

11. Жұбанов Е. Қазақтың ауызекі көркем тілі. Алматы, 

1996.

12. Жанпейісов Е. М. Әуезов «Абай жолы» эпопеясының 



тілі. Алматы, 1976.

13. ХХ ғасырдағы қазақ әдеби тілі. Астана: Елорда, 



2000.

Document Outline

  • Ф СО ПГУ 7.18.2/06
  • Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
    • Павлодар
      • БЕКІТІЛДІ
        • ОІ жµніндегі проректоры
    • Қазақ филологиясы кафедрасы
    • «Қазақ әдеби тілінің тарихы» пәні бойынша
    • ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ
  • Кафедра меңгерушісі_______________________ Н.Қ.Жүсіпов.
  • ӘК төрайымы____________________ Е.Н.Жұманқұлова.
    • КЕЛІСІЛДІ
    • Факультет деканы __________Ж.Т.Сарбалаев. «____»_____________2008 ж.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет