5 – нұсқа 1. Бақытты отбасын құруға ең қажеттісін табыңдар. А) үй В) көлік С) татулық Д) үй ішіндегі заттар
2.Тұйық етістікті анықтаңдар. А) ұнау В) айтыс С) жу Д) қу
3.Зергерлік бұйымдарға жатпайтынын табыңдар. А) жүзік В) алқа С) иісмай Д) сырға
4.Демалуға ең қолайлы кез қайсы? А) көктем В) қыс С) жаз Д) күз
5.Дұрыс тәуелденген қатарды табыңдар. А) Менің демалысың. В) Оның демалысы. С) Біздің демалысым. Д) Сенің демалысы.
6.Соғым сойылғаннан кейін жасалатын тағам түрін табыңдар. А) қазақша сорпа В) палау С) қуырдақ Д) кәуап
7.Шайдың Отанын табыңдар. А) Үндістан В) Қытай С) Грузия Д) Жапония
8. Ұлттық киімнің ішінен сырт киімді табыңдар. А) кебіс В) шапан С) сәукеле Д) тақия
9.Берілген сөйлемді аяқтаңдар. Ән – көңілдің ... . А) келбеті В) әлпеті С) ажары Д) пішіні
10. Сөйлемді аяқтаңдар. 2011 жылдың 30 қаңтар мен 6 ақпан күндері ... А) алау эстафетасы ұйымдастырылды. В) Отанымызды танытты. С) Азиада ойындары өткізілді.
Д) Алматыда жасалды.
11.«Шахмат» сөзіндегі «шах» сөзінің мағынасын табыңдар А)уәзір В) хан С) әскер Д) ат
12. Ортақ етістің жұрнағын табыңдар. А) -дыр, -дір В) -ын, -ін С) -ыл, -іл Д) -ыс, -іс
13. Дүние жүзіндегі компьютерлер мен серверлер жиынтығы қалай аталады? А) компьютер В) модем С) интернет Д) электронды пошта
14. Берілген сөйлемдегі етіс түрін табыңдар. Бапкерлер ақылдасты. А) Өздік етіс В) өзгелік етіс С) ырықсыз етіс Д) ортақ етіс
15.Берілген қатардан буын үндестігіне бағынбайтын қосымшаны табыңдар. А) күйші В) өлең С) сазгер Д) ән